"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2017 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 860 қаулысы

      Баспасөз релизі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2017 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінен 0,45 пайыздан асырылмай бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады