"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және баптау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 169 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 329 қаулысы

      "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 169 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген.
      Қаулы республикалық және жергілікті бюджет деңгейінде мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтауға, "Инватакси" қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға, кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен, нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға, жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен трансляциялауды қамтамасыз етуге, оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтуға, мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың тізбесін кеңейтуге облыстық бюджеттермен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерімен ағымдағы нысаналы трансферттерді 2017 жылы қолданысқа енгізу мерзімін айқындайды.
      
      Қазақстан Республикасы Еңбек және
      халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз