"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 169 қаулысымен Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлықимпланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілді, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қаулы республикалық және жергілікті бюджет деңгейінде мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға, "Инватакси" қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, кохлеарлықимпланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен, нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен трансляциялауды қамтамасыз етуге, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтуге облыстық бюджеттермен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерімен ағымдағы нысаналы трансферттерді 2017 жылы пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |