2016 жылғы 14 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарыстық ден қою орталығы туралы шешімінің 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Дағдарыстық ден қою орталығымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |