"Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 05.04.2018 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 24 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 171-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
  2017 жылғы 13 ақпандағы
  № 56 қаулысына
  қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2011 жылғы 21 қаңтардағы
  № 24 қаулысымен
  бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары

Кедендік төлемдердің атауы

Теңгемен ставкасы

1

2

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар

тауарға арналған декларацияның негізгі парағы үшін 25000 теңге;
тауарға арналған декларацияның әрбір қосымша парағы үшін 11000 теңге

Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар

50 км дейінгі қашықтыққа 5000 теңге,
50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 7000 теңге,
100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 11000 теңге,
200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 52000 теңге,
400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 72000 теңге,
600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 114000 теңге,
800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 155000 теңге,
1000-нан 1500 км дейінгі қашықтықта 210000 теңге,
1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 299000 теңге,
2000-нан 2500 км дейінгі қашықтықта 353000 теңге

Алдын ала шешім үшін төлем

29000 теңге
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады