"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, И. Байзақов көшесі, № 303 үй мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 26 575,7 шаршы метр әкімшілік ғимарат, жалпы ауданы 49,8 шаршы метр трансформаторлық кіші станция және жалпы ауданы 0,6312 га жер учаскесі республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне заңнамада белгіленген тәртіппен берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |