"Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 305 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев


"Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:

      "2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:

      "Макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде (2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,0%-дан аспайтын) ұстау үшін 2018 жылданбаста мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 1,0% дейін төмендетілетін болады.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапшылықты азайту, мұнайдан тыс сектордан түсетін кірістердің өсуі және Ұлттық қорды шектеулі түрде пайдалану мұнайдан тапшылықты (шикі мұнайға кедендік әкету баждарын есепке алмағанда) 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,0 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.";

      "Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау" деген кіші бөлімде:

      екінші,үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік борыш 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 27,0%-дан аспауы, оның ішінде Үкіметтің борышы ЖІӨ-ге қатысты 22,0%-дан жоғары болмауы тиіс.

      Бұл ретте Үкімет борышы (мемлекет кепілдік берген борышты есепке алғанда) менквазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының көлемі Ұлттық қордың валюталық активтерінің жалпы мөлшерінен аспауы тиіс.

      Осы мақсатта үкіметтік борыш пен мемлекет кепілдік берген борыш лимитін айқындай отырып, квазимемлекеттік сектордың сырттан қарыз алу көлемдерін Үкіметпен келісу арқылы оған шектеу қойылатын болады.";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қорды одан әрі пайдалану экономиканы тұрақты дамытуды және оның активтерінің сақталуын, сондай-ақ бюджеттің мұнай кірістерінен тәуелділігін азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.

      Әлемдік экономикадағы қазіргі тәуекелдерді ескере отырып, Ұлттық қорға түсетін мұнай секторының кірістерін шектеулі түрде пайдалану жолымен Ұлттық қорда қаражат жинақтау жалғасатын болады.

      2020 жылдан бастап Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы тіркелген кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2 000млрд. теңгеге дейін төмендетілетін болады.

      Жинақтаушы функцияны күшейту үшін Ұлттық қордағы қаражаттың төмендемейтін қалдығының мөлшері ЖІӨ-нің 30% деңгейінде сақталады.

      Тиісінше, 2020 жылы Ұлттық қордың валюталық активтері кемінде 56,0 млрд. АҚШ долларын құрауы тиіс.

      Ұлттық қор активтерінің сақталуы мен өтімділігін қамтамасыз ету шараларының бірі олардың құрамын әртараптандыруды жалғастыру болады. Осы мақсатта Ұлттық қордың инвестициялық қоржынының құрамында алтын қоржыны, баламалы және ұзақ мерзімді қоржындар бөлінетін болады.

      Экономиканың құлдырауы немесе экономиканың өсу қарқынының құлдырауы кезеңдерінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларды, өзін-өзі ақтамайтын, ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды,стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға оларды баламалы көздерден қаржыландыру болмаған кезде Ұлттық қордан нысаналы трансферттер Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша бөлу ғана көзделеді. Бұл ретте Ұлттық қордан берілетін трансферттер бюджет рәсімдеріне сәйкес республикалық бюджет арқылы өтуі тиіс.

      Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қадағалау үшін қаржыландырылатын жобалардың қаржылық бөлігін мониторингтеу және аудиттеу тетігі әзірленуі тиіс.";

      "3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі" деген бөлімде:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығы;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2017жылғы

      №

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады