"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 579 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы

      1-бап. Мыналарды:

      1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 21), 23), 24), 71), 72) тармақшаларын, 24-бабы 16) тармақшасының төртінші абзацын;

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 22-бабының 9 және 10-тармақтарын, 82-бабы 2-тармағының үшінші бөлігін, 83-бабы 1-тармағының екінші бөлігі, 118-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын, 121-бабының 2-тармағын, 124-бабы 1-тармағының бірінші бөлігін, 133-135-баптарын, 150-бабын, 152-бабының 4-тармағын, 190-бабы 2-тармағының 2) тармақшасын, 412-бабының 1, 2, 3, 4-тармақтарын, 433-бабын, 484-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын;

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 1-бабы 1-тармақшасының 61) тармақшасы, 3-бабының 4-тармағын, 11-бабының екінші бөлігін, 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, 23-бабын, 24-бабы 14) тармақшасының үшінші абзацын және 15) тармақшасының бірінші абзацын, 26-бабының 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтарын, 72-бабын, 73-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын, 114-бабы 2-тармағының 6) тармақшасы, 120-бабы 5-тармағының 2) тармақшасын, 140-бабының 6-тармағын, 142-бабы 1-тармағының 15) тармақшасын, 176-бабын, 204-бабының 2-тармағын, 208-бабының 5-тармағын, 209-бабының 4-тармағын және 5-тармағының 5) тармақшасын, 211-бабы 5-тармағының 7) тармақшасын, 212-бабының 5-тармағын, 215-бабы 6-тармағының 2) тармақшасын, 71-тарауын, 678-бабының 2-тармағын;

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 109, 110, 111, 112, 113-баптарын қоспағанда "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      2-бап. Салық кодексінің 69-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы, 116-бабының 8-тармағы, 121-бабының 8-тармағы, 215-бабы 4-тармағының 7) тармақшасы, 250-бабының 8-тармағы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3-бап. Салық кодексінің 24-бабы, 14) тармақшасының он төртінші абзацы, 74-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы, 9-тараудың 4 параграфы, 88-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшалары, 189-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацы, 229-бабы 5-тармағының 11) тармақшасы, 232-бабының 5-тармағы, 233-бабы 1-тармағының үшінші және төртінші бөлігі, 250-бабы 1-тармағының төртінші бөлігі, 4-тармағы, 307-бабы 2-тармағының 8) тармақшасы, 539 және 540-баптары, 17-бөлімі, 645-бабы 9-тармағының 13) және 14) тармақшалары, 654-бабының 11) және 12) тармақшалары 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      4-бап. Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 19) тармақшасы және 372-бабы 5-тармағының 28) тармақшасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.     

      5-бап. Салық кодексінің 427 және 428-баптары 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      6-бап. Салық кодексінің 232-бабының 2-тармағы, 241-бабы 1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері, 250-бабының 2-тармағы, 264-бабының 20) тармақшасы, 292-бабы, 300-бабының 11-тармағы 319-бабы 2-тармағының 20) тармақшасы, 407-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      7-бап. Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 25) тармақшасының қолданысы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "25) мұнайды дайындау – мұнайды дайындайтын технологиялық процестер кешені, оның ішінде жинау, дайындауға жеткізу, ұңғыма сұйықтығының өлшегіш қондырғыларға түсуі, газын шығару, сусыздандыру, тұзсыздандыру, тұрақтандыру, демеркаптанизация;".

      8-бап. Салық кодексінің 1-бабы 1-тармағының 54), 63) және 69) тармақшаларының қолданысы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "54) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы –электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;";

      "63) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші;";

      "69) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және жарналар;".

      9-бап. Салық кодексінің 19-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "Осы тармақшада белгіленген алып тастау салық органдарының салықтық тексеру жүргізу барысында қоятын талаптарына қолданылмайды;".

      10-бап. Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағының 11) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "11) ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының орындалуын бақылау және валюталық бақылау агенті болып табылатын уәкілетті банктерге беруге қажетті мәліметтер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне.

      Салық құпиясын құрайтын ұсынылатын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алу қағидаларында белгіленеді.".

      11-бап. Салық кодексінің 48-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "48-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі

      1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі:

      1) салық органы салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға, есептеуге немесе есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;

      2) салық төлеуші (салық агенті, оператор) салық есептілігін табыс етуге міндетті, салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салық есептілігін кері қайтарып алуға құқылы;

      3) салық төлеуші (салық агенті, оператор) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі.

      2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы баптың 4, 5 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      3. Салық төлеуші, салық органы салық сомасын:

      1) инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшартта көрсетілген салықтар бойынша осы Кодекстің 80-тарауы қолданылған кезде – осындай келісімшарттың қолданыс кезеңі ішінде және инвестициялық келісімшарттың қолданыс мерзімі өткен немесе оның қолданысы өзге де тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде;

      2) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы қолданылған кезде жеке тұлға оқуы кезеңінде және жеке тұлға оқуын аяқтаған күннен бастап бес жыл ішінде есептеуге, есепке жазуға немесе есептелген, есепке жазылған салық сомасын қайта қарауға құқылы.

      4. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша салық органы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс кезеңі ішінде және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде үстеме пайда салығының, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдістемесінде мынадай көрсеткіштердің бірі: рентабельділіктің ішкі нормасы (РІН) немесе пайданың ішкі нормасы немесе R-фактор (табыстылық көрсеткіші) пайдаланылады.

      5. Мынадай:

      1) талап қою мерзімі Қазақстан Республикасының аумағында ғимараттар мен құрылыстар алғаш пайдалануға берілген салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесе мен талабы бойынша осы Кодекстің 432-бабының 1-тармағы қолданылған;

      2) кеңінен таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықтарды қоспағанда, талап қою мерзімі жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын геологиялық барлау жұмыстары мен кен орнын жайластыру кезеңінде осы Кодекстің 432-бабының 2-тармағы қолданылған жағдайларды қоспағанда;

      Егер экспорт 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылса, талап қою мерзімінің өтуі 2016 жылғы 1 қаңтардан басталады;

      3) осы Кодекстің 104-бабында көзделген қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды жүргізу үшін талап қою мерзімі қайтару ұсынылған қосылған құн салығынан асатын соманың дәйектілігі, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелеріне шағым жасау қорытындылары бойынша расталған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын осы Кодекстің 432-бабында көрсетілген қосылған құн салығынан асатын расталған соманы салық органдары қайтаратын жағдайларды қоспағанда талап қою мерзімінің өтуі тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      6. Осы баптың 5-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын есепке жазу немесе оның есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау мақсаттары үшін талап қою мерзімінің өтуі салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талаппен ұсынған салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

      7. Талап қою мерзімі:

      1) салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын есепке жатқызу және (немесе) қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылдан кейін өтетін кезең үшін қосымша салық есептілігін ұсынған жағдайда – күнтізбелік бір жылға;

      2) салық төлеуші осы баптың 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпоративтік табыс салығының сомасын бюджеттің есебіне жатқызу және (немесе) қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылдан кейін өтетін кезең үшін залалды ауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар қосымша салық есептілігін ұсынған жағдайда – күнтізбелік үш жылға;

      3) мынадай:

      салық төлеуші (салық агенті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының шағым жасалатын бөлікте әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде;

      бейрезиденттің халықаралық шарт негізінде бюджеттен табыс салығын қайтаруға салық өтінішін қарау;

      бейрезиденттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық шарт негізінде бюджеттен корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын қайтаруға салық өтінішін қарау нәтижелері бойынша шығарылған салық органының шешіміне шағым жасаған;

      бейрезиденттің осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілген салық органының шешіміне шағымын қарау нәтижелері бойынша шығарылған уәкілетті органның шешіміне бейрезидент шағым жасаған жағдайларда шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін;

      4) осы Кодекстің 221-бабына сәйкес өзара келісу рәсімдерін уәкілетті орган жүргізген жағдайда – өзара келісу рәсімдерінің қорытындылары бойынша қабылданған шет мемлекеттің уәкілетті органының және (немесе) құзыретті органының шешімі орындалғанға дейін;

      5) талап қою мерзімі өткенге дейін жіберілген және табыс етілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін;

      6) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдарды табыс еткен күннен бастап;

      7) егер инвестор халықаралық төрелікте талқылауға бастама жасаған болса, онда салық органы инвестор шағым жасаған кезден бастап және осы төрелік талқылау бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейінгі инвестор талқылауға бастама жасаған кезең үшін салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жатқызуға немесе есептелген, есепке жазылған соманы қайта қарауға құқылы – осындай төрелік талқылау аяқталғаннан кейін бес жылға ұзартылады.

      8. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жатқызу немесе есептелген, есепке жазылған соманы қайта қарау бөлігінде талап қоюдың мерзімі:

      1) салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық дайындаған және берген және оны салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қараған;

      2) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салықтық тексеру жүргізу кезінде сұрау салу жолдау және олар бойынша құжаттарды және (немесе) ақпаратты алу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарау бөлігінде жалпы талап қоюдың мерзімі оның тоқтатыла тұрғанын ескергенде жеті жылдан аспайды;

      3) салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген жағдайда салықтық тексеру аяқталған күннен бастап қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      9. Жеке кәсiпкерлік субъектiсiмен іс жүзінде тауарлар тиеп-жөнелтпей жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, жасалған шот-фактура жазу бойынша іс-әрекет (іс-әрекеттер) бойынша салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердi есепке жазу немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауды салық органы соттың заңды күшіне енген шешімі, үкiмi, қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының қалпына келтірілмейтін негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы негізінде салық мiндеттемесi мен (немесе) талабы бойынша талап қою мерзiмi шегiнде жүргiзедi.

      10. Салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомасы осы Кодекстің 108-бабында белгіленген жағдайды қоспағанда, ағымдағы жылдың және алдыңғы күнтізбелік бес жылдың ішінде төленген сомалар шегінде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға жатады.".

      12-бап. Салық кодексінің 114-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "7) салық берешегін өтеу туралы хабарлама – салық берешегі құралған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;".

      13-бап. Салық кодексінің 115-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:

      салық органы веб-қосымшаға хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;

      "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарламаны жеткізген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

      Бұл тәсіл "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.".

      14-бап. Салық кодексінің 116-бабы 2-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2 Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 118, 119, 120-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 114-бабында көзделген салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.".

      15-бап. Салық кодексінің 118-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3) салық берешегі өтелмеген – осы Кодекстің 114-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;".

      16-бап. Салық кодексінің 119-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.".

      17-бап. Салық кодексінің 120-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген;".

      18-бап. Салық кодексінің 120-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2) электрондық тәсілмен – салық органының шешімді веб-қосымшаға жеткізу күнінен бастап. Бұл тәсіл осы Кодекстің 86-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады;".

      19-бап. Салық кодексінің 122-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын осы Кодекстің 121-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады.

      Осы тармақтың ережелерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өндiрiп алуға жол берiлмейтiн банктік шоттарға қолданылмайды.".

      20-бап. Салық кодексінің 123-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарда ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда не оның банктік шоттары болмаған жағдайда салық органы пайда болған салық берешегі шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) берешегі бар үшінші тұлғалардың (дебиторлардың) банктік шоттарындағы ақшаны өндіріп алады.".

      21-бап. Салық кодексінің 124-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Осы Кодекстің 121-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің банктік шоттарда және оның дебиторларының банктік шоттарында ақшасы болмаған не жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.

      Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса бере отырып, уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.".

      22-бап. Салық кодексінің 128-бабының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "128-бап.  Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу

      1. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын салық төлеуші – жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы осы салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегінің сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе талап қоюмен сотқа жүгінеді.

      2. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын салық төлеуші – жеке тұлғаның салық берешегі сомаларын өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы өтініштер немесе талап қоюлар бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын салық төлеуші – жеке тұлғаның мүлкі есебінен салық берешегін өндіріп алуды атқарушылық iс жүргiзу органдары Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.".

      23-бап. Салық кодексінің 17-тарауының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тарау мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      17-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

      "136-бап. Жалпы ережелер

      1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.

      2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.

      3. Салық органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:

      1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.

      4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:

      1) салықтық тексеру жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;

      2) қосылған құн салығының асып кеткен сомасының дұрыстығын растау;

      3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тәуекел деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады.

      Бұл ретте уәкілетті орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекіткен өлшемшарттарын қоспағанда, осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемшарттары құпия (қызметтік) ақпарат болып табылады;

      4) осы Кодекстiң 434-бабының ережелерi ескерiле отырып, қосылған құн салығының асып түскен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiне құқықты айқындау мақсатында пайдаланылады.

      5. Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйені қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      137-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары

      Салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

      Мұндай талдаудың нәтижелерін салық органдары осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.".

      24-бап. Салық кодексінің 142-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "17) акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарының болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы;".

      25-бап. Салық кодексінің 165, 167, 168, 169, 170,1 71-баптарының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тарау мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "165-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау-касса машиналары – деректерді беру функциясы жоқ фискальдық жады блогі бар электрондық құрылғылар, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғылар;

      2) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы – көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы;

      3) сауда автоматы – автоматты режимде қолма-қол ақша не төлем карточкаларын пайдалана отырып, есеп айырысу арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;

      4) фискалдық деректер – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат;

      5) фискалдық режим – ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалды жадыда не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі;

      6) фискалдық деректерді жинақтауыш – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені;

      7) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау чектерінде көрсетілетін ерекше белгі;

      8) фискалдық есеп – белгілі бір кезең ішінде фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп;

      9) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) – уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі;

      10) фискальдық деректер операторы – ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;

      11) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – техникалық қызмет көрсету орталығы) – бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект;

      12) ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;

      13) бақылау-касса машинасының чегі – бақылау-касса машинасының сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi жеткізушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық түрде берілген бастапқы есеп құжаты;

      14) тауарлық чек – бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайларда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын бастапқы есепке алу құжаты;

      15) тауар чектерінің кітабы – кітапқа біріктірген тауарлық чектердің жиынтығы;

      16) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы – қолма-қол ақшаның, тауарлық чектердің, бақылау-касса машинасы фискалдық жады немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ай сайынғы айналымын есепке алу журналы;

      17) бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкасы – бақылау-касса машинасының салық органында тіркелуі (есептен шығарылуы) фактісін растайтын есепке алу құжаты;

      18) салық органының пломбасы – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы;

      19) фискалдық жады – деректерді тіркеу функциясы жоқ бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені.".

      "167-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

      1. Пайдалану орны бойынша салық органдарына есепке қоюға осы тармақта белгіленген жағдайларды қоспағанда, модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары жатады.

      Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындарда деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.

      2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын салық органдарына есепке қою кезінде салық төлеуші салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған тауар чектерінің кітабын табыс етеді.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органына есепке қою кезінде салық төлеуші салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

      3) есепке қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

      4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындарда пайдаланылатын аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын салық органдарына есепке қою кезінде салық төлеуші салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) іске қосу фискалды режимді орнатпай-ақ мүмкін болатын, салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақша есебінің кітабын және тауар чектерінің кітабын табыс етеді.

      5. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ орындарда пайдаланылатын деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машинасын салық органына есепке қою кезінде салық органына мынадай құжаттарды:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;

      2) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттарының қысқаша сипаттамасын;

      3) есепке қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты табыс етеді және онымен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

      6. Салық органдары бақылау-касса машинасын есепке алуды салық органына бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

      7. Бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою бақылау-касса машинасын салық органына есепке қою туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірі беріле отырып және бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы қалыптастырыла отырып жүргізіледі.

      8. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасының, тауар чегінің, қолма-қол ақша есебi кiтабы мен тауар чектерi кiтабының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

      168-бап. Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерістер енгізу

      1. Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгерту салық төлеушiнің келу тәртібімен қағаз жеткізгіште салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;

      2) бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуі жолымен жүзеге асырылады.

      2. Салық төлеушi бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтерді өзгертуді, өзгерістер пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      3. Тiркеу карточкасын өзгертуді мына жағдайларда:

      1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда - бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      2) тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының есепке қойылған жерi бойынша салық органы жүргізеді.

      4. Бақылау-касса машинасының жаңа тіркеу карточкасы берілген кезде салық органы бұрын берген бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы салық төлеушінің бақылау-касса машинасының аталған тіркеу карточкасын жоғалту (бүлдіру) жағдайларын қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.

      169-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

      1. Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:

      1) сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларға байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

      2) бақылау-касса машинасын пайдаланатын жер немесе бақылау-касса машинасын сауда автоматында немесе қызмет көрсетуді төлеу терминалында пайдаланатын салық төлеушінің орналасқан жері өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгеріс бақылау-касса машинасын басқа салық органында тіркеуді талап ететін;

      3) техникалық ақауларына байланысты бақылау-касса машинасын одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

      4) бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімнен шығарған;

      5) бақылау-касса машинасының техникалық жағынан жарамды моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне алмастырылған;

      6) ішкі істер органдарына ұрланғаны туралы берілген өтініштің көшірмесі және (немесе) жоғалғаны туралы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;

      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.

      2. Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, бақылау-касса машинасын есептен шығару үшін оны пайдалану орны бойынша салық органына:

      1) бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтініш;

      2) бақылау-касса машинасын;

      3) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған қолма-қол ақша есебінің кітабын;

      4) нөмірленген, тігілген, лауазымды адамның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылған тауар чектерінің кітабын;

      5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі тіркеу және (немесе) деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машинасына қолданылмайды.

      3. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-касса машиналарын есептен шығару үшін салық төлеуші салық органына бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасын табыс етеді және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      4. Бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы бақылау-касса машинасын есептен шығаруды жүргізеді.

      170-бап. Мемлекеттік тізілім

      1. Уәкілетті орган бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізеді.

      2. Бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      171-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық органдарына беру тәртібі

      Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан мәліметтерді қабылдауды, сақтауды, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен фискальдық деректер операторы жүргізеді.".

      26-бап. Салық кодексінің 166-бабының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "166-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) жеке адамдардың;

      2) адвокаттық қызметті, медиация тәртібінде дауларды реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдардың;

      3) қызметін:

      патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

      ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;

      бірыңғай жер салығын төлеу негізіндегі арнаулы салық режимі шеңберінде осы арнаулы салық режимін қолдану арқылы жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсетуге;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

      3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу:

      1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

      2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

      3) бақылау-касса машинасын есептен алып тастауды қамтиды.

      4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылуға жатады.

      5. Бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызметтер түріне жүзеге асыратын салық төлеушілерге ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану міндетті қолданылады.

      Бұл ретте уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ орындарда орналасқан салық төлеушілерге осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.

      6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

      3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) сәйкестендіру нөмірін;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

      5) чектің реттік нөмірін;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;

      8) фискалдық белгіні;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      8. Бақылау-касса машинасының чегінде бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректер болуы мүмкін.

      9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.";

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "166-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) жеке адамдардың;

      2) адвокаттық қызметті, медиация тәртібінде дауларды реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдардың;

      3) қызметін:

      патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

      бірыңғай жер салығын төлеу негізіндегі арнаулы салық режимі шеңберінде осы арнаулы салық режимін қолдану арқылы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсетуге;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

      3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу:

      1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

      2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

      3) бақылау-касса машинасын есептен алып тастауды қамтиды.

      4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылуға жатады.

      5. Бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызметтер түріне жүзеге асыратын салық төлеушілерге ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану міндетті қолданылады.

      Бұл ретте уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ орындарда орналасқан салық төлеушілерге осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.

      6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

      3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) сәйкестендіру нөмірін;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

      5) чектің реттік нөмірін;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;

      8) фискалдық белгіні;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      8. Бақылау-касса машинасының чегінде бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректер болуы мүмкін.

      9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.".

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан баста 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "166-бап. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар, мiндеттi түрде бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүргiзiледi.

      2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:

      1) жеке адамдардың;

      2) адвокаттық қызметті, медиация тәртібінде дауларды реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдардың;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсетуге;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

      3. Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу:

      1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;

      2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;

      3) бақылау-касса машинасын есептен алып тастауды қамтиды.

      4. Сауда операциялары немесе қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын сауда автоматтары мен қызмет көрсетуді төлеу терминалдары бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылуға жатады.

      5. Бензинді (авиациалық бензиннен басқа), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, уәкілетті орган белгілеген қызметтер түріне жүзеге асыратын салық төлеушілерге ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану міндетті түрде қолданылады.

      Бұл ретте уәкілетті орган белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ орындарда орналасқан салық төлеушілерге осы тармақтың ережесi қолданылмайды.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.

      6. Бақылау-касса машиналарын қолдану кезінде мынадай талаптар қойылады:

      1) ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою жүзеге асырылады;

      2) тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады;

      3) бақылау-касса машинасына салық органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

      7. Бақылау-касса машинасының чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) сәйкестендіру нөмірін;

      3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;

      4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;

      5) чектің реттік нөмірін;

      6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүргізілген күн мен оның уақытын;

      7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;

      8) фискалдық белгіні;

      9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалылығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін қамтуға тиіс.

      Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақылау чегінің нысаны мен мазмұнын уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

      Валюта айырбастау, металл сынықтарын, шыны ыдысты қабылдау орындарында, ломбардтарда қолданылатын бақылау-касса машиналарының чегі қосымша сату сомасы туралы және сатып алу сомасы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

      8. Бақылау-касса машинасының чегінде бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген. оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректер болуы мүмкін.

      9. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.".

      27-бап. Салық кодексінің 172-бабының 15-тармағы 4) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "4) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу ережесі Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңына сәйкес бекітіледі.".

      28-бап. Салық кодексінің 204-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2. Салық нысандарын салық төлеуші (салық агенті, оператор) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште қазақ (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, куәландырады (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен).".

      29-бап. Салық кодексінің 206-бабының 3-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "3. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияларды қоспағанда, салық есептілігі, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер мынадай түрлерге бөлінеді:".

      30-бап. Салық кодексінің 213-бабының 7-тармағы 2) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2) ойын бизнесі салығын және (немесе) тіркелген салықты төлеушіге;".

      31-бап. Салық кодексінің 298-бабы 1-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Резидент тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде қатысу үлесінің жиырма бес және одан да көп пайызын сатып алған күннен (ұйымның өзге нысаны құрылған күннен), қатысу үлесі өзгерген, қатысу үлесінің жиырма бес және одан да көп пайызы тоқтатылған (ұйымның өзге нысаны тоқтатылған (таратылған) күннен бастап кейінгі алпыс жұмыс күнінен кешіктірмей бақыланатын шетелдік компанияға қатысатыны туралы өтінішті беруге міндетті.

      Бақыланатын шетелдік компанияда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған қатысу үлестерін иеленетін резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысатыны туралы өтінішті 2018 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей беруге міндетті.

      Кейінгі салық кезеңдерінде бақыланатын шетелдік компанияға қатысу туралы өтініш есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

      Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу туралы өтініш салық органына уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша беріледі.".

      32-бап. Салық кодексінің 8 және 9-бөлімдерінің қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлімдер мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "8-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

      35-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      316-бап. Төлеушiлер

      1. Осы Кодекстiң 318-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

      2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 535, 544-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

      3. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

      317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері

      1. Қазақстан Республикасы азаматының, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент жеке тұлға) салық салынуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 36-тарауында және 656-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

      2. Резидент жеке тұлғаның салық салынуға жататын табыстары бойынша өз бетінше жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 36, 39 және 40-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      3. Бейрезидент жеке тұлғаның кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы Кодекстiң 74-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      318-бап. Салық салу объектілері

      Жеке табыс салығы салынатын объектілер:

      1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын табысы;

      2) жеке тұлғаның дербес салық салуы кезінде салық салынатын табысы болып табылады.

      319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі

      1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі ішінде:

      1) төлем көзінен;

      2) жеке тұлға дербес салық салынуға жататын табыстар түрінде алуға жататын (алынған) табыстардан тұрады.

      2. Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды:

      1) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күні қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;

      2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:

      осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;

      Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде – іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, оның біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      5) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақылары;

      6) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;

      7) мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық жағдайларда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесі;

      8) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

      тұрғын үйді мүліктік жалдау бойынша;

      осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары;

      9) жұмыс беруші қарсы агентпен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуі бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасудың талаптарын сақтаған кезде жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты жұмыс берушінің шығыстары;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;

      11) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (зейнетақы аннуитеті) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;

      13) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және одан көп уақыт болатын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      14) меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      15) бір жыл және одан да ұзақ уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      16) осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;

      18) егер көрсетілген шығыстар жалдау төлемінен бөлек жүргізілген жағдайда дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші жеке тұлғаға тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;

      тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;

      19) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;

      20) егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тауарды осындай беру күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;

      21) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;

      22) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде қызметкердің өз жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

      23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда;

      асыраушысынан, жүктілігіне және босануына байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы жеке тұлғаның және қарыз алушы жеке тұлғамен бірлесіп банк (микроқаржы ұйымы) алдында ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғалардың мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе өндіріп алу қолданылуы мүмкін кірістері болмаған жағдайда атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына) қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қабылдаған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

      ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі қарыз, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінің бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:

      банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;

      24) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес:

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      банк, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ коллекторлық агенттік мұндай тұлға үшін төлеу нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс, сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік баж түрінде банк (микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде құралған кіріс;

      25) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған:

      бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;

      26) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы;

      27) "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша, олар жария еткен мүлікке байланысты;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

      30) жеке тұлға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек ұсыну кезінде алған кіріс;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен алынған материалдық пайда, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, техникалық және кәсіптік бойынша, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының даярлық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;

      тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;

      мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеу;

      санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;

      дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсыну;

      Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, оған көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда;

      32) жеке тұлғаларға олардан тұлғаның жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.

      Осы тармақшада көзделген, салық агенті жүргізген төлем жағдайында осы тармақшаның ережелері салық агентіне өтініш ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады, онда өткізілетін жеке заттары кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтыны және мүліктік және өзге де кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салу объектісі болып табылмайтыны көрсетіледі;

      33) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдей отырып жасалған жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушінің қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;

      34) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген пайызсыз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

      35) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

      36) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде:

      жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарлар үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылса;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамының бұйрығы (өкімі) болса, жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінен алынған, оларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер;

      37) жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек деп танылған қызметкерге жұмыс беруші өтеусіз берген техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құны – Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша;

      38) жұмыс берушінің кінәсі бойынша еңбек жарақатын немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек деп танылған қызметкерге жұмыс беруші өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі көрсетілетін қызметтер құны - Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес;

      39) Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;

      40) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметтік іссапарды ресімдемей қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, оның бiлiктiлiгiн арттыруға немесе оны қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң шығыстары:

      қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе оны қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;

      уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

      қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

      жұмыс берушiнің:

      қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;

      қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде – қызметкер оқытудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;

      41) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде науқастанған жағдайда төленетін ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi (ел, елді мекен) тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жұмсалған:

      осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын резидент шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;

      42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:

      жеке тұлғаны оқытуға, оның біліктілігін арттыруға немесе оны қайта даярлауға нақты жұмсалған шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жұмсалған шығыстар;

      қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына дейін баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

      дербес білім беру ұйымының:

      оқытылатын адам Қазақстан Республикасының шегінде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      оқытылатын адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзімі ішінде – қызметкер оқытудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомасы;

      43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:

      мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жүргізілген шығыстар;

      жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжаты болған кезде электрондық билет) негізінде, бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жүргізілген шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде тұруға нақты жүргізілген шығыстар;

      мынадай:

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде, жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілген кезде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары;

      келу визасын ресімдеу шығыстарын (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде келу визасын ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны).

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:

      дайындық бөлімінде;

      мынадай білім беру деңгейлері бойынша:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғары мектеп;

      күндізгі оқу нысаны бойынша мынадай білім беру деңгейлері:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;

      44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;

      45) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:

      медициналық сақтандыруға, оның ішінде науқастануы жағдайында ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларын төлеуге;

      осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұру шығыстарды төлеу (өтеу);

      46) байланыс операторының қаражаты есебінен абоненттің мобильді шотына қолма-қол ақшасыз операция жасағаны үшін аударылған сомасы;

      47) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жеке тұлға - резиденттің кірісіне есептелген жеке табыс салығы және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген сомасы түрінде алған материалдық пайда.

      320-бап. Салық мөлшерлемелері

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      2. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi кірістерге 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

      321-бап. Жеке тұлғаның жылдық табысына қамтылатын табыстар

      1. Жеке тұлғаның жылдық табысына оның кірістерінің барлық түрлері қамтылады:

      1) қызметкердің табысы, оның ішінде үй қызметкерінің табыстары және Қазақстан Республикасының резиденті үй қызметкері болып табылатын еңбек етуге көшіп қонушының табысы;

      2) мүліктік табыстан басқа, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға алған тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

      3) жеке тұлға алған тауарлардың құнына, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғаның ақы төлеуі түріндегі табыс;

      4) жеке тұлға алдында берешекті өтеу есебінен орындалған (көрсетілген) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс;

      5) өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс;

      6) борышты кешіру түріндегі табыс;

      7) есепке жазылған айыппұлды, өсімақыны және санкциялардың басқа да түрлерін қоспағанда, борышкерге талап ету мөлшерін төмендету түріндегі табыс;

      8) репо операциялары бойынша сыйақы төлеу түріндегі табыс;

      9) зейнетақы төлемдері түріндегі табыс;

      10) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

      11) стипендия түріндегі табыс;

      12) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;

      13) мүліктік табыс;

      14) дара кәсіпкер табысы;

      15) жеке практикамен айланысатын адамның табысы;

      16) салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамның анық емес мәліметтерді салық агентіне ұсынуға байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылықты есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;

      17) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық агентінен немесе Қазақстан Республикасының тыс көздерден алынған басқа да кірістер;

      18) осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы.

      36- тарау. ТАБЫСТАР

      § 1. Төлем көзінен салық салынуға жататын табыстар

      322-бап. Қызметкерлердің табысы

      1. Салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған және оның ішінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған қызметкерлердің мына табыстары:

      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын, қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес нысандағы ақша;

      2) осы Кодекстің 323-бабына сәйкес қызметкердің заттай нысандағы табыстары;

      3) осы Кодекстің 324-бабына сәйкес қызметкердің материалдық пайда түріндегі табыстары қызметкердің жұмыс беруші есепке жазған, салық салынуға жататын табыстары болып табылады.

      2. Салық салуға жататын, салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан алынған (алуға жататын) қызметкердің табыстары Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарты (келісімшарты) бойынша алынған (алуға жататын) табыс болып табылады.

      3. Қызметкердің салық салуға жататын табыстарына:

      1) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

      2) зейнетақы төлемдерi түріндегі табыс;

      3) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

      4) стипендиялар;

      5) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;

      6) жеке тұлға өз бетінше салық салуға жататын табыстар жатпайды.

      323-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы

      Қызметкердiң салық салынуға жататын, заттай нысандағы табысы мыналар:

      1) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер меншігіне беруіне жататын тауарлардың, бағалы қағаздардың, қатысу үлесінің және өзге мүліктің құны болып табылады. Мұндай мүліктің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер:

      мүліктің баланстық құны;

      мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда мүлік қызметкерге берілетін шарт немесе өзге де құжат негізінде айқындалатын мүліктің құны;

      2) еңбек қатынастарының болуына байланысты жұмыс берушінің қызметкер пайдасына жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі болып табылады. Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары және акциздер ескеріле отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;

      3) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны болып табылады. Қызметкер жұмыс берушіден өтеусіз негізде алған, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады;

      4) қызметкер жұмыс берушіден немесе үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушiнiң қызметкерге немесе үшінші тұлғаларға төлеуi болып табылады. Мұндай тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығының тиісті сомалары мен акциздер ескере отырып, жұмыс берушінің осындай жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстары мөлшерінде айқындалады.

      324-бап. Қызметкердiң материалдық пайда түрiндегi табысы

      Қызметкердiң салық салынуға жататын материалдық пайда түріндегі табысы:

      1) қызметкерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу бағасы немесе олардың баланстық құны арасындағы терiс айырма;

      2) қызметкер борышының сомасын есептен шығару кезінде – жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы борышының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;

      3) сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасын төлеу кезінде – жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде қызметкерлермен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары;

      4) қызметкерге шығындарды өтеу кезінде – қызметкердің жұмыс берушiнің қызметiне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушiнің жұмсаған шығыстары болып табылады.

      325-бап. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс

      Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс қосылған құн салығына және акциздерге тиісті соманы ескере отырып, төмендегідей мөлшерде:

      мүліктің баланстық құны;

      мұндай мүліктің баланстық құны болмаған жағдайда мүлік жеке тұлғаға берілетін шартта немесе өзге де құжатта айқындалған мүлік құны айқындалады.

      326-бап. Зейнетақы төлемдері түріндегі табыстар

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, салық салуға жататын төлемдер зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарға:

      1) мыналар:

      есебінен қалыптастырылған салық төлеушілердің зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру ету туралы шарттың талаптарына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, салық төлеушілердің зейнетақы жинақтары;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған және тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан тысқары шығып кеткен Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнет жасына толмаған және тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан тысқары шығып кеткен Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғаларға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтары түріндегі жеке тұлғаларға төлемдер жатады.

      327-бап. Дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыстар

      1. Мыналар:

      1) осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 16) тармақшасында айқындалған, төленген (төленуге жататын) дивидендтер;

      2) төленген (төленуге жататын) сыйақылар;

      3) төленген (төленуге жататын) ұтыстар салық салынуға жататын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс болып табылады.

      Осы бөлімнің мақсаты үшін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін, сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын заңды тұлғадан алған таза табысы да салық салынуға жататын дивидендтер түріндегі табысқа жатады.

      328-бап. Стипендия түріндегі табыс

      1. Салық агенті:

      Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында оқитындарға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, ғылым қайраткерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және басқа да жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы салық салуға жататын стипендия түріндегі табыс болып табылады.

      329-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс

      1. Салық салуға жататын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс:

      1) сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақылары;

      жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен;

      жұмыс берушінің жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері;

      2) осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда төленетін құнын төлеп сатып алу сомалары;

      3) сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері сомасының осы баптың 1) тармақшасында көрсетілмеген қаражат есебінен төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кетуі болып табылады.

      § 2. Жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын табыстары

      330-бап. Мүліктік табыс

      1. Жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:

      1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында осы Кодекстің 331-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

      2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алынған мүлікті өткізуден түскен табыс;

      3) жеке тұлғаның осы Кодекстің 333-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

      4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған табыс;

      5) талап ету құқығын басқаға беруден, оның ішінде тұрғын үй құрылысында үлестік қатысу туралы шарты бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесінен түсетін табыс;

      6) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын, осы Кодекстің 334-бабында көрсетілген бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын дара кәсіпкердің өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табысы жатады.

      2. 1), 2) және 3) тармақшалардың ережелері жеке тұлғаларға, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге қатысты қолданылады.

      3. Мүліктік табысы дара кәсіпкердің табысы, жеке практикамен айналысатын адамның табысы болып табылмайды.

      331-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс

      1. Жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс мынадай мүлікті:

      1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

      2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша шаруашылығын, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      3) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша шаруашылығын, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан инвестициялық алтынды;

      6) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілгенді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті;

      7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;

      8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлестерін өткізу кезінде туындайды.

      2. Мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес айқындалатын өтеусіз алынған мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріске қолданылмайды.

      3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен салық төлеуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      5. Жеке тұлға бұдан бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе бұдан бұрын ол бойынша осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мүлікті өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      6. Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4). 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

      7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4). 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген, өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте салық органдары жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер негізінде, өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

      2) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;

      3) осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.

      Дара кәсіпкер болып табылмайтын, жеке тұлға салған тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізу кезінде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      Бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын тұрғын емес үйді (ғимаратты) өткізу кезінде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      8. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына осындай тұлға бұдан бұрын әкелген мүлікті өткізген жағдайда:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және (немесе) тіркемелер бойынша – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және тауарлар декларациясында көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген механикалық көлік құралының және (немесе) тіркеменің сатып алынғанын растайтын шартта (келісімшартта) немесе өзге де құжатта көрсетілген баға (құн) және импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі салық декларациясында көрсетілген және осы Кодексте белгіленген тәртіппен төленген қосылған құн салығы мен акциз сомасы оны сатып алу бағасы (құны) болып табылады.

      9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда – өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;

      2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.

      Осы баптың және осы Кодекстің 333-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.

      332-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін табысы

      1. Егер осы бапта және осы Кодекстің 331-бабында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін кірісі мүлікті өткізу құны болып табылады.

      2. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізу кезінде түсетін кірісі мынадай мүлікті:

      1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі мүлікке құқық және (немесе) мәмілелер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын;

      2) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария еткені үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны өткізген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алынатын алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      5. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезінде түсетін кірісі өткізу күнгі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, купон есепке алынбаған өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      6. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған қатысу үлесін өткізу кезінде түсетін кірісі өткізу құны мен оны сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:

      1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса;

      2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.

      8. Осы баптың 4, 5, 6-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 4, 5, 6-тармақтарында көзделген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.

      9. Осы баптың 2, 3, 4, 5, 6-тармақтарының ережелері:

      1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);

      2) мүлікті өткізу құнын;

      3) мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының тіркелгенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады.

      333-бап. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс

      1. Жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруді кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс мынадай мүлікті:

      1) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;

      2) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      3) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылдан аз уақытты құраса, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      4) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген нысаналы мақсаттары бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;

      5) инвестициялық алтынды;

      6) осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, жылжымайтын мүлікті;

      7) бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған, мемлекеттік тіркелуге жататын механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;

      8) бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін, сондай-ақ туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) беру кезінде туындайды.

      2. Жеке тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4). 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кездегі құн өсімінен түсетін табыс заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады.

      Осы тармақтың ережелері осы баптың 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес өтеусіз алған мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін табысқа қолданылмайды.

      3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

      4. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен салық төлеушінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

      5. Жеке тұлға бұдан бұрын осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген немесе ол бойынша бұдан бұрын осы Кодекстің 238-бабына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде табыс айқындалған, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4). 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өтеусіз алынған мүліктің бұдан бұрын табысқа қосылған құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

      6. Жеке тұрғын үйді беретін тұлға салған жеке тұрғын үйді, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек (осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) түрінде алынған, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4). 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен жарғылық капиталға салым ретінде берілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнге нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

       Бұл ретте осындай нарықтық құнды салық төлеуші мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүргізілген салық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс. Осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

      7. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға оны жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып, айқындалған мүлік бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

      8. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген, осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4). 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде не осы баптың 6-тармағында белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілмеген, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:

      1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, жарғылық капиталға салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

      2) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жер қатынастары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган неғұрлым кеш күндердің біріне:

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;

      жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге айқындаған құн кадастрлық (бағалау) құны болып табылады;

      3) осы баптың 1-тармағының 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мүлік бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген мүліктің бағасы (құны) мөлшерінде болып табылады.

      Дара кәсіпкер болып табылмайтын, жеке тұлға салған тұрғын емес үй (ғимарат) мүлкін жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген осындай мүліктің бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

      Бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын тұрғын емес үйді (ғимаратты) жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

      9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс:

      1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнын негізге ала отырып айқындалған мүлік құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте, жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды заңды тұлғаның жарғылық капиталына салу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;

      2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүліктің бағасы (құны) болып табылады.

      10. Сенім білдірілген тұлға механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені иеліктен шығаруға құқық беретін, басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік табысты айқындау үшін көлік құралының меншік иесіне осы көлік құралының өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу құнын және оның өткізілу, жарғылық капиталға салым ретінде берілу күнін хабарлайды немесе көлік құралы меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс ету және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы меншік иесінің салық міндеттемесін орындауы болып табылады.

      334-бап. Бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс

      1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауарлық-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер:

      1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;

      2) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      3) орнатылмаған жабдық;

      4) материалдық емес активтер;

      5) биологиялық активтер;

      6) егер дара кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған салықтық кезеңдерде осындай негізгі құралдар тіркелген активтер болып табылған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, құны Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;

      7) егер дара кәсіпкер бұдан бұрын жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырған және актив тіркелген актив болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер жатады.

      2. Бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген кезде өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 264-бабының 1), 2), 3), 4). 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.

      Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.

      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге активті өткізу кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерде осы активке меншік құқығы туындаған күні мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құны болып табылады.

      Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай мүлік өткізілген салық кезеңіне арналған жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.

      6. Мынадай жағдайларда:

      1) өзге активке меншік құқығы туындаған күні оның айқындалған нарықтық құны болмаған кезде;

      2) осы баптың 5-тармағында белгіленген нарықтық құнды айқындау мерзімі сақталмаған кезде;

      3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;

      4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша өзге активтің бастапқы құны нөлге тең болады.

      335-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыс болып табылады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыс болып табылады.

      3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен осындай құқықты бұрын сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыс болып табылады.

      336-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның табысы

      Жеке практикамен айналысатын адамның табысына:

      1) жекеше нотариустың табысы;

      2) жеке сот орындаушысының табысы;

      3) адвокаттың табысы;

      4) кәсіби медиатордың табысы жатады.

      Заңды көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше төлемақыны қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатор қызметін орындау бойынша қызметті жүзеге асырудан түскен кірістердің барлық түрлері, сондай-ақ қорғау және өкілдік етуге байланысты алған шығыстарды өтеу сомалары жеке практикамен айналысатын адамдардың табысына жатады.

      337-бап. Дара кәсіпкердің табысы

      1. Жалпыға белгіленген режимді қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалады.

      2. Егер осы Кодекстің 61-тарауында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысы осы бапқа сәйкес айқындалады.

      338-бап. Қазақстан Республикасынан тыс көздерден түсетін басқа да табыстар

      Осы Кодекстің 321-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында көрсетілмеген салық төлеуші салық агенті болып табылмайтын адамнан есепті салық кезеңі ішінде алған (алуға жататын) және төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер болып табылмайтын табыстардың барлық түрлері Қазақстан Республикасынан тыс көздерден түсетін басқа да табыстар деп танылады.

      339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер

      Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.

      Қосарланған салық салу мынадай тәртіппен жойылады:

      1) шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайдаға салық төленген жағдайда:

      он пайыздан аз тиімді мөлшерлеме бойынша - пайдаға мұндай салық осы Кодекстің 359-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызылуға тиіс;

      он және одан көп пайыз тиімді мөлшерлеме бойынша - осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салықтан босату қолданылады;

      2) резиденттің екі бақыланатын шетелдік компаниясы арасындағы дивидендтерді Қазақстан Республикасында салық салынатын немесе салық салынған, дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан төлеген жағдайда, мұндай дивидендтер осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағы 6) тармақшасына сәйкес дивидендтер алған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар:

      он және одан көп пайыз мөлшерлемесі бойынша, сондай-ақ дивидендтер түріндегі табыстар енгізілген жағдайда мұндай табыстар осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;

      он пайыздан аз мөлшерлеме бойынша мұндай салық осы Кодекстің 358-бабы 6-тармағына сәйкес резиденттің жеке табыс салығынан шегерілуге жатады.

      Кодекстің осы бабында және 294-бабында пайдаланылатын ұғымдар осы Кодекстің 340-бабында айқындалған.

      340-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу

      1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің осы бабының және 297-бабының ережелерін ескере отырып есептелген жиынтық пайдасы резидент жеке тұлғаның жылдық табысына енгізіледі және Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынады.

      Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің мұндай жиынтық пайдасы жеке табыс салығы бойынша декларацияға енгізілуге жатады.

      2. Мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:

      1) басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің жанама қатысуы кезінде;

      2) бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резиденттің жанама қатысуы кезінде;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте пайдаға салынатын салық он және одан көп пайыз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынған;

      4) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық он және одан көп пайыз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынған;

      5) егер жеңілдікті салық салу мемлекетінде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына пайдаға салынатын салық он және одан көп пайыз құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынған, Қазақстан Республикасында бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына салық салудан босатылады.

      Осы тармақты резидент жеке тұлға қолдану үшін осы Кодекстің 296-бабы 2-тармағында көрсетілген растайтын құжаттар болуға тиіс.

      3. Резидент жеке тұлғаның мынадай сомаға:

      1) егер бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы соманы ескере отырып қаржылық пайда (залал) сомасы топшілік операциялардан пайда (шығын) сомасына азайтылған еншілес ұйымдарға салық салынғанға дейін бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлестерге салық салынғанға дейін бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын азайтуға құқығы бар. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті бөлек жасамай-ақ еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректері көрсетіле отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау белгіленген жағдайда қолданылады;

      2) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы тармақшада көрсетілген салық салынатын табысты ескерген жағдайда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында он және одан көп пайыз құрайтын мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түсетін салық салынатын табысына;

      3) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы тармақшада көрсетілген табысты қамтыған жағдайда, шығыстар сомасына азайтылған он және одан көп пайыз құрайтын мөлшерлеме бойынша төлем көзінен бұрын Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған, тұрақты мекеме құрмай-ақ Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түсетін кіріске салық салынғанға дейін бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін шығыстар сомасы бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігі бойынша тікелей шығыстарының үлесі мен жалпы сомасын туындату ретінде пропорционал әдіспен айқындалады. Үлес осы тармақшада көрсетілген табыс сомасының бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігі бойынша жиынтық табыстар сомасына арақатынасы ретінде айқындалады;

      4) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осындай дивидендтерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтерге;

      5) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы салық салынғанға дейін осы тармақшада көрсетілген табысты қамтыған жағдайда, осы тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында он және одан көп пайыз құрайтын мөлшерлеме бойынша төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған табысқа;

      6) шамасы мынадай формула бойынша айқындалатын:

      басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алынған дивидендтер сомасы, егер дивидендтер Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салық кезеңінде бұрын жеке табыс салығы салынған, көрсетілген бақыланатын шетелдік компаниялар қаржылық пайдасынан төленген дивидендтер сомасы болған жағдайда, көбейтілген

      дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияларында жанама қатысатын резиденттің коэффициенті.

      Осы тармақтың 6) тармағында белгіленген азайту, дивиденттерді алушы бақыланатын шетелдік компаниялардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасына, егер осындай қаржылық пайда осы тармақтың 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген дивиденттер сомасын қосылатын қамтитын болса қолданылады.

      Осы тармақты қолдану мақсатында резидент жеке тұлғаның осы Кодекстің 297-бабы 10-тармағында көрсетілген растайтын құжаттары болуға тиіс.

      4. Резидент жеке тұлға осы Кодекстің 298-бабында белгіленген тәртіппен бақыланатын шетелдік компанияға қатысуы туралы өтінішті беруге міндетті.

      § 3. Табысты түзету

      341-бап. Табысты түзету

      1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады (бұдан әрі – табысты түзету):

      1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

      2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары (депозиттері) бойынша оларға төленетiн сыйақылар;

      3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;

      4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;

      5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;

      6) агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін табыстар;

      7) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға арналған лицензияға ие және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

      8) егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бiр мезгiлде мынадай:

      дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің олар бойынша дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      дивидендтер төлеу күніне дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға активтері құнының 50 пайыздан азын құрайтын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер.

      Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

      акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын таза кірісін немесе оның бір бөлігі;

      резидент заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кірісі немесе бiр бөлiгi;

      резидент заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшыдан, қатысушыдан, заңды тұлға осы резидент заңды тұлғадағы қатысу үлесiн немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде осы эмитент заңды тұлға акционерден осы эмитент шықарған акцияларды сатып алған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге қолданылады.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Егер дивиденттер төлейтін резидент заңды тұлға қызмет бойынша, оның ішінде, азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізсе, осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату қолданылмайды;

      егер дивидендтер төлейтін резидент заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады;

      9) әскери қызмет міндеттерін орындауына байланысты әскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдары қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің кірістері;

      10) әскери, арнаулы атақтары, сыныптық шендері және нысанды киімді киіп жүру құқығы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдары қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;

      11) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай ұтыстарды есептеу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 пайызы шегiндегі бір лотерея бойынша ұтыс;

      12) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер;

      13) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн төлемдер;

      14) жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшері шегіндегі бір жылғы кірісі.

      Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс деп жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлға, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым, ауыл шаруашылық кооперативке және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға жеке қосалқы шаруашылықтан алған мынадай ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен табыс танылады:

      сүтті табындық тірі ірі қара мал;

      тірі ірі қара мал;

      тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар;

      тірі түйелер және түйе тектілер;

      тірі қойлар мен ешкілер;

      тірі шошқалар;

      тірі үй құсы;

      тауықтың шағылмаған жаңа жұмыртқасы;

      ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің, жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе тоңазытылған еті;

      сауын ірі қара малдың шикі сүті;

      үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;

      картоп;

      сәбіз;

      қырыққабат;

      баклажандар;

      қызанақтар;

      қиярлар;

      сарымсақ;

      пияз;

      қант қызылшасы;

      алмалар;

      алмұрттар;

      айва;

      өріктер;

      шие;

      шабдалылар;

      қара өріктер;

      ірі қара малдың, жылқы тұқымдас жануарлардың, қойлардың, ешкілердің түтілген жүні, терілері, иленбеген былғарысы.

      Өнім түрлерін айқындау осы тармақшаның қолдану мақсатында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      Осы тармақшаның ережелерін бір салық агенті – агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылық кооперативіне және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға мынадай құжаттарды:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтаманы;

      жергілікті атқарушы органның жеке қосалқы шаруашылықта пайдаланылатын:

      алаңы көрсетілген жер учаскесінің;

      саны көрсетілген үй жануарларының;

      саны көрсетілген үй құстарының болуы туралы растауын;

      салық салуға жататын кірістерді түзетуді қолдануға арналған өтінішті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымға, ауыл шаруашылық кооперативке және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады. Бұл ретте құжаттар салық агентіне осындай түзету қолданылған күнтізбелік жылы кемінде бір рет табыс етіледі.

      15) егер осы тармақтың 16) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасында құрылған резидент-заңды тұлға немесе консорциумда акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер. Осы тармақша бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне қатысу үлесі 50 пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы өз мұқтажы үшін жер асты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өндіру құқығына ие болғандықтан жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (пайдаланушы) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтерінің құнындағы мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;

      16) өткiзу күнi Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға арналған лицензиясына ие және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу осы қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздардың кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен төленетін (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа) мынадай:

      инфляция деңгейі ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының іс жүзінде енгізілген сомасы мен Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма түріндегі;

      мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің, асырауындағылардың, мұрагерлері мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде оларды алуға құқығы бар адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген кездегі;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзу фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарға көтермелеу түріндегі;

      дүлей зілзалаларға немесе басқа да төтенше мән-жайларға байланысты залалдарды өтеу түріндегі;

      еңбек шартының қолданылуы тоқтатылған кезде төленетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлердегі өтемақы төлемдері түріндегі;

      халықаралық жарыстарға жоғары нәтижелері үшін универсиада жүлдегерлері мен қатысушыларына және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде көтермелеу түріндегі;

      зейнеткерлік жасқа толған, отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым түріндегі;

      Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде беретін мемлекеттік сыйлықақылар, мемлекеттік стипендиялар түріндегі төлемдер;

      18) күнтізбелік жыл iшiнде салық агенті жүргізген әрбiр төлем түрi бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiндегі төлемдер:

      жеке тұлғаның медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) шығыстарын өтеу үшiн – жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерді (косметологиялықтан басқа) алғанын және оларға ақы төлеуге нақты шығыстарын немесе қызметкердің пайдасына ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жұмыс берушінің төлеуін растайтын құжаттарды ұсынған кезде, ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты болған кезде ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді растайтын құжат болған кезде;

      бала туылған кезде қызметкерге материалдық көмек көрсету түрінде – жұмыскер баланың (балалардың) тууы туралы куәліктің (куәліктердің) көшірмесін ұсынған кезде;

      қызметкерді немесе оның отбасы мүшелерін, жақын туыстарын жерлеуге арналған төлемдер - қызметкердің немесе оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының қайтыс болуы туралы анықтама немесе қайтыс болуы туралы куәлік болған кезде.

      Көрсетілген кірістер кірістерді түзетуді қолдану туралы өтініш және растайтын құжаттар болған кезде салық салудан босатылады;

      19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми кірістері;

      20) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегі, сол елдегі кірісі салық салуға жататын шетелдiктердің ресми кірістері;

      21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;

      22) жасына байланысты зейнетақы төлемдері, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);

      24) "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақылары;

      25) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;

      26) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

      27) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есептеу күніне қолданылатын жалақының ең төмен мөлшері шегінде – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілігі мен босануына, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысын жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасы шегеріле отырып, жүктілігі мен босануы бойынша демалысқа, баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлердің демалысына төленетін жұмыс берушінің шығыстары түріндегі кірістер.

      Егер жұмыс берушінің осы тармақшада көрсетілген шығыстары еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, осы тармақшаның ережелері қолданылады;

      28) бiлiм беру ұйымдарында оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк стипендиялар үшін белгiленген мөлшерде ұйымдар төлейтiн стипендиялар;

      29) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы стипендиялары мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиялары;

      30) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және білім беру ұйымдарында білім алушыларға осындай ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлейтін мемлекеттік атаулы стипендиялар;

      31) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер;

      32) мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;

      33) жеке тұлға өтеусіз негізде басқа жеке тұлғадан алған мүлікті, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оның ішінде сыйға алу немесе мұраға қалдыру түріндегі кірістер.

      Осы тармақтың ережелері мыналарға:

      дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарды пайдалануға арналған мүлікке;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры төлейтін зейнетақы жинақтарына;

      34) қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құнына;

      35) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

      36) осы Кодекстiң 329-бабында көзделген кірістерді қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерiне;

      37) мыналарға:

      сақтандыру сыйлықақылары жеке тұлға жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін және жұмыс беруші қызметкердің пайдасына жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары;

      сақтандырылған қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылатын жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне;

      38) сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының сенімгерлік басқарудан не сенімгерлік басқарудан туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушыдан, резидент жеке тұлғадан, оның ішінде сенімгерлік басқарушы болып табылатын дара кәсіпкерден алған таза табысқа;

      39) осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жеке табыс салығы салынған қаржылық пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтерге;

      40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша кіріске;

      41) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке, жәрдемақылар мен өтемақыларға;

      42) моральдық зиянды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге;

      43) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттары және жұмыс беруші жасаған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігіндегі сақтандыру төлемдеріне;

      44) сот шешімі бойынша тағайындалатын материалдық залалды өтеу, сондай-ақ сот шығыстары сомаларына;

      45) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құнына;

      46) өз қызметкерлерін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жұмыс беруші төлейтін сақтандыру сыйақыларына қолданылмайды.

      37-ТАРАУ. САЛЫҚ ШЕГЕРІМДЕРІ

      342-бап. Салық шегерімдері бойынша жалпы ережелер

      Жеке тұлғаның мынадай салық шегерімдерінің түрлерін қолдануға құқығы бар:

      1) салық шегерімі міндетті зейнетақы жарналары түрінде – зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде;

      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша салық шегерімі;

      3) стандартты салық шегерімдері (бұдан әрі – стандартты шегерімдер);

      4) өзге де салық шегерімдері (бұдан әрі – өзге де шегерімдер):

      ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді;

      медицинаға арналған салық шегерімін;

      сыйақылар бойынша салық шегерімін;

      сақтандыру сыйақылары бойынша салық шегерімін қамтиды.

      2. Салық шегерімдері:

      1) cалық агентінде – осы Кодекстің 343-бабында көзделген тәртіппен және жағдайларда төлем көзінен салық салынуға жататын табыстар бойынша;

      2) жеке тұлғаларға осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке тұлғаға дербес салық салынуға жататын дербес табыстары бойынша қолдануға жатады.

      3. Салық шегерімдері жеке тұлғаға дербес салық салынуға жататын кірістерінің жиынтық сомасы бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде, егер көрсетілген шегерімдер қызметкердің табысы анықталған кезде шығарылмаса қолданылады.

      4. Салық шегерімдері салық шегерімдерін қолдану құқығын растайтын құжаттардың негізінде (бұдан әрі – растайтын құжаттар) қолданылады. Мұндай құжаттардың түпнұсқалары осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінің өтуімен жеке тұлғада сақталады.

      5. Салық шегерімдері осы баптың 1-тармағында көрініс тапқан тәртіппен дәйекті түрде қолданылады.

      6. Осы Кодекстің 8-бөлімінің 37-тарауын қолдану мақсатында еңбекақының төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болатын заңда белгіленген еңбекақының төменгі мөлшеріне тең қолданылады.

      343-бап. Салық агентінің салық шегерімдерін қолдану ерекшеліктері

      1. Міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру түріндегі салық шегерімін қоспағанда, салық агенті төлем көзінен салық шегерімдерін:

      1) жеке тұлғаның уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық шегерімдерін қолдану туралы өтініші;

      2) растайтын құжаттардың көшірмелері негіздерде қолданады. Мұндай көшірмелер осы Кодекстің 48-бабының 2-тармағында белгіленген талап қою мерзімінің өтуімен салық агентінде сақталады.

      2. Күнтізбелік жыл ішінде салық агенті өзгерген кезде, оның қайта ұйымдастырылуы жағдайларын қоспағанда, алдыңғы салық агентінде жиналып қалған салық шегерімінің қолданылмаған сомасы жаңа салық агентінде ескерілмейді.

      Осы тармақтың ережесі осы Кодекстің 346-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген, алдыңғы салық агентінде жиналып қалған, асып кеткен салық шегерімі бойынша стандартты шегерімдерге қолданылмайды, осы Кодексте белгіленген шекте жаңа салық агентінде ескеріледі. Бұл ретте жеке тұлға алдыңғы салық агентіне берілген, жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы береді.

      3. Жеке тұлға белгілі бір салық шегерімі түрін тек бір ғана салық агентіне қолдануға құқылы.

      4. Егер салық агенті жеке тұлғаның кірісіне жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстаған күннен кейін өтініш білдіруі себепті қолданбаған болса, онда жеке тұлға  күнтізбелік жыл ішінде және оның алдындағы күнтізбелік жылда осындай кірістен жеке табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентіне, солардың негізінде салық агентінің салық салуға жататын кірістерді қайта есептеуді жүргіз растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

      344-бап. Жеке тұлғаның салық шегерімдерін дербес қолдану ерекшеліктері

      Салық агентінде жиналып қалған салық шегерімдерінің асып түсуі, сондай-ақ салық агентінің қолданбаған салық шегерімінің сомасы жеке тұлғаға дербес салық салынуға жататын, жеке тұлғаның салық салынатын табысын есептеу кезінде жеке тұлғада дербес ескеріледі.

      345-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерім

      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімі салық агентінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына, оларды есептейтін сол салық кезеңіндегі күні қолданылады.

      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерімін жеке тұлға "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналардың сомасына осындай жарналардың төлемін растайтын құжаттың негізінде сол салық кезеңіндегі неғұрлым кешірек мына күндердің бірінде дербес қолданады:

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды есептеу күні;

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу күні.

      346-бап. Стандартты шегерімдер

      Стандартты шегерімдер:

      1) ең төмен жалақы мөлшері болып табылады. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      2) күнтізбелік жыл үшін осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:

      Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;

      I, II, III топтардағы мүгедек;

      мүгедек бала болып табылатындығының негізінде ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерi болып табылады.

      Егер жеке тұлғаның осы тармақшаны қолдануға бірнеше негіздері болса, кірістерді алып тастау осы тармақшада белгіленген кіріс шегінен аспауға тиіс;

      3) күнтізбелік жыл үшін осы тармақшаны қолдану күніне бұл адамның:

      "мүгедек бала" деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

      "бала кезінен мүгедек" деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

      асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының бірі әрбір осындай тұлға үшін – бала асырап алушылардың бірі;

      болып табылатындығы негізінде ең төменгі жалақы мөлшерінің 75 еселенген мөлшерi болып табылады.

      жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасына баланы қабылдайтын ата-ананың бірі - жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылуы кезеңінде осындай әрбір адам үшін.

      Осы тармақтың ережелері:

      қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты;

      Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамға қатысты қолданылмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты шегерімдер аталған салық шегерімдерін қолдану үшін негіздер бар немесе болған, туындайтын күнтізбелік жылда қолданылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген, салық салынуға жататын зейнетақы түріндегі табысқа стандартты шегерім мынадай мөлшерде:

      1) осы Кодекстің 326-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі жүзеге асырылатын әрбір айы үшін зейнетақы төлемі түрінде табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын ең төменгі бір жалақы мөлшерінде;

      2) осы Кодекстің 326-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген төлемдер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және зейнетақы төлемі түрінде табысты есебіне жазу күні қолданыста болатын ең төменгi жалақының 12-еселенген мөлшерiнде қолданылады.

      4. Сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері түріндегі салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысқа сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі табысты есепке жазудың әрбір айы үшін сақтандыру төлемі түріндегі, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген стандартты шегерім қолданылады.

      347-бап. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі

      1. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес, өз пайдасына жүргізген ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

      2. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімін қолдану үшін растау құжаттары:

      ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;

      ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат болып табылады.

      3. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімі ерікті зейнетақы жарналарының төлем күні болатын, оның ішінде салық кезеңінде қолданылады.

      348-бап. Медицинаға арналған салық шегерімі

      1. Медицинаға арналған салық шегерімі медициналық қызметтер (косметологиялықтан басқа) төлеміне мынадай шығыстар бойынша қолданылады.

      2. Медицинаға арналған салық шегерімін Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғасы өз пайдасына жүргізген медицинаны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

      3. Медицинаға арналған салық шегерімі күнтізбелік жыл үшін айқындалған, жалақының 8 еселенген төменгі мөлшерінен көп емес мөлшерде қолданылады.

      4. Медицинаға арналған салық шегерімін қолдану үшін:

      1) ол жазбаша нысанда жасалған жағдайда – медициналық қызмет құнын көрсете отырып, ақылы медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт;

      2) медициналық қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме;

      3) медициналық қызметтердің төленген фактісін растайтын құжат растау құжаттары болып табылады.

      5. Медициналық қызметтерге ақы төлеуге шығыстар бойынша салық шегерімі мынадай күндердің:

      медициналық қызметтерді алу күнінің;

      медициналық қызметтерге ақы төлеу күнінің неғұрлым соңғысы тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде қолданылады.

      6. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде ұсынылатын медициналық қызметтерді шетел валютасында төлеу кезінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды теңгемен қайта есептеу төлем жасалған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасының ресми бағамы қолданыла отырып, жүзеге асырылады.

      349-бап. Сыйақылар бойынша салық шегерімі

      1. Сыйақылар бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алған, өз пайдасына жұмсаған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды төлеуге жұмсалған шығыстар бойынша қолданады.

      2. Сыйақылар бойынша салық шегерімін қолдану үшін:

      1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жасалатын ипотекалық тұрғын үй қарызының шарты;

      2) сыйақы сомасын көрсете отырып, ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі;

      3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат растау құжаттары болып табылады.

      3. Салық шегерімдері мынадай күндердің:

      ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні;

      сыйақыны төлеу күнінің неғұрлым соңғысы тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде қолданылады.

      38-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЕСЕПТЕУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ БЕРУ ТӘРТІБІ

      350-бап. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы жөніндегі жалпы ережелер

      1. Жеке табыс салығын бюджетке есептеуді, ұстауды және төлеуді, егер мұндай табыстарды көрсетілген салық агенті төлеуге (төленеді) тиіс болса, салық агенті осы Кодекстің 321-бабының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша төлем көзінен жүзеге асырады.

      2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, жеке тұлға-резидентке табыс төлейтін мына тұлғалар салық агенттері болып танылады:

      1) дара кәсіпкер;

      2) жеке практикамен айналысатын адам;

      3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент.

      Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады.

      4) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау және салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 220-бабына сәйкес тұрақты мекеме құрмаса, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға.

      3. Салық агенттері болып мыналар танылмайды:

      1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шет мемлекеттің өкілдіктері, шет мемлекеттің консулдық мекемелері;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар.

      4. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен бір мезгілде өзінің құрылымдық бөлімшесіне мынадай:

      осындай құрылымдық бөлімшеге есебіне жазылған, төленген, төлем көзінен салық салынуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстау және қайта аудару;

      осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салынуға жататын объектілер бойынша әлеуметтік салықты есептеу және төлеу міндеттерін жүктеуге құқылы.

      Заңды тұлға-резидент қабылдаған мынадай шешім:

      қайта құрылған құрылымдық бөлімшеге қатысты – осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап;

      басқа жағдайларда – осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енгізіледі.

      Заңды тұлға-резиденттің мұндай шешімінің күшін жою мұндай шешім күшін жойған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

      Салық агентінің резидентке төленетін депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстар, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару бойынша салық міндеттемесін орындау тәртібі осы Кодекстің 310-бабына сәйкес айқындалады.

      351-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

      1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізедi.

      Жеке табыс салығының сомасы осы тарауға сәйкес айқындалған, төлем көзінен салық салынатын табыс сомасына осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.

      2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.

      3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

      4. Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.

      5. Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес, төлем көзінен салық салуға жататын табыстардан есептелген жеке табыс салығы сомаларын өз қаражаты есебінен ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.

      352-бап. Мемлекеттік мекемелердің салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшеліктері

      1. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.

      2. Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің табыстары бойынша салық агенттері ретінде қарастырылуы мүмкін.

      Бұл ретте, осы бапта белгіленген тәртіппен салық агенттері деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салық төлеушілер деп танылады.

      Салықты төлеу салық агентінің орналасқан жері бойынша тиісті бюджеттерде жүргізіледі.

      3. Салық агенті жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және төлеуді осы Кодекстің 352, 353 және 354-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.

      4. Салық агенті жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 355-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етеді.

      353-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

      1. Қызметкердің табысына салық салынатын сома мынадай тәртіппен:

      ағымдағы салық кезеңінде төлем көзінен алынған салық салуға жататын қызметкердің табыстарының сомасы; алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салықтық кезеңде табысты түзету сомасы, алу

      осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген тәртіппен салық шегерімдері сомасы айқындалады.

      2. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға алған мүліктік кірістен басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін, жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын табыс мөлшері мынадай тәртіппен:

      мүліктік табыстардан басқа, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден жеке практикамен айналысатын адам, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға салық кезеңі ішінде төлем көзінен алынған салық салынуға жататын табыстар сомасы, алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген ағымдағы салық кезеңінде табысты түзету сомасы, алу

      міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салық шегерім сомасы алу

      осы Кодекстің 346-бабының 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерімдер сомасы айқындалады.

      3. Зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын табыс мөлшері мынадай тәртіппен:

      1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан:

      салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табыс сомасы алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу

      осы Кодекстің 346-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерім сомасы;

      2) салық салуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс мөлшерінде ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан айқындалады.

      4. Жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша салық салынатын кіріс мөлшері мынадай тәртіппен:

      жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салуға жататын кіріс сомасы,

      алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзету сомасы алу

      осы Кодекстің 346-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен және мөлшерде стандартты шегерім сомасы айқындалады.

      5. Салық агентінің салық салынатын табыстарының, оның ішінде осы баптың 1-4-тармақтарында көрсетілмеген табыстарының түрлері бойынша мөлшері мынадай тәртіппен:

      ағымдағы салық кезеңінде, осы баптың 1-4 тармақтарында көзделмеген төлем көзінен алынған салық салуға жататын барлық табыстарының сомасы: алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салық кезеңінде табысты түзету сомасы, алу

      осы Кодекстің 346-бабының 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген стандартты шегерім сомасы айқындалады.

      6. Шетел валютасындағы төлем көзінен салық салуға жататын табыс сомасы табыс төлемі күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

      7. Егер осы баптың 1, 2, 3, 4, 4, 5-тармақтарында көзделген тәртіппен айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салық шегерімдерінен асып кеткен деп танылады.

      Салық шегерімдерінің сомасы асып кетсе, аталған салық кезеңдерінде салық салынатын табыс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі салық кезеңдеріне ауыстырылады.

      354-бап. Салық және есепті кезеңдер

      1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

      2. Күнтiзбелiк тоқсан жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.

      355-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

      1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті орналасқан жері бойынша салық органдарына келесі есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынады.

      салық агенттері, оның ішінде оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері;

      әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына ұсынады.

      2. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін декларацияға қосымша түрінде, төлем көзінен салық салуға жататын табыстардан жеке табыс салығы бойынша есептілікті жасайды және ұсынады.

      3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық агенттері құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық сомаларын есептеу жөніндегі қосымшаны береді.

      39-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ДЕРБЕС ЕСЕПТЕЛЕТІН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

      356-бап. Жеке тұлғаға дербес есептелетін жеке табыс салығы жөніндегі жалпы ережелер

      1. Жеке табыс салығын бюджетке есептеу мен төлеуді:

      1) осы Кодекстің 321-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 9), 10), 11), 12) және 17) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша – салық агенті болып табылмайтын адамның осындай табыстарынан алған жағдайда;

      2) осы Кодекстің 321-бабы 1-тармағының 13), 14|), 15), 16), 17) 18) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша жеке тұлға дербес жүзеге асырады.

      2. Шетел валютасымен алынған (алынуға жататын) дербес жеке тұлғаға салық салуға жататын табыс, табыс алынуға тиіс күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.

      357-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, жеке тұлғаның салық салынатын табысын айқындау

      1. Дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның және Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің кірісін қоспағанда, жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын тиісті табысының салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:

      жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, жеке тұлғаның табысы алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген табысты түзету сомасы алу

      осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіпте салық шегерімдерінің сомасы.

      2. Жалпы белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің табысына салық салынатын сома мынадай тәртіппен айқындалады:

      дара кәсіпкердің осы Кодекстің 366-бабына сәйкес анықталған, салық салынатын табысы алу

      осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген табысты түзету сомасы алу

      осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіпте салық шегерімдерінің сомасы.

      3. Жеке практикамен айналысатын адамның табысына салық салынатын сома мынадай тәртіппен:

      жеке практикамен айналысатын адамның осы Кодекстің 365-бабына сәйкес анықталған кірісі алу

      осы Кодекстің 345-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіпте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған салық шегерімі айқындалады.

      4. Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің, табысының салық салынатын сомасы осы Кодекстің 360-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.

      358-бап. Жеке тұлғаға дербес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу

      1. Жеке тұлғаға дербес салық салуға жататын табыстардан жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда салық кезеңінде алынған табыстар бойынша жүргізіледі.

      Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу бір айда алынған табысы бойынша, әр айдың қорытындысы бойынша кейіннен жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіле отырып жүргізіледі.

      2. Жеке тұлғаға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығы сомасы жеке тұлғаның тиісті табысының салық салынатын сомасына сәйкес, осы Кодекстің 320-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептеледі.

      3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес, көрсетілген арнаулы салық режимдерінің шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді жүргізеді.

      4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығын есептеуді (төлем көзінен салық салынуға жататын табыстар бойынша есептелетін салықтан басқа) осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып жүргізеді  

      5. Бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен:

      осы бапта көзделген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы, алу

      осы Кодекстің 359-бабына сәйкес есепке жатқызылатын жеке табыс салығының сомасы, алу

      осы баптың 6-тармағына сәйкес есепке жатқызылатын корпоративтік табыс салығын сомасы айқындалады.

      6. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шамаға кемітіледі:

      1) Қазақстан Республикасында салық кезеңіндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы сомасы немесе дивиденттер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы есепті немесе кейінгі салық кезеңінде салық салуға жататын (салық салынған), шетелдік бақыланатын компанияның қаржылық пайдасына енгізілген, Қазақстан Республикасындағы бақыланатын шетелдік компаниялардың төлем көздерінен салық салынатын табысы. Егер резидент осы Кодекстің
359-бабының 2-тармағының ережелерін қолданбаған жағдайда, осы тармақтың ережесі төлем көзінен кемінде он пайызды құрайтын мөлшерлеме қолдана отырып есептеліп ұсталған корпоративтік табыс салығы сомасына қолданылады:

      2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама:

      Сш = Д х (Ск - Сн)/100%, мұнда:

      Сш - осы тармаққа сәйкес шегеруге жататын салық;

      Д - дивиденттер түріндегі кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компаниялар алған, кіріс немесе салық салынатын кіріс;

      Ск – Қазақстан Республикасындағы табыстан ұсталған, корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі немесе кемінде он пайызды құрайтын мөлшерлеме бойынша, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компаниялардың салық салынатын кірісі (бұдан әрі - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);

      Сн – осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағына сәйкес, есепке жатқызылған немесе жатқызылуға тиіс пайдаға сол бойынша салынатын шетелдік салық есептелген, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылай пайдасынан шет мемлекетте төленген табысты немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден салық салынатын табысты қоса алғандағы, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына барабар пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе өзге шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі).

      Егер пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесінен аз болса және егер резидент осы Кодекстің 359-бабы 2-тармағының ережесін қолданған жағдайда осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының ережелері қолданылады.

      Осы тармақтың 1) немесе 2) тармақшаларының ережесі резидент жеке тұлғада мынадай:

      резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталынатын корпоративтік табыс салығын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бақыланатын шетелдік компаниялардың салық салынатын табысынан Қазақстан Республикасының бюджетіне ұстау мен аударуды растайтын;

      бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салуға (салық салынған) жататын табысының қаржылай пайдасына қосылғанын, немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табысына салық салынатынын растайтын (расталатын) шетел тілінде жасалған (жасалған) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті аудармасымен) ішкі құжат (құжаттардың);

      осы Кодекстің 359-бабы 2-тармағында белгіленген (осы тармақтың 2) тармақшасын қолданған жағдайда) құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.

      359-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу

      1. Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге де шетел салығының (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шетелдік табыс салығы) резидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алған табыстарынан сомасы Қазақстан Республикасында осы Кодекстің 303-бабында белгіленген тәртіппен, жеке табыс салығы мөлшерлемесі шегіндегі жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.

      2. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасын Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады, мынандай формула бойынша есептеледі:

      Се = О х Ү х См/100%, мұнда

      Се – есепке жатқызуға жататын шетелдік табыс салығының сомасы;

      О – осы Кодекстің 340-бабына сәйкес резидент жеке тұлғаның кірісіне қамтылған, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасының оң шамасы;

      Ү – осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын резиденттің бақыланатын шетелдік компаниядағы тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу коэффициенті;

      См – осы Кодекстің 294-бабына сәйкес есептелген тиімді мөлшерлеме.

      Бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылай пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемесінің қаржылай пайдасынан кемінде он пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша шетелдік табыс салығын төлеу жағдайында, осы тармақтың ережелері мына мемлекеттерде:

      1) бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген мемлекетте;

      2) тұрақты мекемені құрған, бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте;

      3) бақыланатын адам тіркелген, сол арқылы резиденті бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) жанама иеленетін мемлекетте қолданылады.

      Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылай пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылай пайдасына екі немесе одан да көп шетел мемлекетте шетелдік табыс салығы салынған жағдайда, тиімді мөлшерлемесі осындай шетел мемлекеттерінде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінің жоғары шамасын құрайтын, тек сол шетелдік табыс салығы есепке алынады. Осы абзацтың ережелері:

      1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленген және бақыланатын адам (бақыланатын адамдар) тіркелген (тіркелгендер) екі немесе одан да көп шетел мемлекетінде шетелдік табыс салығы төленген кезде, сол арқылы (солар) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылай пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылай пайдасынан осындай жанама иелену арқылы жүзеге асырылатын; немесе

      2) бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей иеленген кезде және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:

      бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;

      тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.

      Резидент бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) тікелей немесе жанама және конструктивті иеленген жағдайда осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының сомасы бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей немесе жанама және конструктивті иелену бойынша бөлек есептеледі. Бұл ретте осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға бақыланатын шетелдік компанияда қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларын) әрбір тікелей немесе жанама және конструктивті иелену бойынша бөлек есептелген осындай шетелдік табыс салығы сомасы шамасы жатады.

      Осы тармақты қолдану үшін резидентте осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында көрсетілген құжаттар болуға тиіс.

      360-бап. Қазақстан Республикасында үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келушінің табысы

      1. Қазақстан Республикасында үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келушілер еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары бойынша жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді салық кезеңі ішінде жүргізеді.

      2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде Қазақстан Республикасының үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсетілген тиісті кезеңде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептеледі.

      3. Қазақстан Республикасының үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді еңбекші көшіп келуші рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

      4. Салық кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы табыстың салық салынатын сомасына жеке табыс салығының сомаларын есептеуді жүргізеді.

      5. Табысқа салынатын сомасы тиісті кезең жұмыстарының (қызмет, көрсетудің) әрбір ай үшін орындалуы есептелген, республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі еңбекші көшіп келушіге арналған рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңде ай сайын жұмысты орындауға есептелген сомаға азайтылған жұмысты орындаудан (қызмет көрсетуден) алынған (алынуға жататын) табыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      6. Салық кезеңі ішінде бюджетке Қазақстан Республикасының үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салық кезеңінде жеке табыс салығы төлемінің есебіне жатқызылады.

      7. Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдердің сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы жеке табыс салығының асып түскен сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есептелуге жатпайды.

      8. Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдердің сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрініс табады және салық кезеңі қорытындылары бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.

      361-бап. Салық кезеңі

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлға дербес салық салуға жататын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.

      2. Жеке тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде, ол дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік жыл соңына дейінгі уақыт кезеңі оның бірінші салық кезеңі болып табылады.

      3. Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен дара кәсіпкер ретінде шығарған кезде, соңғы салық кезеңіндегі күнтізбелік жыл соңына дейін күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі болып табылады.

      4.Дара кәсіпкер ретінде жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркеу кезінде және дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен осы жылдың аяғына дейін шығару ол үшін дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару күніне дейін уақыт кезеңі салық кезеңі болып табылады.

      5. Егер дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде кәсіпкерлік қызметін шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимінде және жалпы белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезде, шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған уақыт кезеңі салық кезеңіне енгізілмейді.

      362-бап. Салықты төлеу мерзімдері

      1. Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындылары бойынша жеке табыс салығының төлемін жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес:

      1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам – орналасқан жері бойынша;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға – орналасқан жері (болатын жері) бойынша жүзеге асырады.

      2. Патенттің немесе оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілеріне арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес арнаулы салық режимінде көрсетілген шеңберде салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығы жөніндегі төлемді жүргізеді.

      363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация

      1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

      1) дара кәсіпкерлер;

      2) жеке практикамен айналысатын тұлғалар;

      3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;

      4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;

      5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агентінен емес табыс алған үй қызметшілері;

      6) қызметкердің салық агенттері болып табылмайтын, шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттары бойынша табысы алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      7) қызметкердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған, халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстау және қайта есептеу бойынша міндеттемелерден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттары бойынша табысы алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, еңбекші көшіп келушіге арналған рұқсаттың негізінде жасалған еңбек шарты бойынша алатын (алуға жататын), Қазақстан Республикасының үй қызметкері-резиденті болып табылатын еңбекші көшіп келушілер;

      9) салық агенттері болып табылмайтын адамдардан алынған, "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиаторларды қоспағандағы медиаторлар;

      10) жеке қосалқы шаруашылығынан алатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосалқы шаруашылық есебі кітабында есепке алынған, салық салынуға жататын табысы , жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді табыс етуіне байланысты олар бойынша төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау жүргізілмеген жеке тұлға;

      11) Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар Республикалық бюджет туралы және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қолданыста болатын заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 12 еселенген мөлшерiнен асып түсетін сомада Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі шоттарда есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақшасы бар, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;

      12) Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша меншік құқығында:

      шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер) мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын жылжымайтын мүлкі;

      эмитенттері Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген бағалы қағаздары;

      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және адамдарға тапсырады.

      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын кірістері және Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан мүлкі туралы декларацияны ұсыну міндеті жүктелген.

      3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

      364-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

      2. Осы Кодекстің 360-бабында көзделген табыстарды алған, Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.

       Осы Кодекстің 360-бабында  көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

      Бұл ретте, осы Кодекстің 360-бабында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған Қазақстан Республикасының резиденті-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.

      9-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ ДАРА КӘСІПКЕРДІҢ ТАБЫСТАРЫНАН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ

      40-тарау. Жеке практикамен айналысатын адамның табысы

      365-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның табысы

      1. Жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған жеке практикамен айналысатын адамның табысы алу

      осы Кодекстің 345-бабында көзделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар бойынша салық шегерімі.

      2. Жеке практикамен айналысатын адамның табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын табыс сомасына есептеледі.

      3. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.

      366-бап. Дара кәсіпкердің табысы

      1. Жалпыға бірдей салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салық салынатын табысы салық кезеңі үшін мынадай тәртіппен айқындалады:

      дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын табысы, алу

      осы Кодекстің 288-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында салық салынатын табысты азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салық салынатын табысын азайту қосу

      осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасы алу 

      осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында залалдарды көшіру тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, көшіруге жататын залалдар.

      2. Дара кәсіпкердің салық кезеңі үшін салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

      осы Кодекстің 226-240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 225-бабында белгіленген, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық табыстың жиынтығын айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкердің табысы, алу

      осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтық түрінде алынған дара кәсіпкердің табысын түзету қосу

      осы Кодекстің 241-бабының 2-тармағында белгіленген, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысты түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтық түрінде алынған дара кәсіпкердің табысын түзету алу

      осы Кодекстің 242-276-баптарында белгіленген, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер, қосу (алу)

      осы Кодекстің 287-бабында белгіленген, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында табыстарды және шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған табыстар мен шегерімдерді түзету.

      33-бап. Салық кодексінің 288-бабы 2-тармағы 8) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, резидент заңды тұлғада шығарған акцияларды немесе Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн резидент өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлесін иелену мерзімі, егер осындай акцияны немесе қатысу үлесін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, акциялардың немесе қатысу үлестерінің меншік иелеріндегі иелену мерзімін есепке алумен жиынтықта айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың алдындағы бірінші күнінің он екі айлық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуаттарында меншікті және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент заңды тұлғаға тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірген минералдық шикізаттың кемінде отыз бес пайызын көрсетілген кезеңде одан кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Кейінгі қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғанда, минералдық шикізаттың көлемін анықтау кезінде:

      бастапқы өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімнің өндірісіне тікелей бағытталған;

      кейінгі қайта өңдеуде оны бұдан әрі пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеу өнімінің өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтер құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;";

      2) 2019 жылғы 1 қаңтарынан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн немесе резидент заңды тұлға шығарған акцияларды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлесімен иелену мерзімі, егер осындай акцияны немесе қатысу үлесін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, акциялардың немесе қатысу үлестерінің меншік иелеріндегі иелену мерзімін есепке алумен жиынтықта айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың алдындағы бірінші күнінің он екі айлық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуаттарында меншікті және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент заңды тұлғаға тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірген минералдық шикізаттың кемінде қырық пайызын көрсетілген кезеңде одан кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Кейінгі қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғанда, минералдық шикізаттың көлемін анықтау кезінде:

      бастапқы өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімнің өндірісіне тікелей бағытталған;

      кейінгі қайта өңдеуде оны бұдан әрі пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеу өнімінің өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтер құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;";

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "8) егер осы тармақтың 9) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн немесе резидент заңды тұлға шығарған акцияларды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялармен немесе қатысу үлесімен иелену мерзімі, егер осындай акцияны немесе қатысу үлесін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алса, акциялардың немесе қатысу үлестерінің меншік иелеріндегі иелену мерзімін есепке алумен жиынтықта айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың алдындағы бірінші күнінің он екі айлық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуаттарында меншікті және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент заңды тұлғаға тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірген минералдық шикізаттың кемінде елу пайызын көрсетілген кезеңде одан кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Кейінгі қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғанда, минералдық шикізаттың көлемін анықтау кезінде:

      бастапқы өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімнің өндірісіне тікелей бағытталған;

      кейінгі қайта өңдеуде оны бұдан әрі пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеу өнімінің өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтер құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;".

      34-бап. Салық кодексінің 300-бабы 4-тармағының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "4. Резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн, акцияларды өткiзуден туындаған залалдар резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін, консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акцияларды иелену мерзімі немесе қатысу үлестері, егер салық төлеуші бұрынғы иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде осындай акцияларды немесе қатысу үлесін алынған болса, акциялардың бұрынғы меншік иелерінің немесе қатысу үлестерінің мерзімдерін ескере отырып жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында тек өз мұқтаждығы үшін жер асты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өндіру құқығына ғана ие болатын жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлесі іске асырылған айдың бірінші күні алдындағы он екі ай кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатта өзара байланысты тарап болып табылатын заңды тұлғаға-резиденттің меншігіндегі және (немесе) тиесілі болып табылатын көмірді қоса алғанда, көрсетілген кезең ішінде өндірілген минералдық шикізаттың кемінде отыз бес пайызын кейіннен (бастапқы өңдеуден кейін) қайта өңдеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Минералды шикізаттың көлемін айқындау кезінде, көмірді қоса алғанда, кейін қайта өңдеуге жолданған:

      бастапқы қайта өңдеуден кейінгі, кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді тікелей өндіріске жолданған;

      оларды кейіннен қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірісте пайдаланған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.";

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "4. резидент-заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн, акцияларды өткiзуден туындаған залалдар резидент-заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін, консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акцияларды иелену мерзімі немесе қатысу үлестері, егер салық төлеуші бұрынғы иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде осындай акцияларды немесе қатысу үлесін алынған болса, акциялардың бұрынғы меншік иелерінің немесе қатысу үлестерінің мерзімдерін ескере отырып жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында тек өз мұқтаждығы үшін жер асты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өндіру құқығына ғана ие болатын жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлесі іске асырылған айдың бірінші күні алдындағы он екі ай кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатта өзара байланысты тарап болып табылатын заңды тұлғаға-резиденттің меншігіндегі және (немесе) тиесілі болып табылатын көмірді қоса, көрсетілген кезең ішінде өндірілген минералдық шикізаттың кемінде қырық пайызын кейіннен (бастапқы өңдеуден кейін) қайта өңдеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Минералды шикізаттың көлемін айқындау кезінде, көмірді қоса алғанда, кейін қайта өңдеуге жолданған:

      бастапқы қайта өңдеуден кейінгі, кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді тікелей өндіріске жолданған;

      оларды кейіннен қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірісте пайдаланған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.";

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "4. Резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы қатысу үлестерiн, акцияларды өткiзуден туындаған залалдар резидент заңды тұлғадағы немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент заңды тұлғаның немесе онда қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай консорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін, консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан азын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акцияларды иелену мерзімі немесе қатысу үлестері, егер салық төлеуші бұрынғы иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде осындай акцияларды немесе қатысу үлесін алынған болса, акциялардың бұрынғы меншік иелерінің немесе қатысу үлестерінің мерзімдерін ескере отырып жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақтың мақсатында тек өз мұқтаждығы үшін жер асты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өндіру құқығына ғана ие болатын жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлесі іске асырылған айдың бірінші күні алдындағы он екі ай кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатта өзара байланысты тарап болып табылатын заңды тұлғаға – резиденттің меншігіндегі және (немесе) тиесілі болып табылатын көмірді қоса, көрсетілген кезең ішінде өндірілген минералдық шикізаттың кемінде елу пайызын кейіннен (бастапқы өңдеуден кейін) қайта өңдеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

      Минералды шикізаттың көлемін айқындау кезінде, көмірді қоса, кейін қайта өңдеуге жолданған:

      бастапқы қайта өңдеуден кейінгі, кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді тікелей өндіріске жолданған;

      оларды кейіннен қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірісте пайдаланған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнында акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлік үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.";

      35-бап. Салық кодексінің 412-бабы 1, 2, 3 және 4-тармақтарының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде:

      1) осы Кодекстің 367-бабы 1- тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құнға салық төлеушілер;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған, халықаралық шарттарды іске асыруда қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

      3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

      4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор шот-фактура жазып беруге міндетті.

      2. Шот-фактура электрондық немесе қағаз тасымалдағышында жазылады.

      Шот-фактура электрондық нысанда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне уәкілетті орган айқындаған электрондық шот-фактура тәртібімен және нысанда жазылады.

      Шот-фактураның үзінді көшірмесі осы бапта белгіленген тәртіппен, салық төлеуші дербес айқындаған нысанда қағаз тасымалдағышында жүргізіледі.

      3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда:

      1) Қазақстан Республикасында ратификацияланған, халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

      2) салықтық мониторингтеуге жататын салық төлеушілер;

      3) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес, уәкілетті экономика операторы, кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы, уақытша сақтау қоймаларының иесі, кеден қоймаларының иесі болып табылатын салық төлеушілер шот-фактураны электрондық нысанда жазу міндетті.

      4. Осы баптың 3-тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер шот-фактураны:

      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасында телекоммуникацияның жалпы пайдаланылатын желісінің салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша болмауы жағдайында қағаз тасымалдағышта жазуға құқылы.

      Аумағында телекоммуникацияның жалпы пайдаланылатын желісі жоқ, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет ресурсында орналастырылады;

      2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателер туындағанда қағаз түрінде жазуға құқылы.

      Техникалық қателер жойылғаннан кейін қағаз түрінде жазылған шот-фактура техникалық қателер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.".

      36-бап. Салық кодексінің 463-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің реттік нөмірлері 7, 12, 14, 15, 21 және 22-жолдарының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшаның жолдары мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкогольды өнім (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)

2275 теңге/литр 100% спирт

                                                                  ";

      "

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

48 теңге/литр

                                                                        ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі темекі

7500 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз темекі, папиростар

7500 теңге/
1000 дана

                                                                        ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг
темекі қоспалары

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

                                                                        ";

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкогольды өнім (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан)

2550 теңге/литр 100% спирт

                                                                  ";

      "

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

                                                                        ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі темекі

8 700 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз темекі, папиростар

8 700 теңге/
1000 дана

                                                                        ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг
темекі қоспалары

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі

                                                                        ";

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкогольды өнім (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)

2550
теңге/литр 100%
спирт

                                                                  ";

      "

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

                                                                        ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі темекі

9 900 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз темекі, папиростар

9 900 теңге/
1000 дана

                                                                        ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

7345 теңге/1 кг
темекі қоспалары

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

5 теңге/ сұйықтық миллилитрі

                                                                        ";

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "

7.

2208

Алкогольды өнім (коньяктан, брендиден, шараптан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)

2550
теңге/литр 100% спирт

                                                                  ";

      "

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

                                                                        ";

      "

14.

2402-ден

Фильтрлі темекі

11 100 теңге/
1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз темекі, папиростар

11 100 теңге/
1000 дана

                                                                        ";

      "

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

7345 теңге/1 кг
темекі қоспалары

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

5 теңге/ сұйықтық миллилитрі

                                                                        ";

      37-бап. Салық кодексінің 645-бабы 9-тармағының 5) және 8) тармақшалары тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдік салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, заңды тұлғалар-жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін дивидендтер, егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші-бейрезиденттің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төлейтін, резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы дивидендтер есептелген, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлға-резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың көрсетілген кезеңде кемінде отыз бес пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асырады.

      Егер қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізілетін дивидендтерді төлейтін резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда, оның ішінде инвестициялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын, сол бойынша осындай азайту көзделген болса, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан көбірек пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату қолданылмайды;

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында кемінде 50 пайызды құраса, онда осы тармақшады көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату дивидендтердің барлық сомасына қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында кейіннен қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Осы тармақшаның ережелері тек заңды тұлға-резидентінен алынған дивидендтерге мынадай түрде қолданылады:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;

      жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшы, қатысушы енгізген мүлікті қоспағанда, заңды тұлғаны-резидентті тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға-резидентке қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алған кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;";

      "8) егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғада немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумда қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның артуынан түсетін табыстар, бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай заңды тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтаждығы үшін өндірудің айрықша құқығына ие болғандықтан ғана пайдаланушы болып табылатын осындай жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде отыз бес пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды.

      Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған, көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын адамдардың (адамның) мүлкінің, акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;".

      2) 2019 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, заңды тұлғалар-жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін дивидендтер, егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші-бейрезиденттің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төленетін, резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы дивидендтер есептелген, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлғаға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде қырық пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асырады.

      Егер қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды дивидендтерді төлейтін резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда, оның ішінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын, сол бойынша осындай азайту көзделген болса, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан көбірек пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату қолданылмайды;

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында кемінде 50 пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату дивидендтердің барлық сомасына қолданылады.

      Осы тарма0шада көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында кейіннен қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Осы тармақшаның ережелері тек заңды тұлға-резидентінен алынған дивидендтерге мынадай түрде қолданылады:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;

      жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшы, қатысушы енгізген мүлікті қоспағанда, заңды тұлғаны-резидентті тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға-резидентке қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алған кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;";

      "8) егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғада немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумда қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның артуынан түсетін табыстар, егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай заңды тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтаждығы үшін өндірудің айрықша құқығына ие болғандықтан ғана пайдаланушы болып табылатын осындай жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде қырық пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды.

      Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған, көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын адамдардың (адамның) мүлкінің, акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;".

      3) 2020 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "5) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, заңды тұлғалар-жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін дивидендтер, егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші-бейрезиденттің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      дивидендтер төленетін, резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы дивидендтер есептелген, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлғаға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде елу пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асырады.

      Егер қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды дивидендтерді төлейтін резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда, оның ішінде инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын, сол бойынша осындай азайту көзделген болса, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан көбірек пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату қолданылмайды;

      егер 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда резидент болып табылатын заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында кемінде 50 пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату дивидендтердің барлық сомасына қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Осы тармақшаның мақсатында кейіннен қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Осы тармақшаның ережелері тек заңды тұлға-резидентінен алынған дивидендтерге мынадай түрде қолданылады:

      акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

      заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;

      жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшы, қатысушы енгізген мүлікті қоспағанда, заңды тұлғаны-резидентті тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға-резидентке қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алған кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.";

      "8) егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген, резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғада немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумда қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның артуынан түсетін табыстар, егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:

      акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

      осындай эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

      осындай эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын осындай тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.

      Осы тармақшада көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.

      Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтаждығы үшін өндірудің айрықша құқығына ие болғандықтан ғана пайдаланушы болып табылатын осындай жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшасының мақсатында, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде елу пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды.

      Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған, көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:

      бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;

      кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.

      Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын адамдардың (адамның) мүлкінің, акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;".

      38-бап. Салық кодексінің 679-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "2. Салық төлеуші, жаңа құрылғанды қоспағанда, қолдану шарттарына сәйкес келген жағдайда:

      1) салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен немесе шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнаулы салық режимінен – патент негiзiнде;

      2) салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбінен, патент негiзiндегi арнаулы салық режимдерінен немесе шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнаулы салық режимінен – оңайлатылған декларация негiзiнде;

      3) салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбінен, басқа шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерінен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимінен – тіркелген шегерімді пайдалану арқылы;

      4) салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбінен немесе шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар үшін арнаулы салық режимінен – ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдеріне өтуге құқылы.".

      39-бап. Салық кодексінің 685-бабы 1-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Осы Кодекстің 683-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден басқа:

      1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

      2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер патент негізінде арнаулы салық режімін қолдануға құқылы.".

      40-бап. Салық кодексінің 697-бабы 6-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "6. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер, өздері осындай салықтық режимдер әрекеті қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.

      Бұл ретте салық төлеуші осы тармақта көрсетілген бөлек есепке алуды, өздері бекітілген салықтық есепке алу саясатының ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс.".

      41-бап. Салық кодексінің 703-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "703-бап. Салық салу объектiсі

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.

      Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.".

      42-бап. Салық кодексінің 704-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "704-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі

      1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі:


р/с

Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық мөлшерлемесі

1

2

3

1.

500-ге дейін

0,15%

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын жер алаңын бағалау құнының 0,3 %

3.

1001-ден 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын жер алаңын бағалау құнының 0,45

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын жер алаңын бағалау құнының 0,6 %

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын жер алаңын бағалау құнының 0,75


      2. Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу осындай жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2% мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.

      3. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде он еседен асырмай жоғарылатуға құқығы бар.

      4. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын салық кезеңінде арнаулы салық режимін қолданылатын нақты кезеңі үшін есептейді, оның ішінде жер пайдалануға жер учаскесін алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер учаскесін пайдаланудан (өткізуден) бас тартқан жағдайда.

      5. Әрбір жер учаскесі орналасқан жері бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы барлық жер учаскелерінің жалпы ауданына осындай жер учаскелерінің ауданын барабар үлес салмағымен анықталады.

      6. Бірыңғай жер салығының сомасы арнаулы салық режимін қолданудың нақты кезеңі үшін:

      1) егер салық төлеуші толық емес салық кезеңінде көрсетілген арнаулы салық режимін жалпы қолданған жағдайда – салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп және осындай нақты кезеңнің ай санына көбейту;

      2) егер салық төлеуші толық емес салық кезеңінде көрсетілген ауданда арнаулы салық режимін жалпы қолданған жағдайда – қызметіне пайдалынатын жер учаскелері орналасқан аудан бюджетіне төлеуге жататын салықтың жалпы сомасын он екіге бөліп және осындай нақты кезеңнің ай санына көбейту;

      3) егер салық төлеуші салық кезеңінде жер пайдалануға жер учаскесін алған (меншікке сатып алған) және (немесе) жер учаскесін пайдаланудан (аталған жер учаскесін өткізуден) бас тартқан жағдайда – арнаулы салық режимін қолданылатын, қызметіне пайдалынатын жер учаскелері бойынша толық салық кезеңінде төленуге жататын салық сомасын он екіге бөліп және нақты кезеңнің ай санына көбейту арқылы айқындалады.

      Бұл ретте, осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда жер учаскесін бойынша арнаулы салық режимін қолданудың нақты кезеңі үшін салықты есептеу:

      егер осындай жер учаскесі бойынша салық кезеңінің басынан бастап арнаулы салық режимі қолданылса, салық кезеңінің бірінші айынан батап, салық кезеңі ішінде жер учаскесін берген (өткізген) жағдайда – осындай жер учаскесі берілген (өткізілген) айдың бірі күніне дейін;

      осындай жер учаскесі пайдалануға (меншігіне сатып алған) алынған айдың бірінщі күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейін немесе осындай жер учаскесі пайдалануға (өткізуге) берілгеннен кейін айдың бірі күніне дейін жүргізіледі.

      7. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбiн көздейдi және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру (акцизделетіндерді қоспағанда) және оларды өткізу, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қата өңдеу (акцизделетіндерді қоспағанда) осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiне қолданылады.".

      43-бап. Салық Кодексінің 706-бабының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "706-бап. Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерін бюджетке төлеу мерзімдері

      1. Бірыңғай жер салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мынадай тәртіппен:

      1) салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін есептелген соманы төлеу ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірілмей;

      2) салық кезеңінің 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін есептелген соманы төлеу есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 10 сәуірінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

      2. Бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша бюджетке жүргізіледі.".

      44-бап. Салық Кодексінің 709-бабы 4-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "4. Қызметiн арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде қызметін жүзеге асырудың басым түрлерін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынған, осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мынадай құрылыс объектілерін: жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу мекемелерін, кітапханаларды, оқушылар сарайын, спорт кешендерін өткізуден кірістер бойынша, осындай өткізу "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің тиісті басым түрлерінің тізбесіне кіретін жағдайларда қолданылған.".

      45-бап. Салық кодексінің 746-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Егер осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды, оның ішінде жаңа ғана бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізатты өндіруге арналған салық мөлшерлемелері мынадай өлшемде белгіленеді:


р/с №
 


Пайдалы қазбалардың, оның ішінде жаңа ғана бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат

мөлшерлемелер

1

2

3

4

1.

Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi

Хром кені (концентрат)

16,2 %

Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)

2,5 %

Темір кенi (концентраты)
 

2,8%

Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)

18,5 %

2.

Металлдар

Мыс

5,7 %

Мырыш

7,0 %

Қорғасын

8,0 %

Алтын, күміс, платина, палладий

5,0 %

Алюминий

0,25 %

Қалайы

3,0 %

Никель

6,0 %

3.

Құрамында металдар бар минералдық шикізат

Ванадий

4,0 %

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0 %

4.

Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералдық шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий

7,7 %

Галлий

1,0 %

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералдық шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0 %

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, талий, гафний, рений, осмий

6,0 %

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералдық шикізат

Радий, торий

5,0 %

7.

Құрамында металл еместер бар минералдық шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0 %

Фосфориты

4,0 %

Бор ангидриті

3,5 %

Барит

4,5 %

Тальк

2,0 %

Флюориттер

3,0 %

Воластонит

3,5 %

Шунгит

2,0 %

Графит және басқалар

3,5 %


Жарқырауық тас шикізаты:
 


8.

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

12,0 %

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

3,5 %

10.

Құрамында техникалық тастар бар минералдық шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар

2,0 %

11.

Сирек металлдар

Литий, бериллий, тантал, стронций

7,7%
 

12.

Сирек металлдар

Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий

6,0%

      ".

      46-бап. Салық Кодексінің 748-бабы 1-тармағының қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:

      "1. Пайдалы қазбаларды, базалық құрылыс материалдарын және емдік балшықтарды өндіруге арналған салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын заңда белгіленген, өндірілген базалық құрылыс материалдары мен емдік балшықтың 1 тоннасы үшін бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:


р/с

Пайдалы қазбалардың атаулары

АЕК мөлшерлемелер

1

2

3

1.

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктастар

0,02
 

2.

Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

0,06

3.

Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

0,02

4.

Емдік балшықтар

0,02

      ".

      47-бап. Акциялардың бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банктің, банкті қоспағанда, провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табысы болып 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған резервтердің динамикалық сомасы бекітілсін. Осы тармақта көрсетілген резервтердің динамикалық сомасына 2018 жылғы өткен салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысы қосылады.

      48-бап. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес қаржы лизингіне мүлікті беру кезінде айналымдарды жасау күні, егер бір және сол айналым бойынша мұндай айналымды жасау күні:

      қолданыстағы Кодекс бойынша - 2018 жылғы 1 қаңтарына дейін, ал 2018 жылғы 1 қаңтарына кейін қолданыста болған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) бойынша көрсетілген күнге дейін, немесе қолданыстағы Кодекс бойынша - 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін, ал 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін туындайды деп белгіленсін.

      49-бап. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан салық заңнамасына сәйкес лизинг берушілер лизинг затын беру кезінде қаржы лизингінің шартына сәйкес 2018 жылғы 30 қаңтарына дейінгі мерзімде лизингтік төлемдер жалпы сомасын негізге алына отырып айналым мөлшерін көрсетіп шот-фактураны жазып беруде 2017 жылғы 31 желтоқсанынан кейінгі салық кезеңдерінде танылған айналымдардың теріс мәні көрсетіле отырып, қосылған құн салығының сомасын көрсетіп қосымша шот-фактура жазу міндеті белгіленсін.

      Осы баптың ережелері 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, айналым жасау күні 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін басталатын қаржы лизингі шарттары бойынша қолданылады.

      50-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша белгіленсін, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған салық бойынша артықшылықтар олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады.

      51-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық басым жоба бойынша салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданысы мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.

      52-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар бойынша уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған келісімшарт бойынша белгіленсін, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған инвестициялық салық туралы преференциялары олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп есептеледі.

      53-бап. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге белгіленсін:

      1) Салық кодексінің мақсаттары үшін базалық құрылыс материалдары – бұл жалпыға таралған пайдалы қазбалар.

      2) Салық кодекстің 23-бөлімнің мақсаттары үшін мынадай терминдер:

      көмірсутектер – мұнай;

      мұнай – шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және ілеспе газ, сондай-ақ шикі мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейін және жанғыш тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейін алынған көмірсутектер;

      шикі газ – қалыпты атмосфералық температура мен қысымда, оның ішінде табиғи тазаланбаған, ілеспе, тақтатасты газ, көмір пластты метан, сондай-ақ олардың құрамында көмірсутектер емес газ, жер қойнауынан газ күйінде алынған құндылық, салыстырмалы салмағына тәуелсіз кез келген көмірсутектер.

      54-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат, 131; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжаттар; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 10, 23-құжат; "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2017 жылғы 19 маусымда жарияланған); "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған); "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2017 жылғы 10 шілдеде жарияланған); "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2017 жылғы 13 шілдеде жарияланған); "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2017 жылғы 14 шілдеде жарияланған):

      2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болған 317-324 баптарды;

      2022 жылғы 31 желтоқсанына дейін қолданыста болған 571-бабы 4-тармағы 4) тармақшасын, 573-бабы 5-тармағы 1) тармақшасын, 627-бабы 5-тармағы 2) тармақшасы сегізінші абзацын, 9-тармағы 2) тармақшасы жиырмасыншы абзацын, 638-бабы 9-тармағы 4) тармақшасын;

      2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін салық органында тіркелген бейрезидентке ашылған шартты банк салымдары бойынша 46-баптың 8-тармағын, 193-бабы 5-тармағының 9) тармақшасын, 216, 217, 218, 219- баптарды, 610-бабы 4-тармағын, 627-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының он үшінші, он жетінші абзацтарын, 9-тармағы 2) тармақшасының он сегізінші, жиырма үшінші абзацтарын, 629-бабы 5-тармағының 4-1) тармақшасын, 635-1-бапты қоспағанда.

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 2017 жылғы 11 мамырда жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады