"Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 587 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:

      1) 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз жиырма теңге;

      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз қырық теңге;

      3) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге;

      4) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз сексен теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады