Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру туралы келісімге қосымша келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсандағы № 917 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру туралы келісімге қосымша келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру туралы келісімге қосымша келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 917 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру туралы келісімге қосымша келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі "Тараптар" және жеке алғанда "Тарап" деп аталады)

      2014 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабын басшылыққа ала отырып,

      Тараптар жобаны іске асыруды аяқтау мерзімін өзгертуге және Келісімге осы Қосымша келісім (бұдан әрі – Қосымша келісім) негізінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіргенін назарға ала отырып:

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасындағы юниор компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту" жобасын іске асыру туралы келісімнің қолданылуы 2017 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылсын.

2-бап

      Осы Қосымша келісім оған екі Тарап та қол қойған сәтте күшіне енеді және екі Тарап одан туындайтын барлық міндеттемелерін орындағанға дейін қолданылатын болады.

      Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Қосымша келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар басқа нұсқаларға қарағанда артықшылыққа ие болатын ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Экономикалық ынтымақтастықжәне даму ұйымы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады