Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
Қазақстан Республикасының ІІремьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға Қосымша хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісімді, оған 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттаманы, көрсетілген Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы 2006 жылғы 25 қаңтардағы және 2015 жылғы 15 қазандағы хаттамаларды басшылыққа ала отырып,
"Құрманғазы" ("Құлалы") құрылымының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игерудегі өзара мүдделілікті негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның құзыретті органы және 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған және өзіне 2006 жылғы 25 қаңтардағы Хаттамамен өзгертілген Хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) 3-бабының 4-тармағында көзделген кәсіпорын көрсетілген Хаттаманың 3-бабының 6-тармағында көзделген 2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімге мыналарды:
2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімде көзделген келісімшарт аумағын ұлғайтуды;
кәсіпорынға кейіннен төрт жылға ұзарту мүмкіндігін ұсына отырып, бүкіл келісімшарт аумағында алты жыл мерзімге қосымша барлау кезеңін беруді;
2005 жылғы 6 шілдедегі өнімді бөлісу туралы келісімге қосымша келісімге қол қою күнін қосымша барлау кезеңінің басталу күні ретінде белгілеуді көздейтін қосымша келісім жасасады.
2-бап
Осы Қосымша хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарламалардың соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2017 жылғы "___" _____________ _______________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |