"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 344 қаулысы.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы оған "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" акционерлік қоғамына "Trade house KazMunaiGaz N. V." акциялар пакетінің 100 %-ын, "Valsera Holdings B.V." акциялар пакетінің 50 %-ын, "PetroKazakhstan Oil Products" ЖШС қатысу үлесінің 49,7 %-ын, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысу үлесінің 99,53619433 %-ын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат берілсін.

      3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті іс-шараларды орындасын және осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      1) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 23-жол алып тасталсын;

      2) "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 32-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

44.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қатысу үлесінің 99,53619433 %

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-жолмен толықтырылсын:

      "

77.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ акциялары пакетінің (90 %-ы минус 1 жай акция)

      ".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады