"Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерудің мерзімі – 5 жыл. Жас және топтық кезеңдері мынадай:

      1) бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:

      ерте жастағы топ – 1 жастан 2 жасқа дейін;

      бірінші кіші топ– 2 жастан 3 жасқа дейін;

      2) мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6 жасқа дейін:

      екінші кіші топ – 3 жастан 4 жасқа дейін;

      ортаңғы топ – 4 жастан 5 жасқа дейін;

      мектепалды даярлық – 5 жастан 6 жасқа дейін.".

      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық жас деңгейлері үшін оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты:

      1) білімнің мазмұнына;

      2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

      3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.";

      51-тармақ алып тасталсын;

      55-тармақ алып тасталсын;

      60 және 61-тармақтар алып тасталсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:

      1) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында міндетті түрде оқытылуы тиіс бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;

      2) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құрамдас бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушының бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;

      3) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын бастауыш білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі;

      4) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;

      5) оқу жүктемесінің инварианттық компоненті – білім беру ұйымдарының типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылар оқып білуге міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;

      6) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;

      7) элективті курс – білім алушылардың таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының вариативті компонентінің құрамдас бөлігі;

      8) оқытудан күтілетін нәтижелер – білім алушының оқу процесі аяқталған кезде нені біліп, түсініп, көрсете алатынын айқындайтын құзыреттер жиынтығы;

      9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процеcс;

      10) бағалау – әзірленген өлшемшарттар негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;

      11) бағалау өлшемшарттары – мұғалімдер мен білім алушыларға оқытудың мақсатына жеткен-жетпегенін анықтауға мүмкіндік беретін және білім алушылардың жетістіктерін бағалау бойынша шешім қабылдауға негіздеме болатын тұжырым;

      12) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді;

      13) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

      14) білім беру процесін мониторингілеу – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;

      15) білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын айқындау үшін негіз болатын, білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар;

      16) білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. "Тіл және әдебиет" білім беру саласы бойынша бастауыш білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.

      Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет:

      1) тыңдалым және айтылым:

      білім алушы әңгімелесудің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және жеткізе алады; сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды, қорытындылар жасайды; пікірталастың тақырыбын түсінеді және сөйлеу нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; сөйлеу барысында синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді саналы түрде қолданады; мәнерліліктің эмоциялық-реңкті құралдарын қолдана отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады; көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады; тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, өз ойымен және эмоциясымен бөліседі; логикалық дәйектілікті сақтай отырып, өз көзқарасын дәлелдейді; берілген тақырып пен коммуникативтік нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық тұрғыдан дәйектелген дербес пікір білдіреді; тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады; оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінікті талдайды;

      2) оқылым:

      білім алушы халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға береді; көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады; көркем шығармалардың негізгі идеялары мен композициясын айқындайды; көркем туындының жанрын айқындайды, өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді; автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды; мәтіндерді белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды; әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; көркем әдебиет туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;

      3) жазылым:

      білім алушы тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады; меңгерген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай жазады; жеткізудің түрлі тәсілдерін (суреттер, сызбалар, кескіндер, кестелер) қолдана отырып, мәтіндер жазады; жазудың гигиеналық және каллиграфиялық дағдыларын сақтайды; Қазақстан халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын мәтіндер құрастырады.

      Екінші тіл (қазақ немесе орыс тілі):

      1) тыңдалым:

      білім алушылар қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени салалары үшін өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын түсінеді; мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады; қарым-қатынас жасау жағдаяттарына, қарым-қатынас орнына және қарым-қатынасқа (коммуникацияға) қатысушыларға қарай сөйлеу стильдерінің қалай өзгеретінін түсінеді; түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің мазмұнын болжайды;

      2) айтылым:

      білім алушы алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді; оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар құрастырады және көзқарасын білдіреді; ұсынылған тақырып пен белгіленген коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге құрылған хабарламаны құрастырады; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады;

      3) оқылым:

      білім алушы оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді оқиды; таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың тұжырымы мен бағасын түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды; алуан түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады; идеяны, оқиғаларды және кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін түсінетінін көрсетеді; сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың мағынасын анықтайды; қазақ және әлем әдебиетінің көркем туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;

      4) жазылым:

      білім алушы тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның (тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды; орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау (баяндаусыз) сипатындағы мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді пайдаланады.

      Үшінші тіл:

      1) тыңдалым:

      білім алушы таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмұнын түсінеді, таныс сөздер мен фразалардың айтылуын ажырата алады; түстер мен сандар туралы қысқа сұрақтарды түсінеді; таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелердің мазмұны мен мәнін болжау үшін мәнмәтіндік тірек сөздерді пайдаланады; баяу және айқын дыбысталып айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін түсінеді;";

      14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "цифр", "сан", "координаталық сәуле", "санның бөлшегі", "жай бөлшек", "аралас сан", "санды өрнек", "әріпті өрнек", "теңдік", "теңсіздік", "бұрыштың градустық өлшемі", "ондық бөлшек", "пайыз", "жиын", "симметрия", "ақпарат", "объект", "файл", "папка", "затбелгі", "модель", "компьютер желісі", "Интернет" ұғымдарының мәнін; ондық санау жүйесіндегі разряд бірліктің мәндерін; жазық және кеңістік геометриялық фигуралардың түрлерін және олардың элементтерін; шаршы және тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулаларын, бірдей дәрежелі бөлшектерді қосу және азайту қағидаларын; операциялық жүйе объектілерінің қызметін; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын, кіру мен шығу құрылымдарын; қолданбалы, сервистік бағдарламалардың және операциялық жүйенің мақсатын, компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын; жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін; ағзаның қорғану функцияларын; табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын; қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін; омыртқалы және омыртқасыз жан-жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін түсінеді;";

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзінің Қазақстанның жас азаматы ретіндегі азаматтық болмысын және белгілі бір ұлтқа қатыстылығын; отбасының, туған жері мен Атамекенінің құндылығын; көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылығын; Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің маңызын; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлық нормаларын; өз өмірінің мектеп өмірімен, ауыл, қала, ел өмірімен тығыз байланыста екендігін; қоғамға қызмет етудің маңыздылығын; әртүрлі елді мекен түрлерінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін; өз ойы мен сөзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуының маңыздылығын, олар үшін өз жауапкершілігін; ұлттық салт-дәстүрлердің мәнін; адам өміріндегі және қоғам дамуындағы саяхаттардың рөлін; адамның өзін тануы мен өзін дамытудың маңыздылығын; "еңбек", "өзара түсіністік", "өмірге қуанышпен қарау", "қиындыққа мойымау", "мейірімділік", "жомарттық", "кеңпейілділік", "патриоттық", "шығармашылық" ұғымдарының мазмұнын және маңыздылығын; саламатты өмір салтын ұстануы керектігін; табиғаттың өмірлік қуат көзі ретіндегі мәнін; табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңызын түсінеді;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. "Технология және өнер" білім саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.

      Бастауыш білімді аяқтағанда білім алушылар:

      1) өнердің негізгі түрлері мен жанрларын; сызықтардың және формалардың негізгі түрлерін; негізгі және қосымша түстерді; сурет салуға және сәндік-көркем жұмыстарға керекті негізгі материалдар мен құралдарды; өнердің әр алуан түрлерінде жұмыс істеудің негізгі техникалары мен әдістерін; әлемдік және отандық өнер қайраткерлері туындыларының үздік үлгілерін; шығармашылық идеяларды берудің көркем әдіс-тәсілдерін; музыкалық сауаттылық негіздерін; әнді орындау және музыка тыңдау қағидаларын; қазақтың дәстүрлі музыкасының негізгі түрлерін, жанрларын және стильдерін; халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестердің музыкалық аспаптарының атаулары мен жіктеуішін; хор мен оркестр түрлерін; қазақтың дәстүрлі және классикалық музыкасының үздік үлгілері мен танымал орындаушыларын; Қазақстан композиторларының музыкасын және әлем халықтарының музыкасын; қарапайым компьютерлік музыкалық бағдарламаларды біледі;

      2) өнердің өмірмен байланысын; орындау техникасының өнердің түрімен, стилімен, жанрымен байланысын; Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының және басқа да әлем халықтарының мәдениетіндегі өнер туындыларының маңызын; музыканың адам өміріндегі маңызын; музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын; қазақ халқы мен әлемнің басқа халықтарының мәдениетін көрсететін дәстүрлі музыканы; халықтық музыканың композиторлар музыкасы үшін негіз қалаушы рөлін түсінеді;

      3) заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын; өнердің мәнерлілік құралдарын; идеяларды дамыту үшін әртүрлі ақпарат көздерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды; шығармашылық жұмыс жасау үшін әртүрлі көркем материалдарды, құралдарды және техникалардың; шығармашылық жұмысты жасау үшін өнердің түрлері, стилдері мен жанрлары туралы білімді; қауіпсіздік техникасының ережелерін; жеке және ансамбльде, хорда/оркестрде ән айтуда, музыкалық аспаптарда ойнауда сезімді, көңіл-күйді жеткізу үшін, қарапайым шығармаларды, импровизацияларды, шығармашылық жобаларды, оның ішінде компьютерлік музыкалық бағдарламаларды пайдалана отырып жасау үшін музыкалық сауаттылық негіздерін; музыкалық құбылыстарды, қоршаған өмірдің құбылыстарын дыбыс тілі арқылы түсіндіргенде музыканың түрлері, стилдері және жанрлары туралы білімді қолданады;

      4) өзінің қызметін жоспарлау үшін әртүрлі дерек көздерінен алынған ақпаратты; қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтары өнерінің стильдері мен жанрларын; өнер туындыларын жасау үшін қолданылған материалдар мен техникаларды; эксперименталдық, зерттеу жұмыстарын жүргізуде көркем материалдар мен аспаптардың қасиеті мен сапасын; өзінің шығармашылық қызметінің процесі мен нәтижелерін; адам өміріндегі музыканың рөлі мен мәнін; дәстүрлі қазақ музыкасы мен әлем халықтары музыкасының ұқсастығы мен айырмашылығын, сондай-ақ мазмұнын; халық және симфониялық оркестрлердің музыкалық аспаптарының ерекшеліктерін; жеке музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау және импровизациялау үшін әртүрлі дыбыстар мен дыбыс әсерлерін талдайды;

      5) шығармашылық жұмыстарды жасау үшін тәсілдер мен техникаларды, материалдың қасиеті мен мүмкіндіктерін; идеяны дамыту үшін түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып алынған ақпаратты; шығармашылық жобаларды орындау және идеяларды, оның ішінде музыкалық компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып іске асыру үшін білімдерді, дағдыларды, ақпаратты, шығармашылық жұмысты әзірлеу үшін өнердің әртүрлі элементтерін синтездейді;

      6) көркем және музыкалық жұмыстардың негізгі мақсатын, образдары мен идеяларын; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін мәнерлілік құралдары мен материалдың қасиетін; көркем еңбек бойынша жеке/ұжымдық орындалған жұмыстарды; үйренетін музыканың адамгершілік-эстетикалық жағын, алынған шығармашылық қызмет нәтижесін, музыка мен көркем шығармашылықтың өмірдегі рөлін бағалайды.";

      19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Білім алушыларға үй тапсырмалары олардың орындау мүмкіндіктері ескеріле отырып беріледі, 2-сыныпта 50 минуттан, ал 3-4-сыныптарда 1 сағат 10 минуттан (астрономиялық сағатта) аспайды.

      20. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімдерін бағалау өлшемшарттарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау өлшемшарттары білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін пайдаланылады.

      21. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.";

      22-тармақ алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау формативті және жиынтық бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеттерін бірінші тіл ретінде оқыту білім алушылардың тілдік дағдыларын дамыту, мәтіннің әртүрлі түрлерімен және типтерімен өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру үшін әдеби мәтіндерді пайдалануға негізделген.

      35. Екінші тілді (оқыту тіліне байланысты орыс тілі/қазақ тілі) және үшінші тілді (ағылшын тілі) оқыту тілді деңгейлеп үйренуге бағдарланған.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. "Жаратылыстану" пәнінің мазмұны "Адам – Табиғат" жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл оқу пәні білім алушылардың табиғатты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ортаны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны "қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай" қағидаты бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылыстары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың ой-өрісін кеңейтеді. "Жаратылыстану" оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын "Биология", "Физика", "География", "Химия" оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. "Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Көркем еңбек" және "Музыка" оқу пәндері арқылы беріледі.

      43. "Технология және өнер" білім беру саласы пәндерінің мазмұны қоршаған ортаны біртұтас қабылдауды қалыптастыруға, оны визуалды өнер мен музыка құралдары арқылы тануға; бейнелеу өнерінің, қолөнер мен музыканың адам өміріндегі рөлі туралы алғашқы түсініктерді дамытуға, қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнеріне, музыкалық салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, әлемдегі басқа халықтардың өнеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге; өнердің алуан түріне адам өмірінің көрінісі ретінде адамгершілік-эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуге, бастауыш мектеп білім алушыларының көркем және музыкалық-шығармашылық дамуына бағытталған.";

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-4-сыныптарда – 34 оқу аптасы. Оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Каникулдар оқу жылында 3 рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. Бірінші сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі.

      50. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде кемінде 10-ға толған жағдайда, инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде сыныпты бөлу әр ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланы білім алушылардың жалпы санынан үшке кеміту есебінен:

      1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;

      2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;

      3) ағылшын тілі бойынша;

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша;

      5) өзін-өзі тану сабақтарын жүргізу кезінде жүзеге асырылады.";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқаруға, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;

      28) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:

      1) нақты мамандық бойынша белгіленген үлгідегі құжатты (куәлікті) бере отырып кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін (разряд, сынып, санат), біліктіліктің жоғары деңгейінің бағдарламасын толық аяқтаған кезде қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша мемлекеттік үлгідегі құжат беру;

      2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін, әскери мамандықтар үшін ӘАОО-да оқуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманының біліктілігін беру;

      3) білім алушылар жоғары колледжде оқуын аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан өткен соң қолданбалы бакалавр біліктілігі деңгейін беру, әскери мамандықтар үшін АӘОО-ны білім алушылардың оқуын аяқтағаннан кейін және қорытынды аттестаттаудан өткен соң қолданбалы бакалавр біліктілігі деңгейін беру мүмкіндігін көздейді.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери, медицина мамандықтары және мәдениет пен өнер мамандықтары (хореографиялық оқу орындарына қабылдау 4 (5) сыныптан бастап жүзеге асырылады) бойынша мамандар даярлау.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:

      1) эксперименттік режимдегі жұмыс;

      2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғары деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;

      3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;

      4) әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау;

      5) мамандарды өңірдің және оқу орнының ерекшелігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.

      Оқу процесін жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлеушілер осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беретін оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.

      Оқу процесін оқытудың модульдік технологиясы бойынша жоспарлау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлеушілер осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.";

      11-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) циклдер (модульдер) үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, әрбір пән (модуль) бойынша 50 %-ға дейін және өндірістік оқыту үшін 60 %-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80 %-ға дейін) өзгертуі. Әрбір модульдің пәндері қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі.";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, оның ішінде модульдерге біріктірілген (енгізілген) пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға) және кәсіби модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға дейін) өзгерту. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушілердің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізу. Әрбір модульдің пәндері және жеке пәндер қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен (модульдермен) қатар, білім беру ұйымдары айқындайтын пәндерді (модульдерді), факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.";

      17, 18, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:

      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді оқытуды;

      2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өтуді;

      4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды;

      5) ӘАОО-да әскери тағылымдамадан өтуді;

      6) модульдік оқыту технологиясы кезінде модульдерге біріктірілген жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және кәсіптік модульдердің арнайы пәндерін меңгеру, модульдерге біріктірілген жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды қамтиды.

      Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды және оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен орындалатын, сондай-ақ тікелей өндірістегі және тиісті бейіндегі ұйымдардағы өндірістік оқытуды қамтиды.

      Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пән оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның жетекшілігімен жүзеге асырылады.

      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

      ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда өткізу жоспарланады, далалық жорықтар кезінде теориялық оқу процесінде алынған білімдерді бекітуге бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің жұмыс кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.

      Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.

      Практикалық даярлық – (зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау) модуль (біліктілік) бойынша оқу уақыты көлемінің кемінде 40 %-ын құрауы тиіс.

      ӘАОО-да кәсіби практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.

      Дуальді оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кемінде алпыс пайыз (60%) кәсіпорын базасында өндірістік оқытуды, практиканы көздейді. Оқытудың модульді технологиясы кезінде дуальді оқыту білікті жұмысшы және/немесе орта буын маманын даярлауда қолданылады.

      18. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.

      19. Оқу процесін материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға, ӘАОО-да ӘАОО ведомстволық бағынысты тиісті уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде оқыту мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен айқындалады.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) модульдік оқыту технологиясы кезінде негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алусыз – 10 айды;

      8) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (бір біліктілік);

      9) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай (4 біліктілікке дейін);

      10) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 10 ай (бір біліктілік);

      11) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (екі біліктілікке дейін), 2 жыл 10 ай (төрт біліктілікке дейін);

      12) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай;

      13) мамандығы сәйкес келмейтін орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде мерзімдер жалпы орта білім базасындағы мерзімдерге сәйкес белгіленеді;

      14) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай;

      15) мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты мынадай жекелеген мамандықтар үшін өзге оқу мерзімі айқындалуы мүмкін: өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).

      ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 48 сағатына дейін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде 40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.

      Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальді оқыту бойынша кәсіпорындармен шарт жасаған студенттер каникул уақытында кәсіпорындарда практикадан өте алады.

      Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде жоспарланады.

      Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша жоспарланады.

      Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:

      1) аралық аттестаттау;

      2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау көрсетіледі.

      Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға байланысты айқындалады.

      Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі

      Барлық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделген.

      Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімдерде өткізіледі. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде емтихандар қосымша бюджеттік уақыт бөлінбей, аталған пәнді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінен өткізіледі

      Арнайы әскери оқу орындары үшін барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау өткізу көзделген, оның негізгі нысаны емтихан болып табылады.

      Жалпы білім беретін пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.

      Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытындыларына сәйкес нақты мамандық бойынша қол жеткізген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.

      Білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін қорытынды аттестаттау өткізіледі.

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:

      1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттауды;

      2) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.

      ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсыруды қамтиды.

      Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындылары бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.

      Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және/немесе арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын білім беру ұйымы айқындайды. Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.

      Кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде білім беру ұйымы бітірушісінің кәсіби даярлық деңгейін бағалауды және біліктілік беруді (бұдан әрі – КДДБББ) жұмыс берушілер жүргізеді.

      КДДБББ ӘАОО-да өткізілмейді.

      Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы (біліктілік) практиканың ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.";

      26-тармақта:

      бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Оқу пәндерін, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді зерделеудің дәйектілігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстарға және семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.

      Арнайы пәндердің, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді зерделеу нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Әскери мамандықтарды қоспағанда әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу мерзімінде орта буын маманын әзірлеу кезінде іске асырылады.";

      үшінші бөлік алып тасталсын:

      көрсетілген стандартқа қосымшадағы "Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша" деген сөздер "Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген стандартқа 2-қосымшамен толықтырылсын;

      5) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;

      22) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.";

      9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Үлгілік оқу жоспарлары оқу жоспарының моделіне сәйкес келуі тиіс және мынадай:

      1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қатарынан мамандар даярлау;

      2) әскери, медицина мамандықтары және мәдениет пен өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.

      Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:

      1) эксперименталды режимдегі жұмыс;

      2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қатарынан мамандар даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.

      Оқу процесін жоспарлау кезінде орта білімнен кейінгі білім берудің әзірлеушілері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.

      Оқу процесін жоспарлау кезінде орта білімнен кейінгі білім берудің әзірлеушілері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес оқытудың модульдік және кредиттік технологиясы кезінде орта білімнен кейінгі білімнің оқу жоспарының моделін басшылыққа алады.

      10. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны:

      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді, оның ішінде модульге біріктірілген пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеу, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

      2) жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін зерделеуді;

      4) біліктілік емтихандар қорытындысы бойынша біліктілік (разряд, сынып, санат) беруді;

      5) оқыту аяқталғаннан кейін қолданбалы бакалавр біліктілігін беруді көздейді.

      Бұл ретте орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары модульдік-кредиттік оқыту қағидаты бойынша құрылады.";

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) циклдер мен модульдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін, әрбір пән (модуль) бойынша 50%-ға дейін және өндірістік оқыту мен оқытуға берілетін жалпы сағат санын сақтай отырып, кәсіптік практиканың 50 %-на дейін өзгерту. Әрбір модульдің пәндері мен жекелеген пәндер қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндер бойынша 50 %-ға дейін және кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50 %-ға дейін өзгерту. Міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша модульдер енгізу. Әрбір модульдің пәндері мен жекелеген пәндер қажет болған жағдайда басқа модульдерге біріктіріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен қатар білім беру ұйымдары айқындайтын пәндерді, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.

      Консультациялар мен факультативтік сабақтар білім алушылардың жеке қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.";

      16, 17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кәсіптік даярлыққа бағытталған білім беру бағдарламалары:

      1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді, оның ішінде модульге біріктірілген пәндерді оқытуды;

      2) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульге біріктірілген пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;

      3) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді;

      4) курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды қамтиды.

      Өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылығы мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің жетекшілігімен жүзеге асырылады.

      Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен өндірісте өндірістік оқыту шеберінің, арнайы пәндер оқытушысының, өндірістен келген білікті маманның жетекшілігімен жүзеге асырылады.

      Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындарында өткізіледі және кәсіптік құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

      Кәсіптік практикадан өту кезеңінде біліктілік емтиханын тапсырумен бірге білім алушының бір немесе бірнеше ұқсас біліктіліктерді игеруі көзделеді.

      Кәсіптік практика аяқталғанда білім алушыға қол жеткізілген кәсіптік біліктілік деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.

      Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.

      Практикалық даярлық (зертханалық-практикалық сабақтар, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау) модуль (біліктілік) бойынша жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40 %-ын құрауы тиіс.

      17. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық оқу құралдарының, аудио және бейне материалдардың, әдістемелік көрнекі құралдардың және модульге біріктірілген пәндер, кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен қамтамасыз етіледі.

      18. Оқыту процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.";

      20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде оқу мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін білім беру бағдарламаларымен айқындалады.

      21. Мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларында көрсетілетін орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күтілетін белгіленген біліктілік деңгейінің күрделігіне, білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай белгіленеді және күндізгі оқу нысаны кезінде:

      1) жалпы орта білім базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;

      2) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;

      3) жалпы орта білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;

      4) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды;

      5) жекелеген мамандықтар үшін мамандықтардың ерекшелігіне байланысты өзге де оқу мерзімі айқындалуы мүмкін: өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар.";

      24, 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Күндізгі оқу нысаны кезінде білім алушылардың аудиториялық сабақ көлемі теориялық оқыту мерзімі үшін аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс, бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді.

      Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу процесінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды.

      Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша медициналық мамандықтардан басқа факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде көзделеді.

      Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша медициналық мамандықтардан басқа, оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылында оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды/жобаларды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген модульдерге біріктірілген пәндер бойынша жоспарланады.

      Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай нысандары:

      1) аралық аттестаттау;

      2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау көрсетіледі.

      Пәндер бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.

      Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі.

      Барлық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша негізгі нысандары: бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан болып табылатын аралық аттестаттау өткізу көзделеді.

      Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді, оның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқытуға бөлінген оқу уақытының есебінен, емтихандар – аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

      Білім беру бағдарламасын меңгеру аяқталғаннан кейін білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.

      Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.

      Білім беру бағдарламаларын оқытуды аяқтау қорытындылары бойынша білім беру ұйымдарында өткізілетін аттестаттаудың ықтимал нысандары: жалпы кәсіптік және (немесе) арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша емтихан тапсыру немесе дипломдық жобаны орындау және қорғау, немесе дипломдық жұмысты орындау және қорғау, немесе арнайы пәндердің, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндердің бірінен қорытынды аттестаттау емтиханын тапсыра отырып дипломдық жұмысты орындау және қорғау.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысанын білім беру ұйымдары айқындайды. Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.

      Өнер және мәдениет саласының мамандықтары үшін шығармашылық тапсырмаларды орындау көзделген.

      Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша білім алушыларға кәсіби біліктіліктің қол жеткізілген деңгейі (разряд, сынып, санат) беріледі.

      Практикалық емтихандар әрбір мамандық бойынша қажетті құралдармен жарақталған өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе оқу орталықтарында өткізіледі.

      Оқытуды аяқтауға (дипломдық жобалау және қорытынды аттестаттау) бөлінген уақыт 8 аптадан аспауы тиіс. Дипломалды (біліктілік) практиканың ұзақтығы мамандықтың күрделілігіне байланысты жоспарланады.

      25. Оқу пәндерін зерделеудің дәйектілігін белгілеу, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын курстар мен семестрлерге бөлу пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.

      Арнайы пәндердің, оның ішінде модульге біріктірілген пәндердің тізбесін айқындау және оларды зерделеуді жоспарлау кезінде көрсетілген пәндерді, оның ішінде модульге біріктірілген пәндерді зерделеу нақты сала ерекшеліктеріне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталғанын басшылыққа алу қажет. Ұқсас мамандықтар немесе медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім базасында оқытудың кредиттік технологиясынан басқа, әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу уақытының көлемімен іске асырылады.

      "Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан асырылмай (мамандыққа байланысты) жоспарланады, олардың 2 сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларындағы сабақтар үшін бөлінуі мүмкін. "Дене тәрбиесі" курсы аяқталғаннан кейін қосымша бюджеттік уақыт бөлінбестен емтихан тапсырылады.";

      көрсетілген стандартқа қосымшадағы "Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша" деген сөздер "Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген стандартқа 2-қосымшамен толықтырылсын;

      6) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      84 және 85-тармақтар алып тасталсын;

      7) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      "Магистратура" деген 1-бөлімнің "Оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар" деген 4-кіші бөлімінде:

      84 және 85-тармақтар алып тасталсын;

      "Докторантура" деген 2-бөлімнің "Оқу жүктемесінің ең көп көлеміне қойылатын талаптар" деген 4-кіші бөлімінде:

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Докторлық диссертация ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүзеге асыратын авторға және ақпарат көзіне сілтемесіз мәліметті пайдалану мәніне (диссертацияда плагиаттың бар-жоғын тексеру) тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс.".

      2. Осы қаулы 2019 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 20-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 484 қаулысына
1-қосымша
  Техникалық және кәсіптік білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша

Оқытудың модульдік технологиясы кезіндегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

                                                      Академиялық сағат/кредит

Р/с №

Пәндер/ модульдер, практикалар атауы

Негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алусыз

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

Орта білімнен кейінгі, жоғары білім базасында*

Техникалық және кәсіптік білім базасында*


1 ж.10 ай

2 ж. 10 ай

3 ж. 10 ай

10 ай

1 ж. 10 ай

2 ж. 10 ай

10 ай

10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.

Жалпы білім беру пәндері **

524

1448

1448

1448

-

-

-

-

-

2.

Базалық модульдер***

+

+

+

+

+

+

+

-

-

3.

Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер (жоғары деңгейдегі 3 біліктіліктен көп емес)

+

+

+

+

+

+

+

-

-

3.1.

Оның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Біліктілік модулі бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %-ы

4.

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5.

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6.

" ____" орта буын маманы біліктілігінің кәсіптік модульдері

-

-

+

+

-

+

+

+

+

6.1.

Оның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Модуль (біліктілік) бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %

7.

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

8.

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

9.

Консультациялар

оқу жылына 100 сағаттан аспайды

10.

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды


Барлығы:

3312/74

3312/74

4960/110

6588/146

1656/37

3312/74

4960/110

1656/37

1656/37

      Ескертпе:

      * Ұқсас мамандықтар бойынша;

      ** Оқу орнының қалауы бойынша ЖБП модульдерге біріктірілуі мүмкін.

      *** Кәсіптік модульдерге біріктіру мүмкіндігі болмаса

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 484 қаулысына
2-қосымша
  Орта білімнен кейінгі білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
2-қосымша

Оқытудың модульдік және кредиттік технологиясы кезіндегі орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі

                                                      Академиялық сағат/кредит

Р/с №

Модульдер мен оқу жұмысының атауы

жалпы орта білім базасында

техникалық және кәсіптік білім базасында *

Оқытудың модульдік және кредиттік технологиясы кезінде

Оқытудың модульдік емес технологиясы кезінде

1 ж. 10 ай

2 ж. 10 ай

10 ай.

1 ж. 10 ай.

1

2

3

4

5

6

1.

Базалық модульдер**

+

+

-

-

1.1

Оның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Модуль (біліктілік) бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %

2.

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

3.

" ____" қолданбалы бакалавриат біліктілігінің кәсіптік модулі

+

+

+

+

3.1

Оның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Модуль (біліктілік) бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %**

4.

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

5

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

6

Консультациялар

оқу жылына 100 сағаттан аспайды

7.

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

8.

Барлығы /кредит:

3330/74

4950/110

1665/37

3330/74

      Ескертпе:

      * Ұқсас мамандықтар бойынша;

      **Кәсіптік модульдерге біріктіру мүмкіндігі болмаса

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады