Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 63 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, көмір өнеркәсібі, атом энергиясы, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, "жасыл экономиканы" дамыту мемлекеттік саясатын бақылау салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.";

      2) 15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұнай-газ, мұнай-газхимия өнеркәсібі, көмірсутегі шикізатын тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыр, электр энергетикасы, орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, көмір өнеркәсібі, атом энергиясын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, мемлекеттік экологиялық бақылау, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері, "жасыл экономиканы" дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;";

      3) 16-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) газ және газбен жабдықтау саласындағы, мұнай операцияларын жүргізу, жер қойнауын пайдалану және мұнай тасымалдау, магистральдық құбыр салаларында, электрмен жабдықтау және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау саласында, жабдықтарды жобалау, салу, оларды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады