Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 781 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің теңгерімінен Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша жалпы ауданы 0,0619 гектар жер учаскесінде орналасқан жалпы ауданы 121,4 шаршы метр ұшуды басқару ғимараты республикалық мүлкі заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
      2. «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 222 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесінде:
      «Басқа тікұшақ жабдықтары» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-жолдар алып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады