Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)" жобасын іске асыру туралы гранттық келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)" жобасын іске асыру туралы гранттық келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы |
|
жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)" жобасын іске асыру туралы гранттық келісім
Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" немесе бірге "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Шарттың нысанасы
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) осы Келісімге қосымшада сипатталған "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)" жобасын (бұдан әрі – жоба) жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жоба шеңберінде ЭЫДҰ орындайтын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
3. Жобаның ұзақтығы – осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 15 ай.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыруға арналған шығыстарды өтеу есебіне ЭЫДҰ-ға 350000 (үш жүз елу мың) евро беруге міндеттенеді.
2. Жарна екі кезеңмен төленеді. 175000 (бір жүз жетпіс бес мың) евро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылғаннан және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынғаннан кейін толық көлемде төленеді және 175000 (бір жүз жетпіс бес мың) евро мөлшеріндегі екінші жарна Келісімге қол қойылғаннан бір жылдан кейін ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынған кезде төленеді.
3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасынан 6,3 % әкімшілік шығындардың өтелуін төлеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережелеріне және басқа тиісті қағидаларына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес әкімшілендіретін болады. Жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес шығыс ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетіледі және ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.
3-бап. Жұмыстардың сипаттамасы және есептілік
1. ЭЫДҰ жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада сипатталғандай жүзеге асыратын болады.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндау нысанында қорытынды есепті ұсынады.
3. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы жылдық есепті ұсынады.
4. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды қаржылық есепті ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес сақталғандығымен келіседі.
4-бап. Ақпарат алмасу
Тараптар бір-біріне жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек пен ақпаратты береді.
Тараптар арасындағы кез келген байланыс мына мекенжайларға жіберіледі:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: 010000, Қазақстан, Астана, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, тел.: +7 (7172) 74-35-31, e-mail: B.Altayeva@economy.gov.kz; тел.: +7 (7172) 74-36-18, e-mail: b.akbolina@economy.gov.kz.
ЭЫДҰ үшін: Ронни Доунес, Бюджет және мемлекеттік шығыстар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары (GOV/BUD), Мемлекеттік басқару директораты, ЭЫДҰ, 75775, Франция, Париж, Cedex 16, 2, rue Andre-Pascal, e-mail: ronnie.downes@oecd.org, тел.: +33 1 4524 8040.
5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану
1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігі болып қалады.
2. Құжаттарды жіктеуге және жіктемеден шығаруға қатысты үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ ЭЫДҰ қағидалары мен саясаты сақталған кезде, егер қолданылатын болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне коммерциялық емес мақсаттар үшін осы жарна есебінен қаржыландырылатын жоба шеңберінде дайындалған жарияланымның (жарияланымдардың) қағаз көшірмесін пайдалану, көшірмесін жасау және тарату құқығын береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз веб-сайтында жарияланымды (жарияланымдарды) орналастыруға және "оқу үшін ғана" (html 5) толық қолжетімділік беруге де уәкілетті.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жерде үнемі ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.
4. ЭЫДҰ осындай жарияланымның тілі мен нысанына қарамастан, қорытынды есепті бірінші жариялау құқығын өзіне қалдырады.
5. Қорытынды есеп Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобаға қосқан үлесін мойындауды қамтитын болады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің символы жарияланым мұқабасының артқы бетінде немесе жоғарыда көрсетілген мойындаудың жанында жарияланымның ішінде орналастырылады.
6. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты өз есебін дайындау мақсатында және жобаны жүзеге асыруға қолдануға және/немесе енгізуге құқылы.
6-бап. Дауларды шешу
Осы Келісімнің болуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, түсіндіруден, қолданудан, орындаудан немесе осыларға қатысты туындайтын және келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмайтын кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық төрелік соттың тұрақты палатасының осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін төрелік соттың факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар соңғы төрелік талқылауымен шешіледі. Судьялар саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы уағдаластық арқылы таңдалады, егер төрелік талап етілгеннен кейін үш айдың ішінде мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, судья Тараптардың бірінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес тағайындалады. Төрелік сот Франция, Парижде өтеді және барлық іс-жүргізу және ұсынылатын түсініктемелер ағылшын тілінде болуы тиіс.
7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімде ештеңе халықаралық ұйым ретіндегі ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуі тиіс.
8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап. Күшіне енуі
Осы Келісім оған екі Тарап та қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Осы Келісім одан туындайтын барлық міндеттемелерді екі Тарап та орындағанға дейін жарамды болады және қолданылады.
______ жылғы "___" __________ қаласында әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерде ауытқулар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып саналады.
Қазақстан Республикасының |
Экономикалық ынтымақтастық |
"Қазақстан Республикасының |
ЭЫДҰ-ның Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бойынша шолуы: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық практиканы имплементациялау жөніндегі стратегия (бюджет саясатын оңтайландыру)
1-тарау. Жалпы ережелер
Қазақстан табиғи ресурстардың мол қорын тиімді пайдалануға бағытталған экономикалық және стратегиялық дамудың нақты жүйесі қалыптасқан, аумағында көп түрлі мәдениеттер тұратын ел болып табылады, ал мемлекет алдыңғы қатарлы халықаралық практикаларды қолдануға, әкімшіліктік және мемлекеттік басқару саласында тиісті реформалар жүргізуге дайын.
Кеңес Одағының тарауы нәтижесінде тәуелсіздік алған кезден бері 1991 жылы бірінші бюджет жүйесі туралы заң қабылданғаннан және оған кейіннен 1997 және 1999 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен бастап, ал одан әрі тиісті Бюджет кодексін қабылдаумен Қазақстан мемлекеттік қаржыны басқару (бұдан әрі – МҚБ) саласында елеулі ілгерілеуге қол жеткізді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша МҚБ құрылымына барлық негізгі қаржылық рәсімдерді, оның ішінде бюджетті құру, орта мерзімді бюджеттік жоспарлау мен бюджет саясатын жүзеге асыру, бюджетаралақ қатынастар және Ұлттық қорды басқаруды іске асыруға арналған құралдар кіреді.
Кейінгі реформалар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" (2015 жылғы 20 мамыр) жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, оған бес институционалдық реформа негіз болды. Жоспар мемлекеттік басқару саласындағы реформалар жүргізуді; нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін құруды; мемлекеттік бағдарламаларды және стратегиялық жоспарлауды жетілдіруді; "ашық үкімет" жағына ілгерілеуді; барлық бюджеттік шығыстар мен қаржылық есептерге қатысты ашықтықты; жергілікті басқару деңгейіндегі тәуелсіз бюджеттер бойынша міндеттемелерді; жергілікті өзін-өзі басқару негізінде шешім қабылдау процесіне тұрғындарды белсенді қатыстыруды және оларды бюджеттік жоспарлауға тартуды қамтиды.
Жүргізіліп отырған реформаларды ескере отырып, ЭЫДҰ-ның Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне шолуы қазіргі заманғы бюджеттендіруді жүзеге асыруға арналған он қағидатты қамтитын бюджеттік басқару жөніндегі (2015 жыл) ЭЫДҰ ұсынымына сүйенген елдегі мемлекеттік қаржыны басқарудың жалпы құрылымының талдауын қамтитын болады. Шолу Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына басымдықтарды анықтауға және бюджеттік реформалау бойынша қолданыстағы бағдарламаны қалыптастыруға көмектесетін құқықтық құралдарды қамтиды. Осы құқықтық құралдарды имплементациялау Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ ұсынымдарын қолдануға формальды дайындығын білдіреді. Қазақстанға өзара тиімді талдау және оқыту өткізу мақсатында ЭЫДҰ ресми халықаралық форумы шеңберінде өткізілген шолу бойынша тұжырымдар беру ұсынылады деп күтілуде.
2-тарау. Бюджеттік реттеудің рөлі
Бюджет мемлекеттің тиісті реформаларды өткізу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсететін үкіметтің негізгі саяси құралы болып табылады. МҚБ тиімді жүйесі ашықтық негізінде мемлекеттік қаражат бөлуге, даму бағдарламаларын нақты айқындауға және оларды тиімді орындауға, есеп берушілік, оның ішінде ашық қаржылық есептілік пен тәуелсіз аудит қағидаттарын қолдануға, оңтайлы баға және тиімді парламенттік өзара іс-қимыл бойынша сапаға қол жеткізуге кепілдік береді.
Қазіргі заманғы бюджеттік реттеуде МҚБ-ның дәстүрлі қағидаттары нақты қаржылық мақсаттарға қол жеткізуге; жүргізілген мемлекеттік шығыстардың (бағдарламалық-нысаналы бюджеттендіру) нәтижелері мен салдарын бағалауға; қолжетімді ресурстар санын ескере отырып, оның ішінде орта мерзімді бюджеттік шектеулердің көмегімен стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыруға; салықтық тәуекелдер мен тұрақты даму проблемаларын анықтау және басқару үшін стратегияларды айқындауға; азаматтық қоғамды мемлекет қызметіне тартудың ашық және жаппай ауқымды тәсілін қалыптастыруға бағытталған.
МҚБ реформасының осы және басқа элементтері ЭЫДҰ-ның бюджеттік басқару жөніндегі ұсынымдарында (2015ж.) көрсетілген, ол он заманауи бюджет қағидатын қамтиды. Аталған қағидаттар өзара байланысты болып табылады және бірін-бірі толықтырады (төменде) және реформалаудың дербес элементтері болып табылмайды, сондықтан бұл ұсыным болашақ реформалар үшін басымдықтар мен бағыттарды айқындауға арналған негіз ретінде мемлекеттік қаржыны басқару практикасына жан-жақты шолу жүргізген кезде барынша пайдалы болады.
ЭЫДҰ ұсынымдарында "бюджеттік реттеудің ұлттық практикаларының әртүрлі құқықтық, конституциялық, институционалдық немесе мәдени қағидаттарға байланысты әлем бойынша әр елде әртүрлі екені, ал елдер нақты жағдайларға байланысты бюджеттік реттеу тәсілдерін өздері таңдайтыны да" атап өтіледі. Басқаша айтқанда, бұл жерде мемлекеттік қаржыны басқарудың "бірыңғай шаблоны" болмайды, елдердің өз ұлттық ерекшеліктерін, сондай-ақ өңір бойынша өздерінің көршілері мен басқа да шетелдердің халықаралық практикасын ескере отырып, өз жеке бюджеттік бағдарламаларын өздерінің мұқият талдағаны маңызды.
3-тарау. ЭЫДҰ бюджеттік реттеуін шолу
МҚБ реформалау мәселелері бойынша ұсынымдарды бағалау және әзірлеу саласында ЭЫДҰ-ның көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар. ЭЫДҰ елдеріндегі бюджеттік практикалар мен рәсімдерге шолу (2014) жарияланым-болжамды білдіреді, ол қазіргі заманғы бюджеттік реттеу жүйесіндегі "озық практикаларды" қамтиды, сондай-ақ бұл зерттеу Азия елдері мен басқа да өңірлерді қамтиды. ЭЫДҰ бюджеттік реттеу мәселелері жөніндегі басқарушы тұлғаларының жұмыс тобы ең үздік халықаралық практикаларды талқылау және халықаралық стандарттарды белгілеу мақсатында Қаржы министрліктері мен Қазынашылықтардың жоғары мәртебелі тұлғаларын біріктіреді. Жұмыс тобының Өңірлік желілері Азияда, Латын Америкасында, Кариб бассейні, Таяу Шығыс/Солтүстік Африка мен Шығыс Еуропа/Орталық Азия елдерінде де жұмыс істейді. ЭЫДҰ сонымен бірге ЭЫДҰ-ға мүше көптеген елдер мен ЭЫДҰ-ға мүше емес елдерде де тереңдетілген шолу, оның ішінде бағдарламалық-нысаналы бюджеттендіру шолуларын жүргізді.
ЭЫДҰ елдеріндегі бюджеттік практикалар мен рәсімдерге шолу (2014) мемлекеттерге олардың МҚБ ұлттық реттеулері озат халықаралық практикаларға сәйкес келетіндігін бағалауға және одан әрі реформалар бағдарламаларын қалыптастыруға бағытталған көптеген сындарлы ұсыныстар мен идеялар алуға мүмкіндік береді.
Бюджеттік реттеудің шешуші салаларында үздік халықаралық практикаларды қолдануға ниетті елдер үшін ЭЫДҰ елдеріндегі бюджеттік практикалар мен рәсімдерге шолу бюджеттік басқаруды реформалаудың орта мерзімді жол картасын қалыптастыруға негіз бола алады, онда одан арғы прогресс үшін шешуші басымдықтар мен бағыттар айқындалатын болады.
4-тарау. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін шолудың шеңберінде қойылған міндеттер
Міндеттер
ЭЫДҰ мынадай мақсаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне шолу жүргізеді:
1. ЭЫДҰ-ның бюджеттік басқару жөніндегі ұсынымдарында (2015) баяндалған қағидаттарды ескерумен, мемлекеттік қаржыны басқару саласында және аралас салаларда жақын арада болған және жалғасып отырған реформаларды назарға ала отырып, сонымен қатар нәтижеге бағдарланған бюджеттеу және есепке жазу әдісі бойынша есепке алу және бюджеттеу әдістерінің мәселелері жөніндегі салыстырмалы халықаралық перспективаны қамтумен, Қазақстандағы бюджеттік реттеу саласын түпкілікті шолуды және бағалауды қамтамасыз ету.
2. Қазақстанды бюджеттік реттеудің әртүрлі аспектілеріндегі ең үздік халықаралық практикалар бағытында ілгерілету мақсатында Қазақстанның билік органдарына орта мерзімді перспективада олардың қолданыстағы және болашақ бағдарламалық реформаларын әзірлеу мен ерекшеліктерінде көмек көрсету үшін бюджеттік реттеу жүйесін реформалау жөніндегі тиісті жол картасын әзірлеу.
3. Жоғарыда сипатталған міндеттерді ескере отырып, Қазақстанның ЭЫДҰ-ның бюджеттік басқару жөніндегі ұсынымдарына формальды түрде қосылуы үшін талдамалық және дәлелдемелік негізді қамтамасыз ету.
Іс-шаралар мен нәтижелер
Шолуда мынадай іс-шаралар мен нәтижелер қамтылатын болады:
?Қазақстан Республикасының бюджеттік реттеуін шолу
?Бюджеттік реттеу реформаларының шешуші аспектілері бойынша білім алмасу үшін, сондай-ақ оны іске асыруға жәрдемдесу үшін ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы сарапшыларының екі семинары.
Жобаның құрылымы
Осы Жоба төменде аталған төрт кезеңде жүзеге асырылатын болады.
1-кезең: Деректер жинау
Қазақстан қазіргі бар бюджеттік реттеу тетіктеріне, сондай-ақ қысқаша сауалнама негізіндегі қосымша ақпаратқа қатысты ақпарат беруі қажет. Сауалнамалар мен өзге де ақпарат жинау нысандары ЭЫДҰ-мен орыс тілінде және жауаптары ЭЫДҰ-ға ағылшын тілінде ұсынылатын болады. Осыған байланысты Қазақстанның мемлекеттік өкілдері 2016 жылғы Парасаттылық жүйесін зерттеу сияқты, сауалнаманың тиісті аспектілері кейбір деңгейде қаралған ЭЫДҰ-ның қазіргі бар зерттеулеріне сілтеме жасайды.
2-кезең: Елге келу
ЭЫДҰ қызметкерлері мен консультанттары Қазақстанға сапармен келеді. Бұл сарапшылардың неғұрлым жан-жақты ақпарат алуына және Қазақстанда қолданылатын тәсілдер мен қағидаттарды алдын ала бағалауына мүмкіндік береді.
Жалпы қолданылатын практикаға сәйкес елге бару бірнеше сапарды және уәкілетті қаржы органдарымен (негізінен Қаржы министрлігімен) және басқа да мемлекеттік органдармен болатын талқылауларды қамтиды:
?Қаржы министрлігі
Бюджет заңнамасы департаменті;
Бюджеттік жоспарлау департаменті;
Салық және кеден заңнамасы департаменті;
Мемлекеттік кірістер комитеті; *
Қазынашылық комитеті;
Есептілік және статистика департаменті;
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті."
*Үкіметтің орталық аппараты (әдетте премьер-министр/президент)
Ұлттық стратегиялық жоспар және оларды бюджет ресурстарымен біріктіру;
Салалық министрліктер
Қаржы басқармалары (Қаржы министрлігімен бірге жұмыс істейтін) – 2 немесе 3 негізгі министрлік;
*Агенттіктер – 2 немесе 3 негізгі агенттік;
*Парламент – бюджеттік қадағалау/мемлекеттік шоттар комитеттерінің өкілдері;
*Жоғары бақылаушы органдар;
*Азаматтық қоғам және ғылыми орта – нақты идеялары мен бюджеттік реттеуге қатысы бар ұйымдар мен ғалымдар.
3-кезең: Нәтижелерді талдау және есепті қалыптастыру
Жоғарыда аталған кезеңдер аяқталғаннан кейін ЭЫДҰ Хатшылығы алынған материалды (деректер, сауалнамалар, тақырыптық зерттеулер, кездесулер мен елге сапарлар шеңберіндегі талқылаулар) талдайды және есептің жобасын жасайды. Есептің жобасын дайындау процесінде ЭЫДҰ Хатшылығы Бюджет жүйесіне шолудың қосымша құндылығын қамтамасыз ету және талдаудың қайталануын болдырмау мақсатында ЭЫДҰ-ның қазіргі бар Парасаттылық жүйесін зерттеу 2016 сияқты зерттеуді қарайтын болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі есептің жобасын және орыс тіліндегі аудармасын алады, сонымен қатар есеп қалыптасқанға дейін, кемінде бір ай мерзімде есептің жобасы бойынша түсініктемелер береді. Осы мерзім ішінде ЭЫДҰ есептің талдау негіздері бойынша толық түсініктемелер беруге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп аяқталғанға дейін кез келген мүмкін қатені дұрыстау үшін түрлі мүмкіндік беруге міндеттеледі. Қорытынды есептің орыс тіліндегі аудармасын да (кемінде 15 дана) ЭЫДҰ береді.
4-кезең: Нәтижелерді ұсыну
Шолудың нәтижелері Қазақстан Үкіметіне және/немесе ЭЫДҰ-ның Орталық және Шығыс Еуропадағы бюджет мәселелері жөніндегі басқарушы тұлғаларының жұмыс тобына беріледі, онда шолу бірлесіп талқылау және оқу үшін әрбір нақты елдің мәнмәтінінде қаралатын болады.
ЭЫДҰ сарапшыларының Қазақстандағы семинарлары.
Қазақстан Республикасының ұсыныстары мен басымдықтарын ескере отырып, екінші кезеңді (елге келу) және төртінші кезеңді (Қазақстандағы нәтижелерді ұсыну) орындау шеңберінде сарапшылардың екі семинары өткізілетін болады.
Болуы мүмкін қосымша семинарлар мен практикумдар: Баяндалған қағидаттарды іске асыруға жәрдемдесу үшін және/немесе бюджеттік реттеу реформаларына нақты талдау жүргізу үшін қосымша семинарлар мен практикумдар өткізу жеке есептелетін және "жол картасы" ережелері мен тиісті реформаларды имплементациялау стратегиясын іске асыру ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары мен басымдықтарының негізінде ұйымдастырылатын болады. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметімен оның қаншалықты қажеттілігі мен пайдалылығы деңгейінде өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайын.
Кесте
Төменде берілген кесте негізгі уағдаластықтарға 2017 жылғы маусым/шілдеде қол жеткізілетінінің негізінде дайындалған.
2017 – 2018 жылдарға арналған жиынтық кесте
2017 жылғы маусым-шілде |
1-кезең: Деректер жинау |
2017 жылғы шілде-қыркүйек |
2-кезең: Елге келу (4 – 5 күнге) |
2018 жылғы қаңтар-ақпан |
3-кезең: Нәтижелерді талдау және есепті қалыптастыру |
2018 жылғы наурыз-сәуір |
4-кезең: Нәтижелерді ұсыну |
2018 |
ЭЫДҰ-ның бюджеттік реттеу мәселелері жөніндегі басқарушы тұлғалары жұмыс тобының баяндамасын ұсыну және алқалы түрде талқылау |
Жобаның құны
ЭЫДҰ елдің шығындары мен ерікті жарналарының орнын толтырудың негізінде бюджеттік реттеуге шолу жасайды. Шолу жасауға байланысты шығыстар мыналарды: ЭЫДҰ Хатшылығындағы арнайы кросс-функционалдық команданың көмегімен ауқымды зерттеуді және талдауды; консультанттар мен халықаралық сарапшылар жалдауды; сапарлар мен іссапарларды; деректер талдауын; шолу жасауға байланысты өзге де шығыстарды қамтиды.
Шолуды іске асыруға байланысты өзге де шығыстарды (Қазақстанда талқылау жүргізілетін залдар), күтілетіндей, қабылдаушы тарап өтеуі тиіс. ЭЫДҰ сарапшылары командасы өз жұмыстарын негізінен ағылшын тілінде орындайтын болады, сондықтан тиісті аударма жасау шығындарын да қабылдаушы тарап өтейді.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, шолудың жалпы құны 350000 евроны құрайды, ол мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасының бюджеттік реттеу шолуын аяқтау шығыстарының жалпы сметасы (евромен)
Атаулары |
Құны (Евро) |
|
ЭЫДҰ персоналына жұмсалатын шығыстар |
225 987 |
|
Бір адамға шаққандағы төлемдер |
30 341 |
|
Консультанттар |
33 500 |
|
Бару және келу сапарлары (ЭЫДҰ қызметкерлері және сарапшылар) |
37 850 |
|
Өзге де шығыстар (мысалы, басып шығару, фотокөшірмелер, жарияланымдар) |
272 |
|
Нақты көрсетілген қызмет үшін ЭЫДҰ комиссиясы |
22 050 |
|
Жалпы сомасы |
350 000 |
Ескертпе: бюджеттің бір бағыты бойынша кез келген артық жұмсалған шығысты бюджеттің жалпы сомасының шегінде қала отырып, бюджеттің басқа бағыттары бойынша үнемдеу есебінен өтеуге болады.
Қазақстан Республикасымен болуы мүмкін қосымша жұмыс
Баяндалған қағидаттарды іске асыруға жәрдемдесу үшін және/немесе бюджеттік реттеу реформаларына нақты талдау жүргізу үшін қосымша семинарлар мен практикумдар өткізу жеке есептелетін және "жол картасы" ережелері мен тиісті реформаларды имплементациялау стратегиясын іске асыру ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары мен басымдықтарының негізінде ұйымдастырылатын болады. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметімен оның қаншалықты қажеттілігі мен пайдалылығы деңгейінде өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайын.