"Әскери мүліктің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 637 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери мүліктің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып белгіленсін:".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады