"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 59 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:

      "1. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "3. Ішкі ортаны талдау – еншілес ұйымдар қызметінің нәтижелері" деген кіші бөлімде:

      4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте халықаралық даму институттарымен салыстырып, жүргізілген талдау жалпы Холдинг тобының кредит төлеу қабілеттілігі жоғары деңгейде екенін көрсетті. Осылайша, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоғырландырылған негізде борыш/капитал арақатынасы
1,7-ні құрады. Борыш деңгейін капиталға арақатынаста 7,0-ке дейін ұлғайту мүмкіндігіне негізделе отырып, тартылған қаржыландырудың қосымша көлемі 3,2 трлн. теңгені құрауы мүмкін. Бұл ретте халықаралық даму институттарының тәжірибесімен салыстыру қарыз алуды, оның ішінде мемлекеттік кепілдіктер тетіктері арқылы тарту мемлекеттік қолдау деңгейін арттыру қажеттілігі туралы айғақтайды.";

      "3. Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуының бірінші кезектегі міндеттері" деген бөлімде:

      "2. Қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру" деген кіші бөлімде:

      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2018 жылға дейін Борыш/Капитал көрсеткішін 7,0 аспайтын деңгейде ұстау. 2023 жылға Борыш/Капитал нысаналы көрсеткіші рейтингтік агенттіктердің ұсыныстарына сәйкес айқындалатын болады.";

      "5. Холдинг деңгейінде қызметтің күтілетін нәтижелері" деген бөлімде:

      Холдингтің интеграцияланған даму институты ретінде қалыптасуы үшін қойылатын міндеттерде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қарыз/Капитал

1,8

3,5-тен жоғары емес

7,0 аспайтын

-32

       ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады