"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 494 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 437 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларында:

      103-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "103. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидалардың 102-тармағында тізбеленген барлық құжаттар болған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті қабылдайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады