Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
2017 жылғы 17 наурызда Мәскеуде жасалған 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |