Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарына, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 145 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

      2. Тиісті мәслихаттар 2017 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

      2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит беруге бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілуін мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№145 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит берудің негізгі шарттары

      1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

      1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредит беру үшін "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысында көзделген 3000000000 (үш миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;

      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан қаражат аударылған кезден бастап есептеледі және 2019 жылғы 31 шілдеде аяқталады.

      2. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады