"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 80 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2024 № 195 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнаулы (әскери) оқу мекемелерінің казармалық жағдайдағы курсанттары, тыңдаушылары;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады