Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 597-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теңіздегі және өзендегі өткізу пункттері" деген 2-бөлімде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) теңіздегі халықаралық өткізу пункттері:
көпжақты қатынастар үшін ашық:
Ақтау | Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы |
Баутино | Маңғыстау облысы, Баутино кенті |
Құрық | Маңғыстау облысы, Құрық кенті |
".
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |