"2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 257 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

      "2017 жыл" деген бағанда:

      "III. Нысаналы даму трансферттері" деген бөлімде:

      "Білім беру" деген 4-функционалдық топта:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген әкімші бойынша:

      099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" деген бағдарламада:

      107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға және Алматы облысының облыстық бюджетіне, Алматы қаласының бюджетіне орта білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту үшiн республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттерi" деген кіші бағдарламада:

      мына:

      "






Ақтөбе облысы

0






Маңғыстау облысы

5 399 404

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "






Ақтөбе облысы

976 957






Маңғыстау облысы

4 422 447

      ";

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында әлеуметтік-мәдени процестерді талдау

Зерттеу қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік-саяси процестерді: олардың ерекшеліктерін, үрдістері мен перспективасын талдауға, сондай-ақ азаматтық қоғамның даму перспективасын зерделеуге және сараптамалық бағалауға бағытталған. Қазақстанның үшінші жаңғыруы қоғамдық сананы және қоғамның құндылық бағдарларын жаңғырту мәселелерін көздейді. Бұл тұрғыда ЭЫДҰ елдерінің халықаралық практикаларын, Қазақстандағы топтастыру және жаңғырту процестерінің бағытын; мәдениетаралық, оның ішінде дін саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа болмысын зерделеу жандандырылады. Күрделі әлеуметтік-мәдени саланы зерттеу түрлі міндеттер қоюды, оның ішінде жаңғырту күн тәртібі бойынша жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, халықтың бұқаралық және элиталық әлеуметтік топтарының санасын және мінез-құлқын зерттеуді талап етеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" РМК

001 "Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" 103 "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету"

156 152

      ";

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Қазіргі Қазақстанның жаңғыру процесіндегі жағдайларда мемлекеттің коммуникативтік саясатының кейбір шараларын іске асыруды сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу

Зерттеу жобасы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша қоғамдық пікірлерге талдау жасауды; халықтың әлеуметтік-саяси реформаларға және жекелеген саяси оқиғаларға көзқарасын зерделеуді; еуразиялық интеграция процесін интеграциялық-коммуникациялық қызмет тұрғысынан бағалауды қамтиды. Зерттеу қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік-мәдени бағдарын, құндылықтарын, Қазақстанның азаматтық қоғамының сақталып келе жатқан дәстүрлерін; қазіргі Қазақстанның жаңғырту процесі жағдайларында мемлекеттің коммуникативтік саясатының стратегияларымен қағидаттарын қалыптастыру; экстремизмге және терроризмге қарсы субмәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленетін болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" РМК

001 "Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" 103 "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету"

133 280

      ";

      20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

20

Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен дарынды балаларды республикалық физика-математика мектебінде оқыту

Қазақстан Республикасының дарынды балаларын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту жөнінде білім беру қызметтерін ұсыну

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" 100 "Дарынды балаларды республикалық білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу"

1057347

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 31-1, 31-2, 31-3, 33-1, 48-1, 52-1, 52-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

31-1

Республикалық, халықаралық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды және өзге де республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және оларға балалардың қатысуы

Республикалық және халықаралық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, дарынды оқушыларды анықтау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға іріктеу және дайындау, республикалық семинарлар, конкурстар өткізу; ғылыми-практикалық конференциялар өткізу
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және дайындау үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ олимпиадалар мен конкурстар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырады, Қазақстан Республикасын ың зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал етеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы" РМКҚ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" 103 "Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу"

223 053

31-2

Білім берудің барлық деңгейлерінде адамгершілік-рухани тұлғаны қалыптастыру бойынша білім беру моделін дамыту үшін жағдайды қамтамасыз ету

Білім берудегі жалпы әлемдік үрдістерді ескере отырып, адамгершілік-рухани білім берудің сапасын және тиімділігін арттыру; "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту және ұлттық білім беру жүйесінде адамгершілік-рухани негіздердің рөлін және маңыздылығын күшейту, бағдарламаны іске асыру тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында "Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы" халықаралық педагогикалық форумын өткізу.
Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтарға бағытталған тұлғаны тәрбиелеу үшін бірыңғай адамгершілік-рухани кеңістікті құру мақсатында "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламаларын тұтас білім беру процесіне интеграциялау

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" 103 "Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу"

12 766

31-3

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын ел аумағында ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық қолдау

"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының қызметін ғылыми-әдістемелік қолдау; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде "Өзін-өзі тану" пәнін оқыту жағдайына мониторинг жүргізу.
Рухани-адамгершілік білім беру бойынша интернет-порталды мазмұндық жағынан қамтамасыз ету (мәтіндік және бейнематериалдар дайындау) және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" РМКҚ

099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" 104 "Балалар мен оқушы жастарға адамгершілік-рухани білім беру"

47337

      ";

      "

33-1

Менеджмент және кадрларды даярлау саласындағы үздік халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандардың оқытуы жөніндегі көрсетілетін қызметтер

Отандық және шетел сарапшыларын тарту арқылы білім беру саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, педагогика мамандықтарының оқытушыларын оқыту және біліктілігін арттыру сапасын жоғарылату

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Назарбаев Университеті" ДБҰ

204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" 100 "Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету"

210 271

      ";

      "

48-1

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру

Жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыда қолдануға гранттарды беру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Ғылым қоры" АҚ

217 "Ғылымды дамыту" 106 "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру"

6 000 000

      ";

      "

52-1

Мектеп мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері: информатика, биология, химия, және физика мұғалімдері үшін тілдік курстар ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Назарбаев Университеті" ДБҰ

222 "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау"

2 697 024

52-2

Сейсмологиялық ақпарат мониторингі

Қазақстан Республикасының аумағында сейсмологиялық мониторинг. Тәулік бойы далалық аспаптық бақылау жүргізу. Қадағалау және материалдарды өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізу

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" ЖШС

024 "Сейсмологиялық ақпарат мониторингі"

418 266

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады