"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 440 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ІІМ

Сәуір

Мамыр

Шілде

Р.Т. Жақыпов

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады