"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 333 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 361 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 37, 39, 40, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 66, 67, 68, 69, 69-2-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі" деген бөлім алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

195.

"Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

196.

"Қазақстан инжиниринг" Research g Development орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

197.

"Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы

198.

"Ғарыштық техника және технологиялар институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

199.

"В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200.

"Ионосфера институты" еншілес жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

201.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады