Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 842 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының
4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға,
порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен
стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық
және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды
қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жэне
мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке
адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

      1) "Қызылорда      қалалық      білім      бөлімінің      №      264      мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тәкей Есетовтің есімі;

      2) "Қызылорда қалалық білім бөлімінің мемлекеттік жалпы білім беру №      15 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мырзабек Дүйсеновтің есімі;

      3) "Қызылорда      қалалық      білім      бөлімінің      №      101      мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әли Мүсілімовтің есімі;

      4) "Қызылорда      қалалық      білім      бөлімінің      №      112      орта мектебі" коммуналдық мемлекетгік мекемесіне Нағима Ахмадееваның есімі;

      5) "Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі мемлекеттік
жалпы білім беру мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Серғали Толыбековтің есімі;

      6) "Жаңақорған аудандық білім бөлімінің № 168 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Исатай Әбдікәрімовтің есімі;

      7) "Сырдария       аудандық      білім      бөлімінің      №      131      орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талғат Қозыбаевтың есімі;

      8) "Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қонысбек Қазантаевтың есімі;



      9) "Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жыраулар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Көшеней Рүстембековтің есімі;

      10) "Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қармақшы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Шәмшат Төлепованың есімі;

      11) "Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Тұрмағамбет ауылының клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кэсіпорнына Қуандық Бүрлібаевтың есімі;

      12) "Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Смағұл Ысқақовтың есімі;

      13) "Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 140 казақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абылай ханның есімі;

       14) "Қармақшы аудандық білім бөлімінің № 269 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жанқожа батырдың;

      15) "Арал аудандық білім бөлімінің № 227 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекетгік мекемесіне Аманқос Мұстафаевтың есімі;

      16) "Қазалы аудандық балалар әуез мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қорқыт атаның есімі;

       17) "Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 235 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Көмекбай Қаракөзовтің есімі;

      18) "Шиелі аудандық білім бөлімінің № 228 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәймерден Бәкіровтің есімі;

      19) "Жалағаш аудандық      білім      бөлімінің      №      202      орта      мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зейнолла Жарқынбаевтың есімі;

      20) "Шиелі аудандық білім бөлімінің № 270 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ғафур Мұхамеджановтың есімі;

      21) "Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Бұдабай Қабылұлының есімі;

      22) "Қызылорда қалалық      білім      бөлімінің      №      261      орта      мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Серәлі Лапиннің есімі;

      23) "Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 197 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекетгтік мекемесіне Әбу Құдабаевтың есімі;

      24) "Қызылорда қалалық      білім      бөлімінің      №      198      орта      мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жанәбіл Нұрмановтың есімі;

      25) "Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұстахым Ықсановтың есімі;

      26) "Қызылорда облысының білім басқармасының Дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Еркін Әуелбековтің есімі;



      27) "Жаңақорған аудандық білім бөлімінің № 86 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Әділовтің есімі;

      28) "Шиелі аудандық білім бөлімінің № 40 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алма Қыраубаеваның есімі;

      29) "Арал аудандық білім бөлімінің № 62 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жарасқан Әбдірашевтің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

      1) "Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 6 К. Маркс атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 6 Мұхамедғали Сужиков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының Ақжар ауылының клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      3) "Арал қаласы әкімі аппаратының Арал қалалық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Арал қаласы әкімі аппаратының Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады