Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша өкілеттіктер беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 20 қаулысы.

       "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік әріптес ретінде білдіруге өкілеттік берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады