Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 47 қаулысы.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттері (ішкі істер департаменттері), қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, желілік полиция органдары (ішкі істер органдары) осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.04.2023 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
  Үкiметiнiң
  2017 жылғы 10 ақпандағы
  № 47 қаулысына
  қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрлерінің атауы

1

2

3

1.

Азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсат беру
 

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсат
 

2.

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру

заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат

3.

Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру
 

жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат
 

4.

Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру

қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат

5.

Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру
 

жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат
 

6.

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру
 

атыс тирлері (атыс орындары) мен стенділерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат
 

7.

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру

заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат

8.

Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру

заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат

9.

Заңды тұлға қызметкерлеріне қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат беру

заңды тұлға қызметкерлеріне қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат беру

10.

Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
транзиттеуге қорытынды беру
 

заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
транзиттеуге қорытынды

11.

Жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру

жеке тұлғалар азаматтық қарудың бірлі-жарым даналары мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды

12.

Жеке тұлғаларға азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру

жеке тұлғаның азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады