Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның және оған Хаттаманың жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және оған Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 808 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасасуға ниет бiлдiре отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiреуiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның әкiмшiлiк бөлiмшелерiнiң, орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға, оларды алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алынған табыстарға салынатын салықтарды және кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасына немесе табыстың жеке бөлiктерiне салынатын салықтардың барлық түрлерi табыстарға салынатын салықтар деп есептеледi.
3. Осы Конвенция қолданылатын салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады:
а) Қазақстанда:
(i) корпоративтік табыс салығы; және
(іі) жеке табыс салығы;
(бұдан әрi "Қазақстан салығы" деп аталатын);
b) Ирландияда:
(і) табыс салығы;
(іі) бірыңғай әлеуметтік аударымдар;
(ііi) корпорациялардың табысына салынатын салық; және
(iv) мүлік құнының өсімінен алынатын табысқа салынатын салық
(бұдан әрi "Ирландия салығы" деп аталатын).
4. Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға да осы Конвенция қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерінің салық заңдарындағы кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
3-бап
Жалпы анықтамалар
1. Егер мәнмәтiндегіден өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшiн:
а) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екінші Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi мәнмәтiнiне қарай Қазақстанды немесе Ирландияны бiлдiредi;
b) "Қазақстан" термині Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада пайдаланылған кезде "Қазақстан" терминi өзінің заңнамасына және халықаралық құқығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзінің егемендiк құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аймақтарды қамтиды;
с) "Ирландия" термині оның шегінде Ирландия халықаралық құқыққа сәйкес өзінің егемендік құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыра алатын аумақ ретінде Арнайы экономикалық аймақ пен Құрлықтық қайраңға қатысты Ирландия заңнамасына сәйкес бар немесе арналған болуы мүмкін Ирландияның аумақтық суларынан тыс кез келген аймағын қамтиды;
d) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн білдіреді;
e) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтік құрылым ретiнде қаралатын кез келген корпоративтік құрылымды немесе кез келген ұйымды бiлдiредi;
f) "кәсіпорын" термині кез келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылады;
g) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
h) "халықаралық тасымалдау" терминi теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегі пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен кез келген тасымалдауды бiлдiредi;
і) "құзыреттi орган" терминi:
(i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
(іі) Ирландияда – Кірістер басқармасын немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
j) "ұлттық тұлға" терминi:
(i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
(іі) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңнамасының негiзiнде осындай мәртебені алған кез келген заңды тұлғаны, әріптестікті немесе қауымдастықты бiлдiредi;
k) "кәсiпкерлiк қызмет" терминi кәсiптік көрсетілетін қызметтердi және тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметтi орындауды қамтиды.
2. Уағдаласушы Мемлекет осы Конвенцияны кез келген уақытта қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер мәнмәтiндегіден өзгеше туындамаса, осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты болатын мағынаға ие болады, Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылатын салық заңнамасы бойынша кез келген мағына осы Мемлекеттiң басқа заңдары бойынша терминге берiлетiн мағынадан басым болады.
4-бап
Резидент
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жерi, тіркелген немесе инкорпорация жері, резиденттiгi, басқару орны немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да өлшемшарт негiзiнде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiреді және сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекетті және кез келген әкімшілік бөлімшені, орталық немесе жергілікті билік органын қамтиды. Алайда бұл термин осы Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа қатысты ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты тұрғынжайы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi, егер оның иелiгiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де орналасқан тұрақты тұрғынжайы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында өзiнiң иелiгiндегi тұрақты тұрғынжайы болмаса, ол өзi әдетте тұратын Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың ешқайсысында тұрмаса, ол ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады;
d) егер жеке тұлғаның резиденттiк мәртебесiн а), b), с) тармақшаларының ережелеріне сәйкес айқындау мүмкін болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, ол өзінің тиiмдi басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып саналады.
5-бап
Тұрақты мекеме
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды:
а) басқару орнын;
b) филиалды;
с) офистi;
d) фабриканы;
е) шеберхананы;
f) сауда нүктесін;
g) басқа тұлғаларға сақтау үшін орын беретін тұлғаға қатысты қойманы;
және
h) шахтаны, кенiштi, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьердi, қондырғыны, құрылысты (бұрғылау қондырғысын немесе теңіз кемесін қоса алғанда) немесе табиғи ресурстарды барлайтын, игеретін немесе өндiретiн басқа да кез келген орынды, сондай-ақ осыған байланысты бақылау қызметтерiн қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" терминi сонымен қатар:
а) 12 айдан асатын кезеңге созылатын құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісін;
b) консультациялық қызметтердi қоса алғанда, қызметшiлер немесе осындай мақсаттар үшiн резидент жалдаған басқа персонал арқылы резиденттердiң немесе қауымдасқан кәсіпорындар арқылы қызметтер көрсетуiн, егер мұндай сипаттағы қызмет Уағдаласушы Мемлекет шегiнде кез келген 12 айлық кезең ішінде 183 күннен асатын кезең немесе кезеңдер iшiнде жалғасса (осындай немесе оған байланысты жоба үшiн), қамтиды.
Осы тармақты қолдану мақсаттары үшiн:
а) егер Уағдаласушы Мемлекеттiң екінші Уағдаласушы Мемлекетте қызметін жүзеге асыратын кәсiпорны сол аймақта елеулі дәрежеде осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа кәсіпорынмен қауымдасқан болса, онда бастапқы кәсіпорын өз қызметімен бір уақытта жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда, соңғы кәсіпорынның бүкіл осындай қызметiн жүзеге асырушы деп есептелетін болады;
b) егер қатысушылардың бірі екінші қатысушының капиталын басқаруға, бақылауға немесе иелік етуіне тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса, немесе егер дәл сол тұлғалар екі кәсіпорынның капиталын да басқаруға, бақылауға немесе иелік етуге тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса, кәсіпорын басқа кәсіпорынмен қауымдасқан деп қаралады.
4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, "тұрақты мекеме" терминi:
а) құрылыстарды кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жеткiзу мақсаттары үшiн ғана күтіп-ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын басқа кәсiпорынның қайта өңдеу мақсаттары үшiн ғана күтіп-ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын тауарларды немесе бұйымдарды сатып алу немесе кәсiпорынға ақпарат жинау үшiн мақсаттары үшiн ғана
күтіп-ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана күтіп-ұстауды;
f) тұрақты қызмет орнын а) - е) тармақшаларында аталған қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру мақсатында ғана күтіп-ұстауды,
а) - е) тармақшаларында аталған осындай қызмет немесе f) тармақшасы жағдайында тұрақты қызмет орнының осындай амалдың нәтижесінде туындайтын жиынтық қызметінің дайындық немесе көмекші сипаты болған жағдайда, қамтымайды.
4.1. 4-тармақ, егер кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын дәл осы Уағдаласушы Мемлекетте осы немесе басқа орын арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және
а) осы орын немесе басқа орын осы баптың ережелеріне сәйкес кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын үшін тұрақты мекемені құрса, немесе
b) екі кәсіпорын осы орын арқылы немесе дәл осы кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын екі орын арқылы жүзеге асыратын қызмет түрлерінің амалдары нәтижесінде алынған жиынтық қызметтің дайындық немесе көмекшi сипаты болмаса,
екі кәсіпорын осы орын арқылы немесе осы кәсіпорын немесе онымен тығыз байланысты кәсіпорын екі орын арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет жалпы кәсіпкерлік қызметтің бір бөлігі болып табылатын өзара толықтыратын функцияларды білдіретін жағдайда кәсіпорын пайдаланатын немесе күтіп-ұстайтын кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орнына қолданылмайды.
5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, бірақ 6-тармақтың ережелері ескеріле отырып, егер тұлға Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорынның атынан әрекет етсе және осылайша әдетте шарттар жасасса, немесе әдетте кәсіпорын тарапынан елеулі өзгерістерсіз жасалатын келісімшарттарды жасасуда басты рөл атқарса, және бұл келісімшарттар:
а) кәсіпорынның атынан, немесе
b) меншік құқығын беру үшін, немесе осы кәсіпорынға тиесілі немесе кәсіпорынның пайдалану құқығы бар мүлікті пайдалану құқығын беру үшін, немесе
с) осы кәсіпорынның қызмет көрсетуі үшін қолданылса,
осы кәсіпорын, егер осындай тұлғаның қызметі 4-тармақтың ережелеріне сәйкес тіпті қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырылғанда да бұл қызметтің тұрақты орнын тұрақты мекемеге айналдырмайтын аталған тармақта айтылған қызмет түрлерімен шектелмесе ғана, осы тұлға кәсіпорын үшін жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты осы Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қаралады.
6. а) егер Уағдаласушы Мемлекетте екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны атынан әрекет ететін тұлға бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте тәуелсіз агент ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзінің әдеттегі қызметі шеңберінде кәсіпорын атынан әрекет етсе, 5-тармақ қолданылмайды. Алайда, егер тұлға тек ол тығыз өзара байланысты бір немесе бірнеше кәсіпорын атынан немесе тек қана соның атынан дерлік әрекет етсе, бұл тұлға кез келген осындай кәсіпорынға қатысты осы тармақтың мәні шегінде тәуелсіз агент ретінде қаралмауға тиіс.
b) Осы баптың мақсаттары үшін егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайлардың негізінде бірі екіншісін бақылайтын болса немесе екеуі де сол тұлғалардың немесе кәсіпорындардың бақылауында болса, тұлға кәсіпорынмен тығыз байланысты болып табылады. Егер біреуінің екіншісінде тікелей немесе жанама 50 пайыздан аса бенефициарлық қатысу үлесі болса (немесе, компания жағдайында, жиынтық дауыс берудің және компания акциялары құнының немесе компания капиталында бенефициарлық қатысу үлесінің 50 пайыздан астамы) немесе егер басқа тұлғаның тұлғада және кәсіпорында тікелей немесе жанама 50 пайыздан аса бенефициарлық қатысу үлесі болса (немесе, компания жағдайында, жиынтық дауыс берудің және компания акциялары құнының немесе компанияда бенефициарлық қатысу үлесінің 50 пайыздан астамы), кез келген жағдайда да тұлға кәсіпорынмен тығыз байланысты ретінде қаралуға тиіс.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын (не тұрақты мекеме арқылы не өзге жолмен) компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы фактісі өздігімен осы компаниялардың бiрін екiншiсiнiң тұрақты мекемесіне айналдырмайды.
6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар
1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табыстарға (ауыл немесе орман шаруашылығынан алынатын табысты қоса алғанда) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша айқындалады. Мұндай термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншiгiне қатысты заңнаманың ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктын және минералдық шикiзат кен орнын, көздерiн және басқа да табиғи ресурстарды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе тiркелген төлемдерге құқықтарды немесе игеру құқығын қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қаралмайды.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа да қолданылады.
7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайда
1. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмаса ғана, кәсiпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда айтылғандай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасына екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, бiрақ тек осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiне ғана салық салынуы мүмкiн.
2. 3-тармақтың ережелерi ескеріле отырып, егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте, егер ол оқшау және дербес кәсiпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысса және өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет жасаса, оның алуы мүмкiн пайда осындай тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде олардың тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару шығыстарын және жалпы әкiмшiлiк шығыстарды қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды шегеруге жол берiледi.
4. Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге қатысты пайданы кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын оның әртүрлі бөлімшелеріне пропорционалды бөлу негізінде айқындау әдеттегі практика болып табылғандықтан, осы баптың 2-тармағында ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке салық салынатын пайданы практикада қолданып жүргендей, осындай бөлу арқылы айқындауға кедергі келтірмейді, алайда таңдалған бөлу әдісі осы баптың қағидаттарына сәйкес келетін нәтижелер беруге тиіс.
5. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарларды немесе бұйымдарды қарапайым сатып алуы негiзiнде осындай тұрақты мекемеге ешқандай пайда жатқызылмайды.
6. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда, егер оны өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себеп болмаса ғана, жыл сайын нақ сол бір әдіспен айқындалады.
7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке қаралатын табыстардың түрлерiн қамтыса, онда осы баптың ережелерi осындай баптардың ережелерiн қозғамайды.
8-бап
Халықаралық тасымалдаудан түсетін пайда
1. Бір Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорнының теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан түсетін пайдасына сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауларда пайдаланудан алынған пайда:
а) егер мұндай теңіз және әуе кемелері халықаралық тасымалдауларда пайдаланылатын болса, не егер жалға беруден алынған пайда негізгі пайда болып табылмаса және 1-тармақта сипатталғандай салық салынса, теңiз немесе әуе кемелерін жалға беруден және
b) әуе кемелерінің қозғалтқыштарын жалға беруден алынған пайданы қамтиды.
3. 1-тармақтың ережелерi көлік құралдарын пайдалану жөніндегі пулға, бiрлескен кәсiпкерлік қызметке немесе халықаралық ұйымға қатысудан түсетін пайдаға да қолданылады.
9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар
1. Егер:
а) бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) нақ сол бір тұлғалар бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталдарына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қарым-қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе белгіленсе, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осындай жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда мұндай кәсiпорынның пайдасына қосылуы мүмкін және тиiсiнше оған салық салынуы мүмкiн.
2. Егер бір Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосса әрi тиiсiнше оған салық салса және осылайша қосылған пайда бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелетiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасындағы шарттар тәуелсiз тұлғалардың арасындағыдай болса, онда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет осындай пайдадан есептелген салық сомасына тиiстi түзету жасайды. Мұндай түзетудi айқындау кезiнде осы Конвенцияның басқа да ережелерi ескерiлуге тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған кезде бiр-бiрiне консультация беруге тиiс.
10-бап
Дивидендтер
1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын және іс жүзінде екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің меншігінде болатын компания төлейтін дивидендтерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, резидентi дивидендтер төлейтiн компания болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық:
а) егер нақты иесi дивидендтердi төлейтiн компания капиталының кемiнде 25 пайызына тiкелей иелiк ететiн (әріптестіктен өзге) компания болса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 пайызынан;
b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының
15 пайызынан аспауға тиiс.
Осы тармақтың ережелерi компанияның дивидендтер төленетiн пайдасына салық салуды қозғамайды.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания төлейтін дивидендтерге, егер дивидендтердің нақты иесі:
а) Қазақстанда:
(і) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;
(іі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; немесе
(ііі) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін, Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме;
b) Ирландияда:
(і) Ирландия Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;
(іі) Ирландия Орталық банкі;
(ііі) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін, Ирландия Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме болып табылса, екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан немесе борыштық талаптар болып табылмайтын басқа да құқықтардан, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлуші компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты дәл сондай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын, дивидендтердiң нақты иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып табылатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және өзіне қатысты дивидендтер төленетін қатысу шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
6. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, онда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет мұндай дивидендтер осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн қатысу осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен шын мәнiнде байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, осындай компания төлейтiн дивидендтерден кез келген салықты алмауы мүмкін және егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен немесе iшiнара осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын пайдадан немесе табыстан құралса да, компанияның бөлiнбеген пайдасынан бөлiнбеген пайда салығы алынбауы мүмкін.
7. Осы Конвенцияда ештеңе де Уағдаласушы Мемлекетке осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті болып табылатын компанияның пайдасына есептелуi мүмкін салыққа қосымша, осылайша есептелген кез келген қосымша салық осындай пайда сомасының 5 пайызынан аспайтын жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге жататын компанияның пайдасына арнайы салық салуға кедергі келтіретін ретінде түсіндірілмейді. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда тұрақты мекеме орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте алынатын, осы тармақта аталған қосымша салықтан өзге барлық салықтарды одан шегерiп тастағаннан кейiн айқындалады.
11-бап
Пайыздар
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын нақты иесіне тиесілі пайыздарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай пайыздарға олар пайда болатын сол Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер пайыздардың нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания төлейтiн пайыздарға, егер пайыздардың нақты иесі:
а) Қазақстанда:
(і) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;
(іі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; немесе
(ііі) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме;
b) Ирландияда:
(і) Ирландия Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;
(іі) Ирландия Орталық банкі;
(ііі) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында мезгіл-мезгіл келісілуі мүмкін Ирландия Үкіметіне толығымен тиесілі кез келген мекеме болып табылса, тек екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. "Пайыздар" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген және борышкердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн кез келген түрдегі борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтiк/мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осындай бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, сондай-ақ осындай табыстар пайда болатын, бірақ 10-бапқа сәйкес дивидендтер ретінде қаралатын табыстың кез келген түрін қамтымайтын Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес қарыздан алынған табыс ретінде қаралатын барлық басқа табыстарды бiлдiредi.
5. Егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың нақты иесi пайыздар пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы сонда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыштық талап шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер пайыздарды төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты пайыздар төлеу міндеттемесі пайда болған тұрақты мекемесі болса және тұрақты мекеме осындай пайыздар бойынша шығыстарды көтеретiн болса, онда мұндай пайыздар осындай тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған деп есептеледi.
7. Егер төлеушi мен нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебiнен оның негiзiнде төленетiн борыштық талапқа қатысты пайыздардың сомасы төлеушi мен олардың нақты иесi арасында осындай қатынастар болмаған кезде келiсiле алатындай сомадан асатын болса, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердің асып кеткен бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерi ескеріле отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.
12-бап
Роялти
1. Бір Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын нақты иесіне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда мұндай роялтиге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер роялтидiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кинематографиялық фильмдердi және лентадағы немесе радио немесе телевизиялық хабар тарату немесе басқа тарату немесе беру құралдары үшін пайдаланылатын басқа да тасығыштардағы жазбаларды қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылыми жұмыс шығармаларына, кез келген патентке, сауда таңбасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң кез келген түрiн және өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықты пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн төлемдерді бiлдiредi.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң нақты иесi роялти пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметті сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса және өзiне қатысты роялти төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялтиді төлеуші тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты роялти төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi болса және мұндай роялти бойынша шығыстарды тұрақты мекеме көтеретін болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледі.
6. Егер төлеушi мен нақты иесі арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болмасын басқа бір тұлғаның арасындағы ерекше қатынастар болуы себебінен олардың негізінде төленетiн пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асатын болса, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемдердiң асып кеткен бөлiгiне осы Конвенцияның басқа ережелерi ескеріле отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуға тиіс.
13-бап
Мүлік құнының өсімінен алынатын табыстар
1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта айқындалған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алған табыстарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесінiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табысқа, мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе кәсiпорынмен жиынтықта) иелiктен шығарудан алынатын табысты қоса алғанда, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Халықаралық тасымалдауда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны алған табыстарға сол Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті:
а) танымал қор биржасында бағаланатын акцияларды қоспағанда, өз құнының 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын компания капиталындағы акцияларды немесе оған салыстырмалы пайыздарды;
b) өз құнының 50 пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде екінші Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алатын әріптестегі немесе трастағы қатысу үлесін; немесе
с) өз құнын немесе құнының көп бөлігін тікелей немесе жанама түрде осындай құқықтардан алатын барлауға немесе әзірлеуге құқықтарды немесе акцияларды (немесе салыстырмалы құралдарды) иеліктен шығарудан алатын табыстарға осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
Бұл тармақта "барлауға немесе игеруге құқықтар" екінші Уағдаласушы Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау немесе игеру нәтижесінде алынатын активтерден түсетін пайыздарға немесе пайдаға құқықтарды қоса алғанда, осындай активтерге құқықтарды білдіреді.
5. 1, 2, 3 және 4-тармақтарда көзделгендегіден өзге кез келген мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табыстарға мүлiктi иелiктен шығаратын тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
6. 5-тармақтың ережелері Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын және мүлікті тікелей иеліктен шығару алдындағы бес жыл ішіндегі кез келген уақытында бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте резидент болған жеке тұлға алған кез келген мүлікті иеліктен шығарудан түскен табысқа салынатын салықты алу құқығын қозғамайды.
14-бап
Жалдамалы жұмыстан алынатын табыстар
1. 15, 17, 18 және 20-баптардың ережелерiн ескере отырып, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып істеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыға, егер жалданып жұмыс істеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып істейтін жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған осындай сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс істеуіне байланысты алған сыйақыға салық, егер:
а) алушы тиiстi салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болса; және
b) сыйақыны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жұмыс беруші төлесе немесе ол жұмыс берушінің атынан төленсе; және
с) сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жұмыс берушінің екіншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесi көтермесе, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
3. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны халықаралық тасымалдауда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында орындалатын жалданып істеген жұмысына байланысты алған сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
15-бап
Директорлардың гонорарлары
Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе оған ұқсас компания органының мүшесi ретiнде бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың гонорарларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
16-бап
Әртістер мен спортшылар
1. 7 және 14-баптардың ережелерiне қарамастан, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе телевизия әртісі немесе музыкант сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер өнер қызметкері немесе спортшы осы тұрғыдан жүзеге асыратын жеке қызметiнен алатын табыс өнер қызметкерінің немесе спортшының өзiне емес басқа тұлғаға есептелсе, мұндай табысқа 7 және 14-баптардың ережелерiне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының Уағдаласушы Мемлекетке сапары толығымен немесе едәуір дәрежеде Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де қоғамдық қорларынан немесе әкімшілік бөлімшелерінен, орталық немесе жергілікті билік органдарынан қаржыландырылса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері оның осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алынған табысына қолданылмайды. Мұндай жағдайда табысқа өнер қызметкері немесе спортшы резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
17-бап
Зейнетақылар мен аннуитеттер
1. 18-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне бұрынғы жұмысына қатысты төленетiн зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас сыйақыға және осындай резидентке төленетін кез келген аннуитетке осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. "Аннуитет" термині жеке тұлғаға белгіленген уақытта өмір бойы кезең-кезеңімен төленуге жататын не белгілі бір немесе белгіленген уақыт кезеңі ішінде міндеттемеге сәйкес осындай төлемдерді барабар және толық ақшалай немесе құндық мәнінде орнын толтыру үшін жүргізуге белгіленген соманы білдіреді.
18-бап
Мемлекеттік қызмет
1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асыратын қызметi үшiн төлейтiн қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
b) Алайда мұндай қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер қызмет екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса және екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
(i) осындай екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылса; немесе
ii) осындай қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана осындай екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болмаса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. а) 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе осындай Уағдаласушы Мемлекет құрған қорлардан немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергілікті билік органы үшін жүзеге асырған қызметі үшін төлейтін зейнетақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
b) Алайда, мұндай зейнетақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер жеке тұлға екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болып табылса, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
3. 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі, орталық немесе жергiлiктi билiк органы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметпен байланысты қызметке қатысты қызметақыларға, жалақыға, зейнетақыларға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға қолданылады.
19-бап
Студенттер немесе тағылымдамадан өтушілер
1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей келгенге дейін екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болып табылған және бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте бiлiм алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында болатын студент немесе тағылымдамадан өтуші өзiн-өзі қамтамасыз ету, бiлiм алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында алатын төлемдерге, мұндай төлемдер осы Уағдаласушы Мемлекеттен тыс жердегі көздерден жүргізілетіндіктен, осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.
2. Гранттарға, стипендиялар мен басқа да осыған ұқсас сыйақыға және 1-тармақта көрсетілмеген жалданып істейтін жұмыстан түсетін сыйақыға қатысты 1-тармақта аталған студенттің немесе тағылымдамадан өтушінің осындай оқуы немесе тағылымдамадан өтуі уақытында өзі болатын Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне берілетін салықтарға қатысты дәл сондай жеңілдіктерге, жеңілдетулерге немесе шегерімдерге құқығы бар.
20-бап
Оқытушылар, профессорлар мен зерттеушілер
1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей келер алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болып табылған және бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте негізгі мақсаты осы Уағдаласушы Мемлекеттің университетінде, колледжінде немесе басқа да танылған ғылыми-зерттеу институтында немесе басқа да жоғары білім мекемесінде оқыту, дәріс оқу немесе ғылыми зерттеу жүргізу болатын жеке тұлға осындай оқыту, дәріс оқу немесе ғылыми зерттеу жүргізу үшін алатын сыйақыға қатысты бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетке оның алғаш келген күнінен бастап екі жыл бойы осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
2. Осы баптың алдыңғы ережелері, егер зерттеу бірінші кезекте нақты адамның немесе адамдардың жеке пайдасы үшін жүргізілсе, профессор немесе оқытушы зерттеулер жүргізгені үшін алатын сыйақыға қолданылмайды.
21-бап
Басқа да табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Конвенцияның алдыңғы баптарында көзделмеген табыс түрлерiнiң пайда болу көзiне қарамастан, оларға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. 6-баптың 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табыстың нақты иесі бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола тұра, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және оларға байланысты табыс төлеу жүргiзiлген құқық немесе мүлiк iс жүзiнде осындай тұрақты мекемеге байланысты болса, 1-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелерi қолданылады.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Конвенцияның алдыңғы баптарында көзделмеген және екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын табыс түрлеріне осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
22-бап
Белгілі бір құрлықтан тыс қызметке қолданылатын басқа да қағидалар
1. Осы баптың ережелері, егер қызмет (осы Бап үшін – "тиісті қызмет") Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан теңіз түбі мен оның қойнауын және оның табиғи ресурстарын барлауға немесе игеруге байланысты құрлықтан тыс жүзеге асырылатын болса, осы Конвенцияның кез келген басқа ережелеріне қарамастан қолданылады.
2. Екінші Уағдаласушы Мемлекетте тиісті қызметті жүзеге асыратын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны осы баптың 3-тармағын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті сол Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырады деп есептеледі.
3. Кез келген 12 айлық кезеңде жалпы ұзақтығы 30 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер ішінде бір Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын тиісті қызмет сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет ретінде қаралмайды. Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін:
а) егер бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тиісті қызметті едәуір дәрежеде осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тиісті қызметпен ұқсас қызметті жүзеге асыратын екінші кәсіпорынмен байланысты жүзеге асырса, онда бастапқы кәсіпорын өз қызметімен бір уақытта жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда, соңғы кәсіпорынның барлық осындай қызметiн жүзеге асырушы деп есептелетін болады;
b) егер қатысушылардың бірі екіншісін басқаруға, бақылауға немесе капиталына иелік етуге тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса немесе егер сол тұлға екі кәсіпорынды да басқаруға, бақылауға немесе капиталына иелік етуге тікелей немесе жанама түрде қатысатын болса, кәсіпорын екінші кәсіпорынмен байланысты деп қаралады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі тиісті қызметке байланысты жалданып істейтін жұмысқа қатысты алатын қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыларға осындай міндеттер осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте құрлық жерден тыс орындалғандай бөлігінде осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
5. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті:
а) барлау немесе игеру құқықтарын; немесе
b) осындай құқықтардан өз құнын немесе құнының көп бөлігін алған акцияларды (немесе салыстырмалы құралдарды) иеліктен шығарудан алған табыстарға
осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
Бұл тармақта "барлауға немесе игеруге құқықтар" екінші Уағдаласушы Мемлекетте теңіз түбін немесе қойнауларын, немесе олардың табиғи ресурстарын барлау немесе игеру кезiнде алынатын активтердің пайыздарына немесе пайдасына құқықтарды қоса алғанда, осындай активтерге құқықтарды білдіреді.
23-бап
Қосарланған салық салуды жою
1. Қосарланған салық салу мынадай жағдайда жойылады:
а) Қазақстанда осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Ирландияда салық салынуы мүмкiн табысты алатын Қазақстан резидентiне Қазақстан осы резиденттің табыс салығынан Ирландияда төленген табыс салығына тең соманы шегеруге мүмкіндік береді.
Алайда, мұндай шегерім Қазақстанда салық салынуы мүмкін табысқа жататын шегерім берілгенге дейін есептелген табыс салығының бөлігінен аспауға тиіс.
b) Ирландияда, Ирландия заңдарының ережелеріне сәйкес Ирландия аумағынан тыс жерлерде төленуге жататын Ирландия салығынан (жалпы қағидатты қозғамайтын) шегеруге рұқсат етіледі:
(i) Қазақстан заңнамасына сай және осы Конвенцияға сәйкес тікелей немесе Қазақстандағы көздерден алынған пайдадан, табыстан немесе құн өсімінен (дивидендтерден алынатын салық дивидендтер төленетін пайдаға қатысты төлеуге жататын жағдайларды қоспағанда) шегеру арқылы төленетін Қазақстан салығы осындай салық салынған осындай пайдаға, табысқа немесе құн өсіміне есептелген Ирландия салығынан шегерілуі тиіс;
(ii) Қазақстан резиденті болып табылатын компания Ирландия резиденті болып табылатын және дивидендтер төлейтін компаниядағы дауыс беру құқығының 5 немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде бақылайтын компанияға дивиденд төлеуі жағдайында, шегеру сомасы (осы тармақтың b) (і) тармақшасына сәйкес шегерілуі мүмкін Қазақстанның кез келген салығына қосымша) компания осындай дивидендтер төленетін пайдаға қатысты төлейтін Қазақстан салығын қамтиды.
2. Егер осы Конвенцияның кез келген ережесiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi алған табыс екінші Уағдаласушы Мемлекетте салықтан босатылса, мұндай Уағдаласушы Мемлекет, дегенмен, табысының қалған сомалары бойынша салық сомасын есептеу кезінде осындай резиденттің босатылған табысын есепке алуы мүмкiн.
3. 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшін осы Конвенцияға сәйкес екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне тиесілі пайда, табыс және құн өсімі осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттегi көздерден алынатын табыстар болып есептеледі.
4. Егер осы Конвенцияның кез келген ережесіне ("ережелер") сәйкес Уағдаласушы Мемлекетте табыс немесе құн өсімі толық немесе ішінара салықтан босатылса және екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның аталған табысына немесе құн өсіміне қатысты табыстың немесе құн өсімінің барлық сомасы емес, осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке аударылған немесе сонда алынған сома салық салу объектісі болып табылса, ережелерге қарамастан, алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте осы Уағдаласушы Мемлекетке аударылған немесе онда алынған табыс немесе құн өсімі сомасының бөлігінде ғана босатылады.
24-бап
Кемсітпеу
1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, дәл сондай жағдайларда, атап айтқанда, резиденттiкке қатысты осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе онымен байланысты мiндеттемелерден өзгеше немесе едәуір ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты міндеттемеге ұшырамайды. Осы ереже 1-баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылмайтын тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ адамдар Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында да кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге дәл осындай жағдайларда, атап айтқанда, резиденттiкке қатысты тиісті Уағдаласушы Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салудан немесе онымен байланысты міндеттемелерден өзгеше немесе ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемеге ұшырамайды.
3. Бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң осыған ұқсас қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегіден қолайсыз болмауы тиiс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттi екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне салық салу мақсаттары үшiн олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасылық жағдайы негiзiнде ол өзiнiң резиденттерiне беретiн кез келген жеке салықтық жеңiлдiктер, жеңілдетулер мен шегерiмдер беруге мiндеттейтiндей болып түсіндірілмеуі тиіс.
4. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайларды қоспағанда, бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне жүргiзетiн пайыздар, роялти және басқа да төлемдер осындай резиденттің салық салынатын пайдасын анықтау мақсаттары үшiн ол алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiндей дәл сондай жағдайларда шегерiмге жатқызылуға тиiс.
5. Капиталы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олардың тiкелей немесе жанама түрде бақылауында болатын бір Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорындары алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа ұқсас кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салуға және онымен байланысты мiндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе едәуір ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген мiндеттемеге алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамайды.
6. Осы баптың ережелерi 2-баптың ережелерiне қарамастан, кез келген нысандағы және түрдегi салықтарға қолданылады.
25-бап
Өзара келісу рәсімі
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де әрекеттерi өзiн осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға алып келіп отыр немесе алып келеді деп есептесе, ол осы Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына немесе егер оның iсi 24-баптың 1-тармағының қолданылу аясына түссе, онда өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға алып келетін әрекеттер туралы алғашқы хабарлама берiлген кезден бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
2. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің құзыреттi органы, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, осы Конвенцияға сәйкес келмейтiн салық салуды болғызбау мақсатында iстi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылады. Қол жеткiзiлген кез келген келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге қарамастан орындалатын болады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Конвенцияны түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәндi өзара келiсу бойынша шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ, Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бiр-бiрiне консультация бере алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы баптың алдыңғы тармақтарына сәйкес келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады.
26-бап
Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы Конвенцияның ережелерін орындау немесе әкімшілендіру немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң немесе олардың әкімшілік бөлiмшелерiнiң, орталық немесе жергiлiктi билiк органдарының атынан салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтін шамада алынатын кез келген түрдегі және сипаттағы салықтарға қатысты ұлттық заңнаманы қолдану үшін қажетті ақпаратпен алмасады. Ақпарат алмасу 1 және 2-баптармен шектелмейді.
2. 1-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және 1-тармақта аталған салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе апелляцияларды қараумен қатар жоғарыда көрсетілгендердің барлығын қадағалаумен де айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) ғана ашылады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осындай мақсаттар үшiн ғана пайдалана алады. Олар ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде ашуы мүмкiн. Егер Уағдаласушы Мемлекет алған ақпарат екі Уағдаласушы Мемлекеттің де заңнамасына сәйкес басқа мақсаттар үшін пайдаланылуы және осындай пайдалануға рұқсат беруші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы пайдалануы мүмкін болса, жоғарыда айтылғандарға қарамастан, мұндай ақпарат басқа да мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.
3. 1 және 2-тармақтардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекетке:
а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану;
b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлендіру барысында алуға болмайтын ақпаратты беру;
с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпаратты немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (ordre public) қайшы келуi мүмкiн ақпаратты беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада түсiндiрiлмейдi.
4. Егер ақпаратты бір Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұраса, егер мұндай ақпарат тіпті осы екінші Уағдаласушы Мемлекетке өзінің жеке салықтық мақсаттары үшін талап етілмесе де, екінші Уағдаласушы Мемлекет сұралған ақпаратты жинау жөнінде шаралар қабылдайды. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 3-тармақтың шектеу аясына түседі, бірақ мұндай шектеулер Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ішкі мүдделіліктің болмауы себебінен ғана ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
5. 3-тармақтың ережелері ақпарат иеленуші болып банк, басқа қаржы мекемесі, номинал ұстаушы немесе агент немесе сенім білдірілген өкіл әрекет ететін тұлға болып табылатындығы себебінен ғана немесе ақпарат меншік құқығы берілген тұлғаға қатысты болу себебінен Уағдаласушы Мемлекетке ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде түсіндірілмейді.
27-бап
Салықтарды жинауға көмектесу
1. Уағдаласушы Мемлекеттер табыс талаптарын орындауда бiр-бiрiне көмек көрсетедi. Мұндай көмек 1 және 2-баптардың қолданылуымен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өзара келiсу бойынша осы бапты қолдану рәсiмдерiн белгiлейді.
2. Осы бапта қолданылатын "табыс талабы" терминi пайыздарды, әкiмшiлiк айыппұлдарды өндіріп алу не және осындай сомаға қатысты қамтамасыз ету шараларын қолдану жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, салық салу осы Конвенцияға немесе тараптары Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын кез келген басқа актіге қайшы келмейтiндей шамада Уағдаласушы Мемлекеттер немесе олардың әкімшілік бөлімшелері, орталық немесе жергiлiктi билiк органдары атынан алынатын кез келген түрдегi және сипаттағы салықтарға қатысты тиесiлi берешек сомасын бiлдiредi.
3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп орындауға жататын болса және ол бойынша борышкер осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес оның орындалуының алдын алмайтын тұлға болып табылса, мұндай табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының орындау мақсаттары үшін қабылданады. Мұндай табыс талабын, егер осы табыс талабы осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болып табылатындай болса, оның өз салықтарын мәжбүрлеп өндіріп алуға қолданылатын өзінің заңнамасының ережелеріне сәйкес осы екінші Уағдаласушы Мемлекет орындайтын болады.
4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабы оған қатысты осы Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң заңнамасына сәйкес оны орындау мақсатында қамтамасыз ету шараларын қолдана алатын талап болып табылса, мұндай табыс талабы осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органы қамтамасыз ету шараларын салу мақсаттары үшін қабылданады. Екінші Уағдаласушы Мемлекет, егер, тіпті, мұндай шараларды қолдану кезінде осы табыс талабы алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте мәжбүрлеп орындауға жатпайтын болса да немесе ол бойынша борышкер оның орындалуының алдын алуға құқығы бар тұлға болып табылса да, егер осы табыс талабы осы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болып табылатындай болса, мұндай табыс талабына қатысты өзiнiң заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету шараларын қолданады.
5. 3 және 4-тармақтардың ережелерiне қарамастан, 3 немесе 4-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабына осы Уағдаласушы Мемлекетте уақытша шектеулер қойылуға немесе талаптың сипатына қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес табыс талабына қолданылатын кез келген басымдықты айқындауға жатпайды. Қосымша ретiнде, 3 немесе 4-тармаққа сәйкес Уағдаласушы Мемлекет қабылдаған табыс талабының осы Уағдаласушы Мемлекетте екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес осындай табыс талабына қолданылатын басымдығы болмайды.
6. Уағдаласушы Мемлекеттiң табыс талабының болуына, заңдылығына немесе оның сомасына қатысты соттың талап қоюы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң сотында немесе басқа да әкiмшiлiк органдарында қозғалмайды.
7. Егер Уағдаласушы Мемлекет 3 немесе 4-тармаққа сәйкес сұрау салу жібергеннен кейiн және екінші Уағдаласушы Мемлекет тиiстi табыс талабын орындағанға және алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетке тиісті соманы аударғанға дейінгі кез келген уақытта тиісті табыс талабы:
а) 3-тармаққа сәйкес сұрау салынған жағдайда, алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес мәжбүрлеп орындауға жататын және ол бойынша борышкер осы Уағдаласушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның орындалуының алдын алу мүмкіндігі жоқ тұлға болып табылатын осы Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы, немесе
b) 4-тармаққа сәйкес сұрау салынған жағдайда, оған қатысты алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес оны орындау мақсатында қамтамасыз ету шараларын қолдана алатын осы Уағдаласушы Мемлекеттің табыс талабы болуы тоқтатылады,
алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыретті органы екінші Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органын осы факті туралы дереу хабардар етеді және екінші Уағдаласушы Мемлекеттің таңдауы бойынша алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекет өзінің сұрау салуын не тоқтата тұрады не кері қайтарып алады.
8. Осы баптың ережелерi Уағдаласушы Мемлекетке:
а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына және әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану;
b) мемлекеттiк саясатқа (ordre public) қайшы келетiн шараларды қолдану;
с) егер екiншi Уағдаласушы Мемлекет өз заңнамасына немесе әкiмшiлiк практикасына сәйкес қолжетімді қамтамасыз ету шараларын орындау немесе мән-жайға қарай оларды қолдану бойынша барлық тиiстi шараларды қабылдамаған болса, көмек көрсету;
d) осы Уағдаласушы Мемлекет үшін әкiмшiлiк шығындар екiншi Уағдаласушы Мемлекет алатын пайдаға мөлшерлес болмаған жағдайларда көмек көрсету міндеттемелерін жүктеу ретінде түсіндірілмейді.
28-бап
Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері
Осы Конвенцияда ештеңе де дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретiн немесе арнайы келісімдердің ережелерiне сәйкес берiлетiн салық артықшылықтарын қозғамайды.
29-бап
Жеңілдіктер алу құқығы
Осы Конвенцияның басқа ережелеріне қарамастан, егер барлық тиісті фактілер мен мән-жайлар ескеріле отырып, осы пайданы алу кез келген уағдаластықтың немесе мәміленің басты мақсаттарының бірі болды, оның нәтижесінде тікелей немесе жанама пайда әкелді деп тұжырым жасау ақылға қонымды болса, егер пайда беру бұл жағдайларда осы Конвенцияның тиісті ережелерінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болғандығы анықталмаса, осы Конвенцияға сәйкес басымдықтар табыс элементіне қатысты берілмейді.
30-бап
Күшіне енуі
1. Осы Конвенция оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Мемлекеттің орындағаны туралы хабарландыратын соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Конвенция:
а) Қазақстанда:
(і) төлем көзінен, осы Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бірінші қантарынан кейін алынған табыстардан ұсталатын салықтарға қатысты;
(іі) табысқа салынатын басқа салықтарға Конвенция күшiне енетін жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын кез келген салық кезеңі үшiн салынатын салықтарға қатысты;
b) Ирландияда:
(і) Конвенция күшiне енетін күнтiзбелiк жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын кез келген салық салынатын жыл үшін табыс салығына, бірыңғай әлеуметтік аударымдарға және мүлік құнының өсіміне салынатын салыққа қатысты;
(іі) Конвенция күшiне енетін күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын кез келген қаржы жылы үшін корпорациялардан алынатын салыққа қатысты күшіне енеді.
31-бап
Қолданылуын тоқтату
1. Осы Конвенция 5 жыл мерзімге жасалады және егер Уағдаласушы Мемлекеттердің бiрi күнтізбелік жылдың 30 маусымынан бұрын өзінің Конвенцияның қолданылуын тоқтату ниеті туралы екінші Уағдаласушы Мемлекетті дипломатиялық арналар арқылы хабардар етпесе, әрбір келесі күнтізбелік жылға автоматты түрде ұзартылатын болады.
2. Осы Конвенция:
а) Қазақстанда:
(і) төлем көзінен, қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейін алынған табыстан ұсталатын салықтарға қатысты;
(іі) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейін басталатын салық салу кезеңі үшін табысқа салынатын басқа да салықтарға қатысты;
b) Ирландияда:
(і) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтiзбелiк жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын кез келген салық салынатын жыл үшін табыс салығына, бірыңғай әлеуметтік аударымдарға және капитал құнының өсімінен алынатын салыққа қатысты;
(іі) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап немесе бiрiншi қаңтарынан кейiн басталатын кез келген қаржы жылы үшін корпорациялардан алынатын салыққа қатысты өз күшін тоқтатады.
Осыны куәландыру үшiн осыған тиісті түрде уәкiлеттiк берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.
201___жылғы __________ __________ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Қазақстан Республикасының Ирландия Үкiметi үшiн
Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 808 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға Хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жасалған күні оған қол қою сәтінде осыған тиісінше уәкілеттік берілетін төменде қол қоюшылар Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын мынадай ережелер туралы уағдаласты:
Мыналар:
1. 4-бапқа қатысты:
(i) "тіркеу немесе инкорпорация орны" термині Қазақстан жағдайында тіркеу орнын, Ирландия жағдайында инкорпорация орнын білдіреді;
(ii) Ирландияда құрылған Жалпы Шарттық Қор (ЖШҚ) Ирландия резиденті ретінде қаралмауы тиіс, салық шарты бойынша жеңілдіктер беру мақсаттары үшін қаржылай ашық болып қаралуы тиіс;
2. 7-бапқа қатысты, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы үшін қолжетімді немесе Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы оңай алатын ақпарат тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау үшін жеткіліксіз болса, пайданы айқындау 7-баптың қағидаттарына сәйкес болған жағдайда, пайда осы Уағдаласушы Мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес есептелуі мүмкін;
3. 10 және 11-баптарға қатысты, Ирландия жағдайында, Үкіметке толық тиесілі Ұлттық қазынаның қарызын басқару жөніндегі агенттік пен оның басқаруындағы органдар 10-баптың 3 b) тармағына және 11-баптың 3 b) тармағына енгізілген;
4. Осы Конвенцияда ештеңе де Уағдаласушы Мемлекеттерге 29-бапта жазылған қағидатқа сәйкес өзінің ішкі заңнамасының ережелерiн қолдануға кедергі келтірмейді, деп түсініледі.
Осыны куәландыру үшiн тиiсті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
201____жылғы ___________ _________ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің күші басым болады.
Қазақстан Республикасының Ирландия Үкiметi үшiн
Үкiметi үшiн