Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Дивакар Гупта | - |
Азия Даму Банкінің жеке сектордағы операциялар және ортақ қаржыландыру жөніндегі вице-президенті, |
Наоя Ивашита | - |
"Марубени Корпорейшн" компаниясының Еуропа/Африка/ТМД елдері бойынша аға өңірлік атқарушы офицері; |
көрсетілген Кеңестің құрамынан Л. Венкатачалам, М. Ота шығарылсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы
№