Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |