"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 375 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 36, 210-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2016 – 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мамандықтар топтарының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылы ішінде 1 маманды оқытуға жұмсалатын орташа шығыс (мың теңге)

күндізгі оқу

1

2

3

Техникалық мамандықтар

380

406,3

Техникалық мамандықтар (теңіз техникасы)

80

402,3

Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология мамандықтары

160

391,0

Білім беру мамандықтары 

156

372,2

Спорттық білім беру мамандықтары 

200

312,1

Мұнай-газ мамандықтары 

300

842,2

Медицина мамандықтары 

400

307,4

Барлығы

1 676


      ".

       2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады