"ЭКСПО-2020 Дубай" дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас Комиссарын тағайындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 224 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.11.2017 № 704 қаулысымен.

      2014 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана-ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Ілгерілету және туризм департаментінің директоры Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов "ЭКСПО-2020 Дубай" дүниежүзілік көрмесіндегі секцияның Бас Комиссары болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.11.2017 № 704 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады