"2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 451 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      реттік нөмірі 75-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

75

Ұлттық фильмдерді дубляждау, сценарий резервін қалыптастыру, үздіксіз кинотехнологиялық процесін қамтамасыз ету, ұлттық фильмдерді сақтау, ұлттық фильмдерді дистрибьюциялау және шығару

Барлық ұлттық фильмдерді түпнұсқа тілінен мемлекеттік тілге дубляждау, мемлекеттік фильмдер қорын құру және сақтау, фильмдер прокатын ұйымдастыру, шығару мен дистрибьюциялауды жүзеге асыру кезінде фильмдердің меншік иесінің құқығын және фильм иесінің өзге де құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 104 "Ұлттық фильмдер шығару"

462222

      ";

      реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне арналған мерекелік іс-шараларды және салтанатты концерттерді, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберіндегі іс-шараларды, халықаралық конкурстар мен фестивальдерді өткізу, Мемлекет басшысының шетел делегацияларымен ресми кездесулері шеңберінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТҮРКСОЙ, Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының іс-шараларына қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

"Қазақ әуендері" АҚ

033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" 105 "Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу"

5781722

      ".

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады