Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі шолу" жобасын іске асыру жөніндегі келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі шолу" жобасын іске асыру жөніндегі келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі шолу" жобасын іске асыру туралы келісім
Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" немесе бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Шарттың нысанасы
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі шолуды (бұдан әрі – шолу) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы реформалар прогресін зерттеулер Қазақстанның экономикалық реформаларын ЭЫДҰ стандарттарымен және осы Келісімге 1-қосымшада сипатталғандай Елдік бағдарламаның Қазақстандық реформалар бағдарламасына (бұдан әрі – Жоба) қосқан үлесіне ерекше назар аудара отырып, жеке секторды және бәсекеге қабілеттілікті дамыту саясатындағы озық практикаға сәйкестендіруге шоғырландырылды.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
3. Жобаны іске асыру мерзімі – қол қойылған кезден бастап 18 ай.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі шолуды жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға ЭЫДҰ-ға 150000 (бір жүз елу мың) евро беруге міндеттенеді.
2. Жарна екі кезеңмен төленеді. 75000 (жетпіс бес мың) евро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылғаннан және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынғаннан кейін толық көлемде төленеді және 75000 (жетпіс бес мың) евро мөлшеріндегі екінші жарна ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактураны және Жобаның соңында қорытынды есепті алған кезде төленеді.
3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі кезде жарнаның жалпы сомасынан 6,3 % әкімшілік шығындарды өтеуге ақы төлеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережелеріне және басқа да тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіретін болады. Жалпыға ортақ қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетілетін болады және ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
3-бап. Жұмыстар мен есептіліктің сипаттамасы
1. Осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада сипатталғандай, ЭЫДҰ шолудың жүзеге асырылуына жауапты болады.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаның іске асырылу барысы туралы аралық нарративтік есепті және шығыстар бойынша алдын ала қаржылық есепті ұсынады.
3. Шолу аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаның іске асырылу барысы туралы түпкілікті нарративтік есепті және шығыстар бойынша түпкілікті қаржылық есепті ұсынады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптардың сақталатынымен келіседі.
4-бап. Ақпарат алмасу
Тараптар бір-біріне шолуды жүзеге асыру үшін қажетті көмек пен ақпаратты ұсынады.
Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайға жіберіледі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, тел.: +7 (7172) 742885 ka.seitov@economy.gov.kz; + 7 (7172) 74 30 78, yesdauletova@economy.gov.kz; +7 (7172) 742838 email: b.turlubekov@economy.gov.kz, +7 (7172) 742997 zh.gabdullina@economy.gov.kz.;
ЭЫДҰ үшін: Бюджеттеу және мемлекеттік шығыстар бөлімі, Мемлекеттік басқару директораты, 75775, Франция, Париж Cedex 16, 2, rue Andre-Pascal, тел.: +33145249167, +3318554591, e-mail: camila.vammalle@oecd.org, juliane.jansen@oecd.org.
5-бап. Шолу нәтижелерін пайдалану
1. Шолудың кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның ерекше меншігі болып қалады.
2. Құжаттардың жіктелуіне және жіктемеден алып тасталуына қатысты үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ егер қолданылатын болса, ЭЫДҰ қағидалары мен саясаты сақталған кезде, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсаттар үшін шолу шеңберінде дайындалған құжаттарды пайдалану, көшірмесін жасау және тарату құқығын береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі қорытынды есепті өз веб-сайтында орналастырып толық "ОҚУ ҮШІН" (html 5) таратуға уәкілетті болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған кезде ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын әрқашан мойындауы тиіс.
4. ЭЫДҰ ағылшын тіліндегі қорытынды есеп пен осындай жарияланымның нысанын және бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5. Қорытынды есептің жарияланымы Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілетін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін тануды және жарияланым мұқабасының артқы бетінде немесе жарияланымның ішінде жоғарыда көрсетілген танудың жанына орналастырылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің рәмізін қамтитын болады.
6. Шолу барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ шолуды жүзеге асыру үшін өз есебін дайындау мақсатында көрсетілген деректер мен ақпаратты пайдалануға және/немесе қосып алуға құқығы бар.
6-бап. Дауларды реттеу
Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан немесе осыларға қатысты туындайтын, келіссөздер жолымен шешу мүмкін емес кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық халықаралық ұйымдар мен аралық соттың тұрақты палатасының мемлекеттері үшін осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы төрелік соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылаумен шешіледі. Судьялар саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы уағдаластық арқылы таңдалады. Егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, судья Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Парижде, Францияда өтеді және барлық іс жүргізу мен ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.
7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімдегі ешнәрсе де халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ иммунитеттері мен артықшылықтарынан бас тарту ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9. Күшіне енуі
Осы Келісім оған екі Тарап та қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Ол екі Тарап та одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін қолданыста болады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алты төлнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қолы:______________________ Күні:_______________________ |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы тарапынан Рольф Алтер Директор, мемлекеттік басқару және аумақтық даму Қолы:_____________________ Күні:______________________ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы тарапынан Антуан Пайль Бағдарламалар, бюджет және қаржы мәселелерін басқару қызметі басшысының орынбасары, Атқарушы директорат Қолы:_____________________ Күні: _____________________ |
---|
Қазақстан Республикасының |
Техникалық тапсырма
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) миссиясы әлемдегі барлық адамдардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған саясатқа жәрдемдесу болып табылады. Осылайша, ЭЫДҰ елдерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) пен инфрақұрылымға инвестицияларды қоса алғанда, салалардың кең ауқымындағы экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалы әрі тиімді шешімдер табуға көмектеседі.
Шолудың мақсаты МЖӘ-ні дамыту бойынша мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі ЭЫДҰ-ның қағидаттарын (бұдан әрі – МЖӘ қағидаттары) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының МЖӘ құрылымын бағалау болып табылады. Шолу үздік практикасы бар басқа елдермен салыстыру арқылы Қазақстан Республикасы МЖӘ-сінің күшті жақтары мен проблемаларына ерекше назар аударуға ұмтылады. ЭЫДҰ Ұлыбритания, Ресей, Германия, Тунис, Индонезия және Филиппин сияқты елдерде осыған ұқсас шолулар жүргізді.
МЖӘ қағидаттары
2012 жылы ЭЫДҰ-ге мүше 34 ел МЖӘ қағидаттарын мақұлдады. Онда мүше елдердің МЖӘ-ге қатысты көптеген жылдар бойы жинақтаған тұжырымдары бар. 12 қағидат үш ауқымды тақырыпта ұйымдастырылған, олар мыналарға шоғырландырылған:
1. Сенімді институционалдық база құру;
2. МЖӘ-ні таңдауды баға/сапа арақатынасында негіздеу;
3. Қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қарапайым бюджет процесін пайдалану.
Шолу Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайды сипаттау элементін, сол сияқты қазақстандық жүйенің МЖӘ-нің басқа да тиісті бағдарламаларымен және құрылымдарымен салыстырылатынына қатысты нормативтік элементті де қамтитын болады. МЖӘ бағдарламасының осы уақытқа дейінгі тиімділік көрсеткіштері, нормативтік құқықтық база, МЖӘ бағдарламасының қолжетімділігіне қалай қолдау көрсетілгендігі, қаржылық тәуекелдер мен бюджеттік ашықтықтың қалай өңделетіні және жобаның барлық кезеңдерінде баға мен сапа арақатынасына қалай қолдау көрсетілетіндігі шолудың негізгі тақырыптары болып табылады.
Шолу саяси диалогқа, консенсус құруға, сондай-ақ бағалауға арналған. Тиісінше тиісті мемлекеттік және мүдделі жеке тұлғалар шолу процесіне қосылатын болады. Бұл процесс елдің қажеттіліктеріне бейімделуі мүмкін, алайда, әдеттегідей ол атқарушы билік тармағына, ұлттық және халықаралық жеке сектор мен азаматтық қоғамға шоғырланады. Бұл шолудағы сарапшылар арасында тәжірибе алмасудың, мүдделі тараптар арасында консенсустың орын алатыны және жасалған шолудың резонанстық тұжырымдардың тиісті қатысушыларға қатысты екендігі туралы толық және әділ сипаттамасын көрсетуді қамтамасыз етуге арналған.
Негізгі нәтижелер
ЭЫДҰ-ның МЖӘ жөніндегі шолулары жалпы әдіснаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөніндегі шолу бойынша жазбаша есепті, саяси диалогты, сондай-ақ білім алмасуға арналған іс-шараларды қоса алғанда, МЖӘ-ні мемлекеттік басқару процесінің әртүрлі кезеңдерін қамтитын тұжырымдамалық құрылымды ұстанады.
1-нәтиже. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестігін шолу
Шолу МЖӘ-нің тиімді құрылымына қатысы бар мынадай салаларды қамтиды. Әр салаға баса назар аудару ЭЫДҰ мен Қазақстан Республикасы арасында талқыланады.
1. Қазақстан Республикасындағы МЖӘ-нің жай-күйі: Осы кіріспе бөлімде оның сапалы бөлігі қамтылады, ол Қазақстан Республикасында МЖӘ бағдарламасы эволюциясының қысқаша шолуын және қажеттіліктер, құбыр жолдары, қорлар мен ағындар бойынша негізгі цифрларды қамтитын сандық бөлікті қамтиды.
2. Қазақстан Республикасында МЖӘ үшін институционалдық негіз: бұл бөлімде ЭЫДҰ-ның МЖӘ жөніндегі қағидаттарының бірінші бөлімі пайдаланылатын болады, ол құзыретті және ресурстары жеткілікті органдар қолдайтын нақты, болжамды және заңды институционалдық құрылым құруға шоғырландырады.
3. Баға мен сапаның арақатынасы: бұл бөлімде қағидаттардың екінші бөлімі пайдаланылатын болады, онда МЖӘ-ні таңдау баға мен сапаның арақатынасына негізделуі мүмкін екендігі талқыланады.
4. Бюджет процесі, қаржылық тәуекел және ашықтық. Бұл бөлімде қағидаттардың үшінші бөлімі пайдаланылатын болады, онда қаржылық тәуекелдерді барынша азайтуға алып келу және сатып алу процесінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсаттарында бюджет процесін ашық пайдалану тәсілдері қаралады.
5. МЖӘ-ні қаржыландыру. Бұл бөлім институционалдық инвесторлар үшін ұзақ мерзімді инвестицияларға арналған жоғары деңгейдегі G20/ЭЫДҰ қағидаттарына негізделетін болады. Қазақстан Республикасының МЖӘ-ге қатысты инвесторлар үшін (құрылыс салушылар, қаржылық инвесторлар мен кредиторлар) қалайша тартымды бола алатыны қаралатын болады.
6. Түйіндеме және тұжырымдар: Бұл бөлімде қазақстандық МЖӘ құрылымының күшті жақтары мен сын-тегеуріндері, алынған сабақтары мен дамудың ықтимал салалары қысқаша жазылатын болады.
2-нәтиже. Білім алмасуға арналған іс-шаралар
1. Мамандандырылған семинар.
ЭЫДҰ тобы адам мүмкіндіктері немесе нормативтік нұсқамалар тұрғысынан фактілерді анықтау бойынша МЖӘ шеңберіндегі олқылықтарды анықтауға бағытталған фактілерді анықтау жөніндегі негізгі миссиясы кезіндегі әлеуетті өсіру жөніндегі семинар өткізетін болады. Семинар ЭЫДҰ мен әріптес елдердің озық практикасына негізделетін болады.
2. Сараптамалық бағалау
Шолу жөніндегі топ шеңберінде ЭЫДҰ өзара оқыту мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғалары желісінен лауазымды тұлғаны ұсынады, ол сондай-ақ қорытынды шолуға "сараптамалық бағалау" жүргізеді. ЭЫДҰ елдеріндегі МЖӘ бөлімшелерінен сарапшылардың шолуға қатысуы диалогты және шолудың беделділігін одан әрі нығайтатын болады. Бұл соңғы 50 жылдың ішінде ЭЫДҰ-ның негізгі жедел қағидаты болған ЭЫДҰ-ны сараптамалық бағалау форматына негізделген.
3. ЭЫДҰ-дағы МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғалары желісінің консультациясы.
Қарау, талқылау және бекіту үшін ЭЫДҰ-дағы МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғалары желісіне сәйкес шолу жазбаша нысанда таратылады.
4. Іс-шараны Астанада бастау.
ЭЫДҰ тобы негізгі тұжырымдарды жариялау үшін түпкілікті шолуды Астанада, Қазақстан Республикасында ұсынады.
5. Қорытынды шолуды ЭЫДҰ-дағы МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғалары желісінің жыл сайынғы кеңесінде ұсыну.
Шолу МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғаларының 2019 жылғы жыл сайынғы жиналысында ұсынылады және талқыланады.
Кесте және негізгі кезеңдер
МЖӘ қарау процесі
Қазақстан Республикасы МЖӘ-сін инфрақұрылымдық басқару және шолу екі миссиядан (фактілерді анықтау және іске қосу) және МЖӘ мен ЭЫДҰ аға лауазымды тұлғаларының жыл сайынғы кеңесінің арнайы сессиясынан тұрады.
2017 |
2018 |
2019 |
||||||||||||||||
Қырк |
Қазан |
Қараша |
Желтоқ |
Қаңтар |
Ақпан |
Наурыз |
Сәуір |
Мамыр |
Маусым |
Шілде |
Тамыз |
Қырк |
Қазан |
Қараша |
Желтоқ |
Қаңтар |
Ақпан |
|
Іс-қимылдар |
Кесте |
|||||||||||||||||
1-нәтиже. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестігі жөніндегі шолу |
||||||||||||||||||
Жобаны бастау |
||||||||||||||||||
Бастапқы фактілер, кабинеттік зерттеулер |
||||||||||||||||||
Сауалнамалар Қазақстан Республикасына жіберілді |
||||||||||||||||||
Сауалнамалар ЭЫДҰ-ға қайтарылды, кабинеттік зерттеулер |
||||||||||||||||||
Фактілерді анықтау жөніндегі негізгі миссия |
||||||||||||||||||
Шолуды жасау |
||||||||||||||||||
Алдын ала жоба түсіндірме беру үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін болады |
||||||||||||||||||
Шолуды түзету. Түпкілікті жоба Қазақстан Республикасына жіберілетін болады |
||||||||||||||||||
ЭЫДҰ-ның МЖӘ мен инфрақұрылымының аға лауазымды тұлғалары желісіне шолу жасау |
||||||||||||||||||
Түпкілікті түзету және аудару |
||||||||||||||||||
Қорытынды миссия/Іске қосу |
||||||||||||||||||
2-нәтиже. Білім алмасуға арналған іс-шаралар |
||||||||||||||||||
ЭЫДҰ-ның МЖӘ мен инфрақұрылымының аға лауазымды тұлғаларының жыл сайынғы отырыстары |
||||||||||||||||||
Мамандандырылған семинар |
1. Бастапқы фактілер
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арқылы ресми түрде жергілікті команда мен негізгі байланыс жасайтын адам ретінде жергілікті команданың көшбасшысы көрсетілетін болады.
ЭЫДҰ тобының жетекшісі шолудың басты міндеті неде екенін түсіну, сондай-ақ материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен МЖӘ шолуын қарау процесін талқылау үшін жергілікті командамен, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен және жекелеген мүдделі тараптармен ресми емес келіссөздер жүргізеді. Бұл шолудың мақсаттарына қатысты айқындықты қамтамасыз етуге және мүдделі тараптардың түйінді мәселелерді анықтауға қатысуын күшейтуге тиіс. Белгілі бір түйінді мәселелер кейіннен талқылау үшін негіз болады.
2. Сауалнама әзірлеу
Анықталған түйінді мәселелердің негізінде ЭЫДҰ Хатшылығы сауалнама әзірлейді және МЖӘ-ге қатысты процестер мен рәсімдер туралы деректер мен ақпарат жинау үшін Қазақстан Республикасына жібереді. Сауалнаманы Қазақстан Республикасының жергілікті командасы Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылым мен МЖӘ саласында жұмыс істейтін мүдделі тараптарға жібереді. Толтырылған сауалнама егжей-тегжейлі дайындықты қамтамасыз ету үшін фактілерді анықтау жөніндегі негізгі миссияның алдында ЭЫДҰ-ға қайтарылуға тиіс.
3. Фактілерді анықтау жөніндегі негізгі миссия
ЭЫДҰ-ның сарапшылар тобы мен сарапшы-рецензент Астанаға, Қазақстан Республикасына келеді және 5 күн бойы отырыс өткізеді. Қажеттігіне қарай, топ кейіннен кездесулерді дайындау және өткізу үшін келесі аптаға елде қалуы мүмкін. Миссия ЭЫДҰ Хатшылығы қызметкерлерінен, МЖӘ жобаларына қатысты жақсы практикасы бар елдің бір сарапшысынан және бір сарапшы-рецензенттен тұрады. Топ мүшелері үкіметтік және үкіметтік емес негізгі мүдделі тараптардан ақпарат жинайтын болады. 1-қосымшада мүдделі тараптардың алдын ала тізімі көрсетілген.
Кездесулер логистикасы
Қазақстан Республикасының жергілікті командасы барлық кездесулерді ұйымдастырады және жиналысқа тиісті мүдделі адамдардың қатысуын қамтамасыз етеді. Миссияның уақытын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін кеңес өткізуге белгілі бір бөлме беріледі, онда әңгімелесушілер талқылаулар өткізу үшін кездесе алады.
4. Мамандандырылған семинар
Техникалық консультациялардың барысында басым фактілер ретінде айқындалған саясат саласындағы фактілерді белгілеу жөніндегі негізгі миссия әлеуетті өсіру жөнінде семинар өткізетін болады. Баяндамашылар ЭЫДҰ командасынан, сарапшылар мен рецензенттен құралады.
5. Шолуды жасау
Жобаны әзірлеуге шолудың негізгі тұжырымдары бойынша ұсыну, талқылау және мүмкіндігінше, конценсусқа қол жеткізу үшін тиісті мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау арқылы қолдау жасалатын болады, бұл қосымша қажетті ақпаратты жинауға ықпал етеді. Алдын ала жоба шолу жасалғаннан кейін төрт айдан соң алғашқы түсіндірмелерді алу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін болады.
6. Шолуды түзету ықтималдығы
Фактілерді анықтау процесінің негізінде рецензенттің (тердің) түсіндірмелері мен Қазақстан Республикасының пікірлері және МЖӘ құрылымын жақсарту жөніндегі ұсынымдар әзірленеді. ЭЫДҰ түпкілікті шолуды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
7. Шолудың жобасын ЭЫДҰ-дағы МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғаларымен жазбаша түрде талқылау
Шолу өзінің негізгі тұжырымдарымен және ұсынымдарымен бірге шолуды қарау, талқылау және бекіту үшін МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымдық тұлғаларының желісіне берілетін болады. Қажет болған жағдайда, шолу Желіден алынған пікірлер аясында түзетілуі мүмкін.
8. Қорытынды миссия және іске қосу
ЭЫДҰ тобы түпкілікті шолуды ұсыну үшін бір күндік сапармен Астанаға, Қазақстан Республикасына келеді.
9. Шолуды МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғаларының жыл сайынғы кеңесіне ұсыну және талқылау
Түпкілікті шолу МЖӘ мен инфрақұрылымның аға лауазымды тұлғалары желісінің жыл сайынғы кеңесіне 2019 жылғы бірінші тоқсанда ұсынылатын болады. Ең үздік практикаға ие елдердің лауазымды тұлғалары мен Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары арасында қалаулары бойынша МЖӘ үшін тиімді институционалдық негіз құруға тәжірибе және білім алмасу мақсатында сарапшылардың қатысуымен семинарлар ұйымдастыруға болады.
Қазақстан Республикасының |
Бюджет
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесіне шолу жасау |
||
Евро |
% |
|
1-тақырып - ЭЫДҰ жобаларын басқару және персоналға арналған шығыстар |
96225 |
64.2% |
2-тақырып - Төлемді қайтару (офистік үй-жайлар, АТ және т. б.) |
15293 |
10.2% |
3-тақырып - Сараптамалық алымдар |
5000 |
3,3% |
4-тақырып – Миссия шығыстары |
||
миссия шығыстары (ЭЫДҰ персоналы) |
9750 |
6,5% |
миссия шығыстары (сарапшылар) |
9722 |
6.5% |
5-тақырып – Әртүрлі (басып шығаруға және жариялауға арналған шығыстар) |
560 |
0,4% |
6-тақырып – Ілеспе және ауызша аудару |
4000 |
2,6% |
ЭЫДҰ гранты әкімшілік алым (6.3%) |
9450 |
6.3% |
Жалпы сомасы |
150000 |
Ескертпе: Ортақ бюджет шеңберінде қала отырып, бір бюджеттік желі бойынша кез келген артық шығын жұмсалмай қалған басқа бюджеттік желі есебінен өтелуі мүмкін.
Бұл бюджеттің мыналарды:
• фактілерді анықтау миссиясы кезінде орыс1 тілінен ағылшын тіліне аударуға арналған шығыстарды;
• сауалнама мен түпкілікті шолуды орыс тіліне аударуға арналған шығындарды;
• мамандандырылған семинар дайындауды (үй-жайды Қазақстан Республикасы ұсынады);
• Астанаға және Астанадан, Қазақстан Республикасы келетін немесе кететін сапарларға, тұруға және ЭЫДҰ командасы, сарапшылар мен рецензенттің тұруына арналған қаражаттарды;
• соңғы есептің баспа нұсқаларын жариялау және 200 данасын Қазақстан Республикасына беруді қамтитынын атап өту керек.
Аталған бюджеттің мыналарды өтемейтінін атап өту керек:
• жергілікті топтың ұйымдастыру жұмысын қаржыландыру;
• іске қосуға қатысатын ЭЫДҰ қызметкерлері үшін миссияға арналған шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бастау үшін кез келген іс-шараның құны (конференцияның шолудан кейінгі таныстырылымдары);
келісілмеген мамандандырылған семинарларға, тренингтер мен одан әрі талдамалық зерттеулерге арналған қосымша шығыстар.