Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарының мүлкін республикалық меншіктен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 914 қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарының мүлкі заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыға қосымшада көрсетілген Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарының мүлкін қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 914 қаулысына
қосымша

Республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілетін Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдары мүлкінің тізбесі

Р/с

Мүліктің атауы

Мүліктің мекенжайы

Пайдалануға берілген жылы

Өлшем бірлігі

Алаңы не үзындығы

Білім беру ұйымының атауы

1

2

3

4

5

6

7

1

Ғимарат

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Шубников көшесі, 11

1961

ш.м.

4613

"К.Э. Циолковский атындағы жалпы білім беретін № 2 орта мектеп" мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

2

Қоршау

1961

қума метр

623,3

3

Ғимарат

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Горький көшесі, 23

1968

ш.м.

5468

"Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін № 5 орта мектеп"
мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

4

Қоршау

1968

қума метр

459,8

5

Төрт қабатты ғимарат

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 6

1970

ш.м.

6750,6

"Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін № 6 орта мектеп"
мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

6

Екі қабатты ғимарат

1970

7

Қоршау

1970

қума метр

623,3

1

2

3

4

5

6

7

8

Ғимарат

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
5-шағын аудан, 11а

1985

ш.м.

9622,1

"Ю.А. Гагарин атындағы
жалпы білім беретін № 8 орта мектеп" мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

9

Жапсарлас құрылыс

1970

ш.м.

251,9

10

Қоршау

1973

қума метр

569,5

11.

Ғимарат

Қызылорда облысы,
Байқоңыр қаласы,
7-шағын аудан, 27а

1991

ш.м.

4239,3

"Жалпы білім беретін № 11 бастауыш мектеп" мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

12.

Қоршау

1967

қума метр

435


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады