Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қайта ұйымдастырылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі есебінен серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыруды;

      2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беруді қамтамасыз етсін

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 05.12.2018 № 805 қаулысымен.
      4. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.12.2018 № 805 қаулысымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.12.2018 № 805 қаулысымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.12.2018 № 805 қаулысымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.12.2018 № 805 қаулысымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 23 маусымдағы
№ 393 қаулысына
1-қосымша

"Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі

Р/с №

Атауы

Орналасу орны

1.

"Ақмолаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Астана қаласы

2.

"Ақтөбеавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтөбе қаласы

3.

"Алматыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қаласы

4.

"Атырауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Атырау қаласы

5.

"Батысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Орал қаласы

6.

"Жамбылавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Тараз қаласы

7.

"Шығысавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өскемен қаласы

8.

"Қарағандыавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қарағанды қаласы

9.

"Қызылордаавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда қаласы

10.

"Қостанайавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қостанай қаласы

11.

"Маңғыстауавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақтау қаласы

12.

"Павлодаравтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Павлодар қаласы

13.

"Солтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Петропавл қаласы

14.

"Оңтүстiкавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шымкент қаласы


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 23 маусымдағы
№ 393 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 05.12.2018 № 805 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады