Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Жоба |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат, № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат,; № 22-III, 149-құжат; 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-кұжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат):
296-бапқа ескертудің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Есірткі және психотроптық заттардың мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде айқындалады. Есірткі мен психотроптық зат тектестердің шағын, ірі және аса ірі мөлшері өздері тектестері болып табылатын есірткі және психотроптық заттардың шағын, ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.".
2. "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат, № 24, 126-құжат):
1) 1-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) есірткі, психотроптық зат тектестер - құрылымдық формулалары есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы бір немесе бірнеше сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын олардың алмастырғыштарына ауыстырумен түзілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлар тізіміне енгізілмеген химиялық заттар;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар - есірткі, психотроптық зат тектестерін дайындау кезінде пайдаланылатын және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштары тізіміне енгізілген бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атомдар тобы;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейіннен әкімшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негіз болып табылатын (шағын, ірі, өте ірі) мөлшердегі белгіленген түрлерінің тізбесі;";
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"20) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, халықаралық конвенциялар негізінде нөмірленген және тиісті кестелер мен тізімге біріктірілген, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізбесі;";
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімі - сот сараптамасы органдары айқындайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бір валентті немесе екі валентті атомдар немесе атомдар тобының тізбесі;";
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) құрамында есірткі, психотроптық заттар бар өсімдіктерді жинау - халықаралық конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау;";
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"32) препарат - Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген, құрамында бір немесе бірнеше есірткі, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегі қоспа;".
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтарымен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін осы баптың 1-2-тармағында жазылған негіздерде есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануға жатады.
1-2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне заттарды енгізу мына негіздердің бірі бойынша:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық есірткіні бақылау комитетінен ұсынымдар келіп түскен кезде;
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімдерінде, тізбелерінде, кестелерінде зат бар болған кезде жүзеге асырылады.
1-3. Заттарды есірткі, психотроптық заттары тектестерге жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен сот сараптамасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Сараптама мәні заттың құрылымдық формуласын Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың құрылымдық формулаларымен ара қатынасын белгілеу және бұл құрылымдық формулада бір немесе бірнеше сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштардың бар-жоғын айқындау болып табылады;
1-4. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық есірткіні бақылау комитетінің және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бақылауында жоқ психобелсенді зат айналымда табылған жағдайда, оны есірткі, психотроптық заттарға және прекурсорларға жатқызу БҰҰ-ның 1988 жылғы Есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясына сәйкес жүзеге асырылады.";
3) 5-бап:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлеген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестермен прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекітеді, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.";
3-тармақтың 5) тармақшасында "өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеге" деген сөздерден кейін "және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізіміне" деген сөздермен толықтырылсын;";
4) 6-баптың 2-тармағы 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне тексеріп-қарау жүргізуге;";
5) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға мемлекеттік квота - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қажеттілік есебі, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес лицензиясы бар заңды тұлғалар олардың айналымын осы қажеттілік шегінде жүзеге асырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қамтамасыз ету нормативін үлестік бөлу Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген барлық есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларға, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мәлімдеген, құрамында аталған заттар бар өнімдерге қатысты жүзеге асырылады.";
6) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар өндіретін, дайындайтын, өңдейтін заңды тұлғалар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен міндетті түрде тіркелуі тиіс.";
7) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінде санамаланған заттар құрамында бар дәрілік заттарды таңбалау кезінде осы заттардың атаулары және олардың салмақ бірлігімен немесе процентпен алынған құрамы көрсетіледі.";
8) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, медициналық мақсаттарда пайдаланылатын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды ең ұзақ тағайындалу мерзімін, сондай-ақ олардың бір рецепт бойынша жазып беру мен босатуға болатын мөлшерін белгілейді.";
9) 16-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген, медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген барлық дәрілік заттарға қолданылатын ережелер, егер бұл ережелер осы Заңға қайшы келмесе, қолданылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды медициналық мақсатта қолдану Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды қолдану құқығы азаматтық мақсаттағы санитариялық көлікке қолданылады. Аталған құқықты азаматтық мақсаттағы көліктің басқа түрлерінде заңсыз іске асыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Оқыс оқиғаларда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ғана пайдаланылатын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген дәрілік препараттар:
1) азаматтық мақсаттағы көлікте;
2) тактикалық сабақтарға (жүзу ауданына) және даладағы (теңіздегі) оқу-жаттығуларға шығу кезінде әскери машиналарда (кемелерде);
3) ұшу кезінде ұшу аппараттарындағы ұшқыштың дәрі қобдишасында;
4) мемлекеттік мекемелердің, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шұғыл көмек шкафтарында (қаттағыштарында) болуы мүмкін.
Оларды қолдануға рұқсатты және есепке алу тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
10) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданатын прекурсорлар, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды өндіру үшін пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтік құқықтық актілерде реттеледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген заттардың бірі заңсыз түрде есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдер болған жағдайларда прекурсорларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны одан әрі қарай пайдалану туралы сот шешім қабылдағанға дейін оған дереу тыйым салынады.";
11) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне (II, III кестелер) енгізілген есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған арнайы баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Есірткі немесе психотроптық заттары, сол тектестері бар дәрілік препараттардың үлгілерін жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.";
12) 38-бапта "(1,2-қосымшалар)" деген сөздер алынып тасталсын;
13) 1 және 2-қосымшалар алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақты, 1) тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшаның бірінші абзацын, 2-тармақшаның бірінші абзацын, 1-баптың 2-тармағының 12) және 13) тармақшасын қоспағанда осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |