"Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 452 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Азия Даму Банкіне 72000000000 (жетпіс екі миллиард) теңге сомада "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады