"Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 1а шағын ауданы, 11-құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, теңгерімдік құны 441239021,62 теңге (төрт жүз қырық бір миллион екі жүз отыз тоғыз мың жиырма бір теңге алпыс екі тиын), уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен ұсынылған жалпы алаңы 0,7708 гектар жер учаскесінде орналасқан, жалпы алаңы 3496,3 шаршы метр ғимаратты сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |