Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 162 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2014 жылғы 23 сәуірдегі, 2014 жылғы 4 қыркүйектегі, 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының мына мәдениет және білім беру ұйымдарына:

      1) Сайрам ауданы білім бөлімінің "№ 97 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Сұраншы батырдың есімі;

      2) Сарыағаш қаласының "№ 141 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Толыбай батырдың есімі;

      3) Шымкент қаласы білім бөлімінің "№ 87 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Абдраш Назарбековтің есімі;

      4) Түркістан қаласы білім бөлімінің "№ 20 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Расул Исетовтің есімі;

      5) Мақтаарал ауданы білім бөлімінің "№ 121 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Нәзір Төреқұловтың есімі;

      6) Жетісай қаласының "№ 122 жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

      7) Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының "Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Манап Өтебаевтың есімі;

      8) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Түркістан қаласының сазды-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Райымбек Сейтметовтің есімі;

      9) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының "Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – "Отырар" атауы берілсін.

      2. Мынадай білім беру мекемелері:

      1) Сайрам ауданы білім бөлімінің "№ 77 Хамза атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам ауданы білім бөлімінің "№ 77 Тұран жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

      2) Сайрам ауданы білім бөлімінің "№ 61 Г. Титов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам ауданы білім бөлімінің "Сүйерхан Базарбаев атындағы № 61 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

      3) Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Алғабас" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

      4) Отырар ауданы білім бөлімінің "Қарақоңыр шағын жинақты бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Отырар ауданы білім бөлімінің "Әжімұқан Қасымбеков атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

      5) Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Құралай" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Байырбек Садықов атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

      6) Төлеби ауданы білім бөлімінің "Қарақия шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Төлеби ауданы білім бөлімінің "Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;

      7) Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 91 М. Горький атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 91 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады