"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 449 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 165 қаулысы

      "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 33 948 ер азаматты 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлу шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады