"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 348 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 12 қыркүйектегі сағаты 23:59 дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012ж., № 29, 388-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) азаматтары үшін 2017 жылғы 9 маусымдағы сағат 00.00 бастап 12 қыркүйектегі сағат 23.59 дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың, одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.

      Осы тармақта көзделген жетпіс екі сағаттық визасыз режим қазақстандық авиакомпаниялардың жарамды авиабилеттері болған жағдайда, қазақстандық авиакомпаниялармен Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін ҚХР азаматтарына қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР азаматтарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өту пунктерінде тіркейді, оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетілген көші-қон карточкасы беріледі.

      Қазақстандық авиакомпаниялар транзитпен өтетін және жетпіс екі сағаттық визасыз режимді пайдаланатын ҚХР азаматтарының тізімін рейс Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларына келместен бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне береді.".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі, 2017 жылғы 12 қыркүйектегі сағаты 23:59 дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады