Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылуын хат алмасу нысанында ұзарту туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 473 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылуын хат алмасу нысанында ұзарту туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен арасындағы Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылуын хат алмасу нысанында ұзарту туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат беріле отырып, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қойсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 473 қаулысымен мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылуын хат алмасу нысанында ұзарту туралы хаттама

      А. Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаты

      Құрметті Бас Хатшы,

      Осы хатпен Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылғы 22 қаңтарда қол қойылған Елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан әрі - Меморандум) қолданылуын ұзартуды қалайтынын растауға мен қуаныштымын.

      Меморандумның 9-бабына сәйкес, оның қолданылу мерзімі 2017 жылғы 22 қаңтарда аяқталды. Дегенмен, Қазақстан мен ЭЫДҰ Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын бірқатар жобалар бойынша ынтымақтасуды жалғастыруда. Осыған байланысты, Меморандумның қолданылу мерзімін 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін екі жылға ұзартуды ұсынамын. Біздің тұрақты ынтымақтастығымыздың белгісі ретінде мен бұл ұзартуды 2017 жылғы 22 қаңтардан бастап кері күшіне енгізуді ұсынамын. Меморандумның барлық қалған шарттары өзгеріссіз қалатын болады.

      Сіздің жоғарыда жазылғандармен келісетініңізді растайтын жауап хатыңыз Меморандумның 9-бабына сәйкес, Меморандумға түзету болып табылады.

      Сізге деген зор құрметімді растауымды қабыл алыңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан
Сүлейменов Тимур Мұратұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      В. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының хаты

      ЭЫДҰ-Қазақстанның Елдік Бағдарламасын 2018 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту

      ЭЫДҰ Еуразия Бөлімінің атынан мен Сізге Қазақстанның ұлттық басымдықтарын, саяси реформалар мен өңірлік және халықаралық деңгейлердегі интеграцияларды күшейтуді қолдаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ете отырып Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы қарым-қатынастарды жаңа, барынша стратегиялық деңгейге келтіру үшін Елдік бағдарламаны, бірегей тұғырнаманы жүргізуде үнемі қолдау көрсеткеніңіз үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді.

      13 сәуірдегі отырыста ЭЫДҰ-ның Сыртқы байланыстар комитеті бастапқы іс-шараларды толық жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен бірге олардың бағдарламаның ұсынымдарын іске асырудан оң эсер алуы үшін де Елдік бағдарламаны 2018 жылғы желтоқсанға дейін ұзартуға келіскені жөнінде Сізді хабардар ету мүмкіндігін пайдалануыма рұқсат етіңіз. Бастапқы бағдарламаның шеңберінде келісілген қорытынды нәтижелердің кейбірі бұрынғысынша жалғасуда және Қазақстан 2015 жылғы Елдік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде алынған ұсынымдар мен тұжырымдар жөніндегі қызметті қолдайтын бірқатар жаңа жобаларды енгізу туралы өтініш білдірді.

      Біз осы бір алғашқы Бағдарламаны ресми түрде жария ету үшін барлық қажетті қадамдардың аяқталуын асыға күтеміз.

      Барлық жағдайларда Сізге жәрдемдесуге қуаныштымын.

      Ізгі ниетпеп,
Жан-Франсуа Лянжелле
ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің Қазақстан жобасының менеджері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады