"Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 128 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға үш жүз теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады