"Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 490 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 854 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.10.2023 № 854 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 122-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру қағидалары бекітілсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады