"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 262 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 788 қаулысы

      "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 149-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нысаналы трансферттер:

      1) жұмыс берушінің жарналарын ескере отырып, жан басына қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге;

      2) жан басына қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына бір лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеуге жұмсалатын шығыстарға;

      3) 1-11-сыныптардың бір оқушысына ағымдағы қаржы жылына белгіленген кемінде нөл бүтін оннан тоғыз айлық есептік көрсеткіш есебінен оқу шығыстарын (зертханалық ыдыстар, қағаздар, химикаттар мен металдар, еңбекке оқытуға арналған материалдар, оқу тақталары және тағы сол сияқты) төлеуге;

      4) 1-11-сыныптардың бір оқушысына ағымдағы қаржы жылына белгіленген кемінде нөл бүтін оннан үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқушылардың ғылыми, спорттық және зияткерлік конкурстар мен іс-шараларға дайындалуына және қатысуына байланысты шығыстарды төлеуге;

      5) пошта және телефон байланысы қызметін төлеуге;

      6) ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды, компьютерлік және ұйымдастыру техникасын ағымдағы жөндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет көрсетуге;

      7) білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, білім беру процесінде қолданылмайтын, құндық мәні ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық еселік мөлшерінен аспайтын тауарларды сатып алуға;

      8) осы Қағидаларда көзделген шығыстарды жүргізуге байланысты банктік (қаржылық) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге пайдаланылады.

      Жалақы мен жұмыс берушінің жарналары бойынша жыл бойына қалыптасқан үнем бекітілген көлемнің үстінен оқу шығыстарын ұлғайтуға ғана пайдаланылуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады