Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын іске асыру туралы гранттық келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 589 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын іске асыру туралы гранттық келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын іске асыру туралы гранттық келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 589 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын іске асыру туралы гранттық келісім

      Осы жерде және бұдан әрі жеке-жеке "Тарап" немесе бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап. Келісімнің нысанасы

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ), жобаны, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшасында көрсетілгендей, "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасы (бұдан әрі – жоба) шеңберінде жүзеге асырады.

      2. Осы Келісімде қамтылатын қызмет ЭЫДҰ-ның 2017 – 2018 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасына және бюджетіне (бұдан әрі – ЖББ) енгізілді.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі ЭЫДҰ жоба бойынша жүзеге асыратын қызметті қаржыландыруға келіседі.

      4. Жобаның ұзақтығы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 16 айды құрайды.

2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері

      1. Осымен Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшасында көрсетілгендей, жобаны іске асыруға байланысты шығыстарды өтеу үшін ЭЫДҰ-ға 630000 (алты жүз отыз мың) евро беруге міндеттенеді.

      2. Жарна мынадай кестеге сәйкес:

      1) 315000 (үш жүз он бес мың) евро мөлшеріндегі сома осы Келісімге қол қойылып, ЭЫДҰ-дан тиісті шотты алған күннен бастап;

      2) 157000 (бір жүз елу жеті мың) евро мөлшеріндегі сома 2018 жылғы 15 сәуірден кешіктірілмей, ЭЫДҰ-дан тиісті шотты алғаннан кейін төленеді;

      3) 158000 (бір жүз елу сегіз мың) евро мөлшеріндегі сома түпкілікті өнімдерді (осы Келісімде көрсетілген бағалаулар, басшылық қағидаттары, әдіснамалар) және ЭЫДҰ-дан тиісті шотты алғаннан кейін төленеді.

      3. ЭЫДҰ бұл жарнаны қазіргі уақытта жарнаның жалпы сомасының 5,3 % әкімшілік шығындарын өтеуді көздейтін ЭЫДҰ-ның қаржылық ережелеріне және басқа да тиісті қағидаларға, саясаттарға және рәсімдерге сәйкес әкімшілендіретін болады. Шығыстар бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес ЭЫДҰ-ның шоттарында көрсетілетін болады және ол ЭЫДҰ-ның стандартты аудит қағидаларына сәйкес аудит кезінде тексерілуі мүмкін.

3-бап. Жұмыстардың сипаттамасы және есептіліктер

      1. ЭЫДҰ жобаны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшаға сәйкес орындауға міндеттенеді.

      2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобаның барысы туралы баяндау нысанында есеп береді.

      3. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндау нысанында қорытынды есеп береді.

      4. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы жылдық есеп береді.

      5. Жоба аяқталғаннан кейін алты айдың ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығыстар туралы қорытынды қаржылық есеп береді.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығындар туралы есепте қаржылық есептілікке қойылатын талаптар осы келісімге, оның ажырамас бөлігі болып табылатын 3-қосымшасында сипатталғанындай ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес сақталатынымен келіседі.

4-бап. Ақпарат алмасу

      Тараптар бір-біріне жобаны жүзеге асыру үшін қажетті көмек пен ақпаратты ұсынады.

      Тараптар арасындағы кез келген ақпарат алмасу мына мекенжайларға жіберіледі:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, +7 (7172) 74-39-38, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қазақстан, эл.пошта: ai.smagulova@economy.gov.kz;

      ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару және аумақтық даму жөніндегі директораты, Мемлекеттік басқаруды шолу және әріптестіктер бөлімі, Андре Паскаль көшесі, 2, 75775, Париж Седекс 16, Франция, эл.пошта: Tatyana.Teplova@oecd.org.

5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану

      1. Жобаның кез келген нысандағы нәтижелері ЭЫДҰ-ның айрықша меншігі болып қалады.

      2. Құжаттарды жіктеуге және жіктеуден алып тастауға қатысты үшінші тараптардың құқықтары, сондай-ақ ЭЫДҰ қағидалары мен саясаттары сақталған кезде, егер қолданылатындай болса, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы жарнаның есебінен қаржыландырылатын жобаның шеңберінде алынған түпкілікті нәтижелерді коммерциялық емес мақсатта пайдалануға, көшірмесін жасауға және таратуға айрықша емес құқық береді.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қажеттілігіне қарай үнемі ЭЫДҰ-ның авторлық құқығын тиісті түрде мойындайды.

      4. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасына ЭЫДҰ-ның стандартты шарттарына сәйкес Тараптар арасында жеке жазбаша келісім жасалған кезде осы Келісімнің шеңберінде қаржыландырылатын жобаның аясында алынған нәтижелерді орыс және/немесе қазақ тілдеріне аударуға айырықша емес құқық береді.

      5. Жоба барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген деректер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ көрсетілген деректер мен ақпаратты жобаны жүзеге асыруға өз есебін дайындау мақсатында пайдалануға және/немесе енгізуге құқылы.

6-бап. Дауларды шешу

      Осы Келісімнің болуын, қолданылуын, жарамдылығын немесе бұзылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан немесе осыларға қатысты туындайтын келіссөздер жүргізу жолымен шешілуі мүмкін болмайтын кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық аралық соттың тұрақты палатасының осы Келісімді жасасу күніне қолданыстағы халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер үшін төрелік сотының факультативтік қағидаларына сәйкес міндетті күші бар түпкілікті төрелік талқылауымен шешіледі. Судьялардың саны – біреу. Судья Тараптар арасындағы уағдаластық жолымен таңдалады. Егер төрелік талап еткеннен кейін үш айдың ішінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілмесе, судья жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес Тараптардың бірінің талабы бойынша тағайындалады. Төрелік сот Париж қаласында, Францияда өтеді, барлық іс жүргізу мен берілетін түсініктемелер ағылшын тілінде болуға тиіс.

7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер

      Осы Келісімде ешнәрсе де халықаралық ұйым ретінде ЭЫДҰ артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту деп түсіндірілмеуге тиіс.

8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар

      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген жазбаша хаттамалармен рәсімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

9-бап. Күшіне енуі

      Осы Келісім қол қойылғаннан кейін күшіне енеді және қолданыста болады. Ол екі Тараптар одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін жарамды және қолданыста болады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі екі түпнұсқа данаға қол қойылды. Қазақ, орыс және/немесе ағылшын тілдеріндегі мәтіндердің арасында сәйкессіздіктер болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз төлнұсқа болып табылады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі атынан
Экономикалық ынтымақтастықжәне даму ұйымы атынан


      Сүлейменов Тимур Рольф Альтер
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару
      Ұлттық  экономика министрі           және аумақтық даму
      жөніндегі директораттың
      директоры
      Қолы:__________________      Қолы:_____________________
     
      Күні:___________________ Күні:______________________


  Антуан Пайль
  Бағдарламаларды, бюджетті және қаржыны басқару қызметі бастығының орынбасары, Атқарушы директорат
 
  Қолы: ______________________
 
  Күні: ______________________
 
  Қазақстан Республикасының Үкіметі
  мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын
  іске асыру туралы гранттық келісімге
  1-қосымша

Техникалық тапсырма

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) миссиясы бүкіл әлемдегі адамдардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған саясатқа жәрдемдесу. ЭЫДҰ үкіметтер тәжірибе алмасу және ортақ проблемалардың шешімдерін іздестіру үшін бірге жұмыс істей алатын форум болып табылады. ЭЫДҰ ұсынылып отырған бірегей басымдықтармен жұмыс істейді: ЭЫҰД талдамалық жұмысты, консультацияларды, бағалауды, алқалық шолуды, бенчмаркингті және саясатты іске асыруды интеграциялайды және келіседі. Бұл ЭЫДҰ-ның ең заманауи басшылық қағидаттарын, жүйелі талдамалық шеңберлерді, іске асыруды сенімді бағалауды және елдерге, сондай-ақ нәтижеге бағдарланған салыстырмалы бақылау көрсеткіштерін және саясаттың әрбір саласындағы ұсынымдарды қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

      Басқару реформасы ЭЫДҰ-ның ұзақ мерзімді стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Институционалдық тиімділік пен мемлекеттік басқару тиімділігі ұлттық және өңірлік инклюзивті өсуге ықпал ететін стратегиялық факторлар болып табылады. Мемлекеттік басқару және аумақтық даму директоратының (МБАДД) миссиясы елдерге адамдар мен бизнес үшін нәтижелерді жақсарту құралы ретінде, сол арқылы азаматтардың Үкіметке деген сенімін арттыра отырып, мемлекеттік басқаруды нығайту үшін нақты деректер мен инновациялық саясаттарға негізделген стратегияларды әзірлеу мен жүзеге асыруда көмек көрсету болып табылады.

      Таяу арада қабылданған тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) және 2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың күн тәртібі мемлекеттік басқарудың инклюзивті өсуді ынталандыруда шешуші рөл атқаруы тиіс екендігі және даму саласында жаһандық өршіл мақсаттарға қол жеткізу үшін инклюзивті институттар қажет екендігі жөнінде дабыл қағуда. Мысалы, № 16 ТДМ-да "барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және транспарентті институттар" құруға шақыру қамтылған, олар халықаралық қоғамдастықтың тиісті мемлекеттік басқару мен ашық саясатқа және практикаға қажеттілікті және бейімділікті мойындағанын растайды.

      ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметімен мемлекеттік басқару саласында 2012 жылдан бері ынтымақтастықта. 2014 жылы ЭЫДҰ Қазақстанның орталық аппаратына Шолу жүргізді (2014 жылғы шолу). Шолу Үкіметтің бірнеше басым бағыттарын қамтитын басқару реформасы бойынша ауқымды, өзара байланысты ұсынымдар сериясын ұсынды. 2015 – 2016 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ Елдік бағдарламаны (2015 – 2016 жылдардағы елдік бағдарлама), оның ішінде 2014 жылғы шолудан туындайтын ұсынымдарды қолдау саясаты мен ашық Үкімет, стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік реформаны қайта құру, орталықсыздандыру және гендерлік саясат саласында Үкіметті талдамалық қолдау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық семинарлар өткізуді қамтитын мемлекеттік басқару саласында іске асыруға қатысты.

      "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттің ашықтығы мен есеп беруін арттыруға және мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға қатысты бұл жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметіне қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру және нәтижелерге қол жеткізу үшін елдің барлық өңірлерінде азаматтар мен бизнес үшін саясат пен көрсетілетін қызметтерді әзірлеу мен іске асыру тұрғысынан қолдау көрсетуді жалғастыру болып табылады.

      Бұл жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің басымдықтарына, оның ішінде "100 нақты қадам" Ұлт жоспары шеңберіндегі басымдықтарға шоғырландырылып, Үкіметке 2014 жылғы шолудың және 2015 – 2016 жылдардағы елдік бағдарламаның ұсынымдарын орындауға одан әрі қолдау көрсетуге бағытталатын болады. Әртүрлі құрамдауыштардың 2015 – 2016 жылдардағы елдік бағдарлама шеңберінде бөлінген басқа салаларға өту үшін елеулі әлеуеті бар (мысалы, көп өлшемді шолу, қоршаған орта, білім беру және т.б.).

      ЭЫДҰ Үкіметке ЭЫДҰ ұсынымдарын орындауда консультациялық қолдау көрсете отырып, Қазақстандағы басқару реформасы туралы ағымдағы идеяларға ықпал ететін болады.

      2015 – 2016 жылдарға арналған елдік бағдарламадан туындайтын жекелеген басым ұсынымдарға қатысты нақты нәтижелерді негіздей және сипаттай отырып, оларды іске асыру бойынша бірқатар нақты қадамдар ұсынылады. ЭЫДҰ-ның рөлі құралдар әзірлеуді, халықаралық практика туралы хабардар етуді, тиісті ақпараттар жинауды және Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз ынтымақтаса отырып әлеует құру жөнінде семинарлар өткізуді білдіреді.

      Әрине, бастама және осы құралдарды белсенді пайдалану мен ұсынымдарды тиімді орындау жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Үкіметіне жүктеледі.

      Жобаның құрамдастары

      Осы жобаны іске асырған кезде ЭЫДҰ саяси ұсынымдарды тиімді жүзеге асыру және ұзақ мерзімді перспективада барынша әсер ету үшін өзі әзірлеген бірқатар саясат құралдарын қолданатын болады. Саясаттың бұл құралдары ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен мүше емес елдерде жақсы тексерілді; олар жақсы халықаралық тәжірибеге негізделген және әртүрлі ұлттық жағдайларға бейімделген. Қазақстанда бұл құралдар ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейлерде де қолданылады.

      Көптеген жағдайларда бұл құралдар білім алмасу және оларды Қазақстанның ресми және аға лауазымды адамдары, олардың ЭЫДҰ-ғы әріптестері, ЭЫДҰ-ның персоналы мен жоғары деңгейдегі халықаралық қызметкерлер және жергілікті сарапшылар арасындағы диалог және білім алмасу негізінде таратуға бағдарланған әлеуетті құру жөніндегі семинар-практикумдардың "сараптамалық" қағидаты бойынша ұйымдастырылған нысанда болады. Деңгейлес іс-шаралардан басқа, жоғары деңгейдегі семинарлар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің озық практика және саяси диалогтың жаһандық тұғырнамаларға қатысуын қоса алғанда, бұл жоба саясаттың жобалаудан бастап енгізуге, мониторинг пен бағалауға дейінгі циклдерінің әртүрлі кезеңдерінде іске асыруға көмектеседі.

      Осы жобаның шеңберіндегі іс-шаралар ЭЫДҰ-ның 2015 – 2016 жылдарға арналған елдік бағдарламалары шеңберінде шығарылған ұсынымдарын жүзеге асыруды қолдау үшін, сондай-ақ Қазақстанға жаңа саяси басымдықтарды шешуде қолдау көрсету үшін саясат мәселелері бойынша жұмыс құралдарын және арнайы консультациялық көрсетілетін қызметтерді құрумен байланысты болады. Бұл іс-шаралар жергілікті проблемаларды жоғары деңгейде білу және Қазақстанның ерекше мәнмәтіні туралы жоғары хабардарлық арқылы тең жағдайларда жүргізіледі. Жоба ЭЫДҰ сарапшыларының (мүше елдердің және әріптестердің жоғары лауазымды адамдары) кең желісінің қосымша құндылығын пайдаланатын болады.

      Ұсынылған іс-шаралар

      Іске асыруды қолдау ЭЫДҰ сарапшыларының және әріптестердің қатысуымен бірқатар дөңгелек үстелдер, семинарлар және саясаттың жаңаруы көмегімен мынадай салаларда қамтамасыз етіледі:

      A. Ұлттық және жергілікті мемлекеттік органдардың сапасын, ашықтығы мен әлеуетін нығайту.

      ЭЫДҰ-ның 2015 – 2016 жылдарға арналған елдік бағдарламаны талдауы есеп беру, ашықтық және азаматтардың қатысу қағидаттарының шешуші салалар болып табылатынын көрсетті, оларда Қазақстанға "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында Президент қойған мақсаттарды іске асыру үшін одан әрі инвестициялар қажет болуы мүмкін. Осылайша ЭЫДҰ ұсынымдарында елдің нақты және қарапайым рәсімдерді әзірлеу кезінде және мемлекеттік қызметшілер үшін де, азаматтар үшін де азаматтардың қатысуы кезіндегі басшылық қағидаттарын, сондай-ақ биліктің әр деңгейінің қарауын төмендету мақсатында қоғамдық кеңестердің жұмыс істеуіне қатысты барлық тиісті рәсімдерді қамтитын нақты басшылық қағидаттарын алатыны көрсетіледі.

      Бұдан басқа жергілікті билік органдары ашық Үкімет саясатын іске асыруда бірқатар негізгі проблемаларға кез болуда. Жергілікті органдардың ашық үкіметтік саясат циклы шеңберінде негізгі жұмыс істейтін адамдар болып табылатыны заңды, өйткені олар азаматтардың қажеттіліктерін барынша жақсы біледі. Жергілікті деңгейдегі шектеулі мүмкіндіктер мен ресурстардың және басқа да өңірлік ерекшеліктердің (географиялық алыс орналасуы немесе орталықтандырылған ұлттық әкімшілік сияқты) саясатты сатылас үйлестіруге кедергі жасауы мүмкін екендігін атап өткен маңызды. Осылайша, ұсынылатын іс-шаралар анықталған кемшіліктерді жоюға ықпал етеді және Президенттің "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын және ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын тиімді жүзеге асыруды қолдауға бағытталатын болады.

      Іс-шаралар және ЭЫДҰ-ның беруі тиіс нәтижелері осы ұсынымдардың жүзеге асырылуын қолдауға бағытталған:

      І) жергілікті деңгейде ЭЫДҰ басшылығының ұсынымдарын орындауды қолдауға арналған пилоттық бағдарлама, мынадай құрамдауыштарымен бірге:

      а) жергілікті деңгейде дөңгелек үстел өткізу арқылы ЭЫДҰ-ға мүше елдермен тәжірибе алмасу:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы мониторингін және шешімдер қабылдау процестерін қоса алғанда, жергілікті қоғамдық кеңестердің әлеуеті;

      азаматтық қоғамның жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін, жеделдігі мен ашықтығын қоса алғанда, олардың қызметтерін бағалауға қатысуы;

      б) пилоттық жергілікті әкімшілік кез болатын нақты мәселелер мен шектеулердің негізінде Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың әлеуетін нығайту жөнінде нысаналы ұсынымдар әзірлеу;

      ІІ) 2015 – 2016 жылдарға арналған елдік бағдарлама шеңберінде ЭЫДҰ-ның Қазақстанның ашық Үкіметі жөніндегі ұсынымдарының орындалуын ұлттық және жергілікті деңгейлер үшін нұсқама дайындау арқылы қолдау, онда:

      мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар үшін әлеуетті өсіру бойынша семинар өткізу ақылы азаматтарды тарту жөніндегі ұлттық және жергілікті деңгейлердегі рәсімдер;

      жергілікті қоғамдық кеңестердің жұмыс істеуі бойынша басшылық қағидаттар көрсетілетін болады.

      Нәтижелер:

      Нысаналы ұсынымдармен сүйемелденетін ашық Үкімет саясаты мен тиімді басқаруды енгізу үшін 1 пилоттық өңірдегі жергілікті органдар әлеуетін бағалау:

      1) жергілікті және ұлттық деңгейлерді құрамдастыратын халықаралық семинар.

      2) Ұлттық және жергілікті деңгейлерде (құрамдастырылған) Қазақстан үшін ашық Үкімет бойынша ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын іске асыруға арналған нұсқама (Жергілікті кеңестердің басшылық қағидаттарын, азаматтарды тарту рәсімдері бойынша басшылық қағидаттарын және т.б. қоса алғанда).

      В. Мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлау құрамдауышы ретіндегі тәуекелдерді басқару.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық жоспарлау шеңберінде тәуекелдерді басқарудың жалпы мемлекеттік стратегиясы мен тәсілін әзірлеу міндеттемелерін қабылдады. Бұл міндеттеме ЭЫДҰ-ның 2014 жылғы шолу және 2015 – 2016 жылдарға арналған елдік бағдарлама шеңберіндегі ұсынымдарына сәйкес келеді, олар Тәуекелдерді басқару жөніндегі басшылық қағидаттарын әзірлеудің маңыздылығын атап көрсетеді және осы басшылық қағидаттарын енгізу үшін қажетті қолдау құралы қызметін атқарады. Осы мақсатта бұл бағыт қазақстандық биліктің тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін әзірлеуі мен енгізуіне қол жеткізуде қолдау көрсетуге бағытталады. Сондай-ақ саяси циклдің бір бөлігі ретінде тәуекелдерді анықтау мен басқару үшін Қазақстанда мемлекеттік органдардың стратегиялық әлеуеттерін өсіруге екпін жасалатын болады. Бұл іс-шара мынадай бірқатар өзара байланысты іс-шараларды қамтуы мүмкін:

      I. Тәуекелдерді бағалау жөнінде нұсқама әзірлеу.       

      Стратегиялық жоспарлау шеңберінде тәуекелдерді басқару тәсілдерін әзірлеудің бастапқы қадамы тікелей және жанама салдарды анықтау және бағалау әдіснамасын айқындау және саяси шаралардың ықтимал әсерін, сондай-ақ осы элементтердің әрқайсысына әсер ететін белгісіздіктерді айқындау болып табылады. Бұл әдіснама мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау тәсілдерін өзгертуге негіз болады. Қазіргі уақытта жүргізіліп отырған тиімділікті бағалау рәсімдерді (іс-шараларды) аяқтау нәтижелеріне негізделеді, ал тиімділікті жаңаша бағалау мақсаттарға қол жеткізуге және саясаттың әсерін бағалауды пайдалануды арттыруға бағдарланатын болады. ЭЫДҰ стратегиялық жоспарлау рөлінің маңыздылығына, атап айтқанда ЭЫДҰ-ға мүше елдердің практикаларын негізге ала отырып, нақты мәнмәтінге бейімделген қазақстандық әсер ету мен белгісіздік факторларын бағалау жөніндегі басшылық саясатын жасауға әсер ететін болады. Басшылық қағидаттарында стратегиялық мақсаттарды, тиімділік индикаторларын және министрліктер мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу процесінде тәуекелдерді басқару туралы ережелерді қарау үшін негіз ұсынылатын болады.

      Нәтиже:

      Толық күйде саясат нәтижелерін және тұрлаусыздықты анықтау және бағалауға бағытталған тәуекелдерді бағалау жөніндегі нұсқама.

      ІІ. Министрліктердің стратегиялық жоспарларында Тәуекелдерді бағалау жөніндегі нұсқаманы қолдану бойынша тәуекелдерді бағалау жөнінде ережелер әзірлеу.

      Бұл іс-шара Тәуекелдерді бағалау жөніндегі нұсқаманы (әзірлеу бойынша ұсыныс жоғарыда В.І.) қолдануды, министрліктердің стратегиялық жоспарларына және тәуекелдерді басқаруға сәйкес келетін нұсқаларды әзірлеуге әсер ететін негізгі факторларға назар аударуды қамтитын болады. Талдау нәтижесі пилоттық министрліктердің стратегиялық бағдарламаларының тәуекелдерді басқару бөлімінде пайдаланылатын болады. Осындай пилоттық эксперименттердің бірі барынша жоғары деңгейдегі жоспарлау құжаттарына да қатысты болады, мысалы, ұзақ мерзімді даму бағдарламасы немесе мемлекеттік бағдарлама. Бұдан әрі жоба Үкіметтің тиісті органдарымен бірлесіп жүргізілетін болады.

      Нәтиже:

      Стратегиялық жоспарлардағы тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімдерді әзірлеу және бағалау жөніндегі әдіснама.

      1 пилоттық мемлекеттік органдағы тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімдер.

      III. Үкіметте және министрліктерде тәуекелдерді басқару саласындағы әлеуетті бағалау және тәуекелдерді басқарудың тиімді инфрақұрылымын әзірлеу.

      Бұл қадам Үкіметте және министрліктерде бағалауды енгізу мен үнемі өткізу әлеуетін бағалауға көмек көрсетуге бағытталған. Бағалау Үкімет үшін (министрліктердегі стратегиялық жоспарлау департаменттері, Үкіметте бақылауды жоспарлау) тәуекелдерді басқарудың тиімді инфрақұрылымын қалыптастыруға көмектесетін болады. Бұл инфрақұрылым мемлекеттік саясатта тәуекелдерді басқару ережелерін қолдануға және мониторингілеуге жауап беретін болады. Ақпарат (деректер) барлық министрліктер мен атқарушы органдарға жіберілетін сұхбаттар мен сауалнамалар арқылы жинақталатын болады.

      Нәтижелер:

      Барлық министрліктер мен орталық мемлекеттік органдарда әлеуетті бағалау.

      Салалық министрліктер мен орталық мемлекеттік органдарда тәуекелдерді басқару мен инфрақұрылымның ұсынылып отырған моделі.

      Министрліктерді зерттеуді бағалау мен ЭЫДҰ-ға мүше елдердегі қолданыстағы практиканың негізінде Үкіметте және министрліктерде тәуекелдерді басқарудың әлеуеті бойынша консультация.

      Барлық министрліктер мен мемлекеттік органдардың өкілдері үшін тәуекелдерді басқару саласындағы әлеуетті нығайту бойынша семинар.

      С. Бағдарламалар мен саясаттың тиімділігін бағалау үшін негіздер мен әлеуетті нығайту.

      2015 – 2016 жылдарға арналған елдік бағдарламаға қосылған басқару реформаларын бағалау бойынша ұсынымдарда саясатқа талдау жүргізу және олардың іс-шаралар тиімділігін бағалау үшін министрліктердің әлеуетін нығайту жолымен олардың дербестігін күшейту қажеттігі атап көрсетіледі.

      Саясат пен бағдарламалардың басымдықтарын тиімді айқындау және саясат нұсқаларының және түпкілікті саяси салдардың әлеуетті және нақты салдарын талдау үшін мемлекеттік қызметшілер арасында қажетті дағдыларды, құзыреттер мен талдамалық әлеуетті дамытуды одан әрі инвестициялау қажет. Бұл жұмыс министрліктерге барынша елеулі өкілеттіктерді бере отырып бағдарламаларды тиімді бағалау мен саясатты талдау және процесті қолдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі саясаттың қажетті жеке, ұйымдастырушылық және институционалдық мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталатын болады. Бұл ретте негізгі саяси басымдықтарды тиімді орындау қамтамасыз етіледі, бұл жекелеген мемлекеттік функцияларды, оның ішінде орталық деңгейде де, орталықсыздандыру бойынша және жекелеген министрліктердің мандаттарын орындау мүмкіндіктерін кеңейту үшін де, сондай-ақ Үкіметтің стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру және ұтымды ету жөніндегі ағымдағы күш-жігері бойынша Президент "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында белгілеген мақсаттарға сәйкес келеді. Бұдан басқа ұсынылып отырған жұмыс Үкіметтің барлық деңгейінде де, министрліктер деңгейінде де бағдарламалар мен саясаттың тиімділігін бағалау үшін саясат пен институционалдық негіздерді әзірлеу жөніндегі Үкіметтің күш-жігерін қолдайтын болады. Бұл жұмыс қандай саясат пен бағдарламалар қажетті әсерді бере алатынын, ал қандайы бере алмайтынын түсіну үшін саясат пен жоспарлау процесіне мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалау туралы талаптарды қосуды қолдайтын болады.

      Осы мақсатта мыналар ұсынылады:

      І. Саясатты және әсер етуді бағалаудың әдіснамалық базасын (нұсқаулығын) әзірлеу

      Іске асырудың алғашқы қадамы бағдарламалар мен саясаттың үлесін, нәтижелерін және ықтимал әсерін айқындау мен бағалау үшін ортақ әдіснама әзірлеу болып табылады. Әдіснама Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қатысы бар саясатты әзірлеудің әртүрлі саласын қамтып, саясатты және әсер етуді бағалау саласындағы істердің жай-күйін көрсететін әртүрлі құралдарды ұсынатын болады. ЭЫДҰ өзіне мүше елдер практикаларының негізінде саясатты бағалаудың әдіснамасын әзірлеуде көмек көрсетеді және Қазақстанда саясатты әзірлеудің нақты мәнмәтініне, оның ішінде стратегиялық жоспарлау рөлінің маңыздылығына қатысты бейімделеді. Бұл әдіснама жоғарыда ұсынылған тәуекелдерді басқарудың басшылық қағидаттарына сәйкес келетін болады.

      Нәтижелер:

      Саясатты бағалаудың және әсер етудің бағыттары;

      Бағалау мен әсер ету әдістері мен құралдары ықпалының әдіснамалық базасын әзірлеу;

      1 пилоттық салалық мемлекеттік органда саясатты және әсер етуді бағалау жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықты енгізуді практикалық қолдау.

      ІІ. Министрліктердің саясатты бағалау мен әсер етуді бағалау саласындағы әлеуетін бағалау

      Бұл іс-шара саясатты бағалауды енгізу мен үнемі жүргізу мүмкіндіктерін және бағдарламалар мен саясаттың тиімділігі мен пәрменділігіне қатысты саясат пен тұжырымдарды бағалауға бағытталатын болады. Бұл бағалау орталық мемлекеттік органдар үшін бағалаудың тиімді инфрақұрылымын жолға қоюға көмектеседі. Бұл ақпарат сұхбаттар және барлық министрліктер мен атқарушы билік органдарына жіберілген сауалнама парақтары арқылы жинақталатын болады.

      Нәтиже:

      Министрліктердің саясатты және әсер етуді бағалау саласындағы әлеуетін бағалау.

      ІІІ. Мемлекеттік органдарда саясатты және әсер етуді бағалау жүргізу тәртібін әзірлеу

      Әсерді бағалау практикасын жетілдірудегі соңғы қадам орталық мемлекеттік органдарда саясатты бағалаудың тиімді бағалау тәртібін әзірлеу болады. Осы тәртіп заңмен немесе басқа объективті факторлармен (жобалардың мөлшері сияқты) талап етілген жағдайларда, мемлекеттік органдарды хабардар ету үшін саясатты және әсер етуді бағалау жүргізуде негіз қалаушы болады.

      Нәтижелер:

      Мемлекеттік органдарда саясатты және әсер етуді бағалау жүргізу тәртібі;

      Барлық мемлекеттік органдардың өкілдері үшін саясатты және әсер етуді бағалау бойынша біліктілікті арттыру семинары.

      Д. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық трансформациясын қолдау.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін азайту және нарықта бәсекелестікті арттыру мақсатында 2016 – 2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары жүргізілуде. Жекешелендіру процесінде Үкімет екі сын-қатерге кез болды: біріншісі – бұл экономика секторларына мемлекеттің қатысу үлесін есептеу және жеткілікті қатысу дәрежесін айқындау проблемасы; екіншісі – жаңа жеке меншік иелерінің қызметін және Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау арқылы жекешелендіру тәуекелдері мен тиімділіктерін бағалау.

      І. Экономикаға мемлекеттің қатысу үлесі мен рөлін шектеуді қолдау. 2015 – 2016 жылдардағы елдік бағдарламаның мемлекеттік басқару бойынша 2016 жылғы есебінде көрсетілгендей, Жекешелендірудің кешенді жоспары мемлекеттің экономикадағы рөлін ұтымды трансформациялауға алып келеді, өйткені мемлекеттің қатысу мөлшері айтарлықтай қысқарады және оның рөлі трансформацияланатын болады. Атап айтқанда жекешелендірілген компаниялардың қоғамға ұсынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстардың елдің әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін маңыздылығын ескере отырып, олардың сапасын қамтамасыз ету мен арттыруды қоса алғанда, мемлекет қоғамдық көрсетілетін қызметтердің сақталуын қажет жерде қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие болады. Демек, мемлекетке мемлекеттік қатысудың нақты рөлі мен үлесін есептеуге көмектесетін әдістемені айқындау маңызды. Осы жағдайда ЖҚҚ, компания активтері, компания жұмысшыларының ЖІӨ-ге немесе басқа индикаторларға қатысты саны сияқты көрсеткіштердің арақатынасына негізделетін әдістеменің бірнеше нұсқасы бар. Бұдан басқа, экономиканың жекелеген секторларына бөлу арқылы мемлекеттің қатысуының "жеткіліктілік" деңгейін нақты айқындау қажет.

      Нәтижелер:

      Осыған ұқсас жекешелендіру процестерінен өткен ЭЫДҰ елдері тәжірибесінің негізінде мемлекеттің ел экономикасына қатысу үлесін және рөлін айқындау жөніндегі әдіснама;

      Экономикалық жағдайлары ұқсас ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі негізінде экономиканы секторларға бөлу арқылы мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейі мен сипаттамасын айқындау жөніндегі әдіснама.

      ІІ. Жекешелендіру тәуекелдерін басқаруды және мониторингілеуді қолдау.

      Жекешелендіру процесінде мемлекет пен жаңа жекеменшік компаниялар тәуекелдерге ұшырайды. Бұл тәуекелдер басқалардан бөлек жұмыс орындарын сақтауды, қызметтің кейбір түрлерінің жоғалуын, көрсетілетін қызметтер түрлері деңгейлерінің немесе сапасының қысқаруын немесе нашарлауын және т.б. қамтиды. Сондықтан жекешелендіру процестеріндегі тәуекелдерді басқарудың тиімді тетіктері негізгі құрамдауыш болып табылады.

      Бұдан басқа көп жағдайда мемлекет үшін жекешелендірілген компанияның тиімділігін қандай өлшемшарттар мен индикаторлардың (инвестициялар тарту, капиталды ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту, жалақыны өсіру және басқа) барабар көрсететін айқындау қиынға соғады. Осылайша, жаңа жекешелендірілген компаниялардың қызмет түрлерін сегменттеуді ескере отырып, олардың қызметін мониторингілеу үшін тетіктер мен өлшемшарттарды айқындау жекешелендіруден кейінгі процестің тиімділігі үшін маңызды болады.

      Сондай-ақ мемлекет тұтастай алғанда елдің ұлттық экономикасына жекешелендірудің макроэкономикалық және мультипликативтік әсерін қадағалауда маңызды рөл атқарады. Бұл мәселе әрбір жекешелендірілген компанияның елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне қосатын үлестерін айқындаудағы көмескілік пен күрделілік салдарынан аса қиынға соғып тұр.

      Нәтижелер:

      Мемлекет үшін жекешелендіру тәуекелдерін есептеу және төмендету тетіктерін әзірлеу;

      Жекешелендірілген компаниялардың қызмет түрлеріне сегменттеуді ескере отырып, олардың тиімділігін мониторингілеудің өлшемшарттары мен индикаторларын айқындау;

      Жекешелендірудің елдің ұлттық экономикасына макроэкономикалық әсерін есептеу жөніндегі әдіснаманы әзірлеу.

      E. Азаматтар мен бизнес үшін сот төрелігі көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігін жақсарту

      ЭЫДҰ-ның мемлекеттік сектордағы инновациялар саласындағы жұмыс нәтижелері мен сот төрелігі жүйесіндегі құқықтық көмекке қол жеткізуге сүйене отырып, ЭЫДҰ бірнеше кезеңдермен іске асырылуы мүмкін бірнеше сегменттерден тұратын көп деңгейлі тәсілдер арқылы Қазақстан реформаларының ілгерілеуіне ықпал ете алады. Төменде бірінші кезеңде жүзеге асыру үшін ұсынылған іс-шаралар берілген.

      І. Азаматтар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимыл саласын нығайту: әкімшілік сот төрелігінің рәсімдері

      Тиімді әкімшілік сот төрелігі және сот төрелігіне қолжетімділік тиісті басқару, сенімді инвестициялық ахуал, инклюзивті даму және заң үстемдігінің негізгі құрауыштары болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан сот төрелігі қызметіне азаматтар мен кәсіпкерлердің қолжетімділігін және сенімін көтеруге, сондай-ақ халықаралық стандарттар және қызмет нәтижелеріне сәйкес сот төрелігі қызметін көрсету сапасын арттыруға бағытталған ауқымды реформалар жүргізуде. 2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев "100 нақты қадам" Ұлт жоспары шеңберінде "заң үстемдігін қамтамасыз ету" бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Дегенмен елеулі жетістіктерге қарамастан, проблемалар бар.

      Әкімшілік сот төрелігі мемлекеттік органдарда жеке құқықтарды қорғауда маңызды рөл атқарады. 2010 – 2020 жылдарға арналған Қазақстандағы құқықтық саясаттың тұжырымдамасы қылмыстық және азаматтық сот төрелігімен қатар жұмыс істейтін әкімшілік әділетті құруды көздейді. Әкімшілік әділетте азаматтар мен мемлекет (лауазымды адамдар, мемлекеттік органдар және т.б.) арасындағы проблемаларға ерекше көңіл бөлінеді. Соттар жергілікті өзін-өзі басқару және атқарушы органдар арасындағы жанжалдарды да қарайды. Негізгі мақсат жеке мүдделі тараптар (іскерлік топтар, азаматтар) және мемлекеттік мекемелер (осы мекемелер арасында да) арасындағы дауларды шешудің тиімді тетіктерін қамтамасыз ету және мемлекеттік сектордың жұмысын жақсарту болып табылады. Соттар мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты дауларды да қарайды.

      Қазақстан Әкімшілік процестік кодекстің жобасын дайындау арқылы сот төрелігінің әкімшілік рәсімдерін реформалауға инвестиция салды. Қазақстанның әкімшілік әділетін ілгерілетуге көмек көрсету үшін Әкімшілік процестік кодекстің ағымдағы жобасын үздік халықаралық практикаға сәйкес келтіру мақсатында оны қарау үшін ЭЫДҰ Қазақстанға осы салада (Жоғарғы Сотты қоса алғанда, тиісті мүдделі тараптар арқылы) консультациялар беретін болады. Шолу саясат мәселелерін талқылаумен және саналы әкімшілік сот төрелігінің әртүрлі аспектілері бойынша тиісті халықаралық практика алмасумен сүйемелденетін болады.

      Нәтижелер:

      Әкімшілік процестік кодекс жобасын ЭЫДҰ-ның шолуы;

      ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің рәсімдік аспектілерді қоса алғанда, әкімшілік сот төрелігін жаңғыртудағы тәжірибесі қаралатын халықаралық семинар/дөңгелек үстел.

      ІІ. Дауларды реттеудің коммерциялық және инвестициялық тетіктерін нығайту

      Осы құрамдауыш Қазақстандағы дауларды реттеудің коммерциялық және инвестициялық тетіктерін бағалауға арналады. Бағалау тиімділікті өлшеу және қажеттіліктерді айқындау үшін коммерциялық қызметпен байланысты заңнаманы және көрсетілетін қызметтерді тереңдетілген талдауға негізделеді. Бағалау (1) ағымдағы ахуалды бағалауды және (2) бизнес үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз ететін құқықтық негіз әзірлеу бойынша ұсынымдарды көздейтін қос талдаудан тұрады.

      Нәтижелер:

      Қазақстандық бизнестің бағыттарын және заңдылығын талдау заңдық және құқықтық көрсетілетін қызметтердегі кемшіліктерді анықтауды талап етеді. Е.1. құрамдауышына негізделе отырып, ол атап айтқанда, бизнесті бастау және тіркеу, олардың күнделікті шаруашылық қызметі және өркендеуші экономиканы ынталандыру мақсатында инвесторларды қорғаумен байланысты заңнамалық негізге және институционалдық көрсетілетін қызметтерге бағытталады. Корпоративтік басқару, инвестициялар, әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік басқаруды жеңілдету мәселелері бойынша ЭЫДҰ-ның ауқымды жұмыстары негізінде ағымдағы коммерциялық және инвестициялық заңнаманы талдайтын бағалау. Бұл бағалау қазақстандық компаниялар үшін заң қажетсіз әкімшілік ауыртпалықтар тудыратын (күрделі немесе қажет емес рәсімдер, ресми құжаттарды ұсыну үшін негізсіз талаптар және т.б.) салаларды анықтауға бағытталады.

      Коммерциялық соттар көрсететін қызметтердің сапасын және бизнес пен инвестор тарапынан инвестициялық дауларды шешу тетіктерін шолу. Шолу кезінде рәсімнің ұзақтығына және сапасы, тәуелсіздік пен байланысқа әсер ететін коммерциялық дауларды шешудің аспектілері қаралады.

      Осы жұмыс нысаналы топтар және мүдделі тараптармен (мысалы, кәсіпорындар, инвесторлар, арбитрлер) кеңестерді, ЭЫДҰ-ның басқа мемлекеттеріндегі коммерциялық дауларды шешу бойынша озық практикаға негізделген салыстырмалы талдауды және коммерциялық заңдық көмектің және сот төрелігі қызметінің тетіктерін, шарттарын және кемшіліктерін көрсететін түпкілікті бағалауды қамтиды. Сондай-ақ коммерциялық және инвестициялық сот төрелігі қызметінің тиімділігі және басқарудың негізгі процестеріне қатысты ұсынымдар дайындалады. Бұдан басқа, ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы бастамалар, сондай-ақ төрелік шешімдерді орындауды қамтамасыз ету құрылымдары және рәсімдері қаралуы мүмкін.

      Бұл іс-шара 1 халықаралық семинармен/дөңгелек үстелмен сүйемелденетін болады, онда инклюзивті өсу үшін дауларды шешу тетіктері бойынша ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесі таныстырылатын болады.

      Талдамалы және имплементациялық қолдау Қазақстандағы мүдделі тараптар анықтаған қажеттіліктерге бейімделеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Президенттің "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын ілгерілету бойынша күш-жігеріне бағытталады. Осы шара мемлекеттік басқаруды нығайтуда ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер мен Қазақстан арасында елдердің тәсілдемелерімен және озық практика алмасу үшін платформа құру арқылы 2050 жылға қарай ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында Қазақстанға қолдау көрсетеді. Сонымен бірге бұл жұмыс анықталған салаларда және сарапшылық бағалауларда халықаралық сарапшылардың қатысуын қамтамасыз етеді және ұлттық және жергілікті деңгейлердегі мүдделі тараптармен серіктестікте жүзеге асырылады.

      Ұсынылып отырған талдау мен ұсынымдар да озық халықаралық практикаға жатқызылатын болады және басқару саласындағы реформалармен байланысты салыстырмалы деректер реформаларды жүзеге асыру бойынша ағымдағы қызметке қатысты жасалуы мүмкін жақсы жақтарды анықтайды және саясатқа қатысты нысаналы ұсынымдар береді.

      Жоспарлау:

      Жоба Гранттық келісімге қол қойылған күннен бастап 16 айлық кезең ішінде ұйымдастырылған миссиялар сериясы, құжаттарға шолулар, талдау және бағалау арқылы іске асырылады.

      2017 жылғы қыркүйектің басына жоспарланған миссияны бастауға және деректер жинауға байланысты 2017 жылғы 15 тамыздан бастап жұмсалған шығыстар осы Келісімде қамтылатын болады. Төменде болжамды кестеде көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін 2017 жылғы қыркүйек-қазанда нәтижелер дайындауды талап ететін, шешуші кезеңге қол жеткізуге қажетті ақпарат жинау мақсатында миссия 2017 жылғы қыркүйектің басына жоспарланған.

      Сипатталған іс-шаралар мынадай болжамды күнтізбелік жоспарға сәйкес аяқталатын болады:

Іс-шара

Болжамды күндер

Миссияның басталуы
Жол картасын имплементациялауды аяқтауды қоса алғанда, жүзеге асыру қызметі

2017 жылғы қыркүйек

B, C, D және E құрамдауыштары үшін деректер жинау

Екінші миссия
Қазақстанның Әкімшілік процестік кодексінің жобасын алдын ала бағалау (Е.1.құрамдауышы)

2017 жылғы қазан-қараша
 
 
 
 
 
 

ЭЫДҰ Еуразия апталығы

А құрамдауышы үшін деректер жинау

B, C және D құрамдауыштары үшін фактілерді белгілеу, құралдарды енгізу және әзірлеу бойынша консультациялар.
Мыналарды:
Экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін және сипатын айқындау әдіснамасын;
Мемлекеттік қатысу деңгейін және сипатын айқындау әдіснамасын қоса алғанда, D құрамдауышы үшін құралдар жобаларын талқылау.
Қазақстанның басқару және тәуекелдерді бағалау бойынша әлеуетін алдын ала бағалауды ұсыну (В құрамдауышы)

Үшінші миссия
Әкімшілік сот төрелігіне қол жеткізу жөніндегі халықаралық семинар – рәсімдік әкімшілік сот төрелігі мәселелері бойынша ЭЫДҰ елдерімен тәжірибе алмасу
Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік кодексінің жобасы бойынша ЭЫДҰ-ның түпкілікті бағалауын ұсыну
(Е.1. құрамдауышы)
E.2. құрамдауышын алдын ала бағалау – коммерциялық және инвестициялық даулар тетіктері
B және C құрамдауыштары үшін құралдардың алдын ала жобаларын ұсыну
Мыналарды:
Мемлекет үшін жекешелендіру тәуекелдерін есептеу және жеңілдету әдіснамасын;
Жекешелендірілген компаниялардың қызмет түрлеріне сегменттеуді ескере отырып, олардың тиімділігін мониторингілеудің өлшемшарттары мен көрсеткіштерін қоса алғанда, D құрамдауышы үшін құралдарды талқылау

2018 жылғы ақпан

Пилоттық өңірді бағалау және азаматтарды тартуды қоса алғанда, ашық Үкімет мәселелері
бойынша ЭЫДҰ озық практикасы туралы жергілікті және ұлттық деңгейде дөңгелек үстел өткізу (А құрамдауышы)

Мыналарға: а) азаматтарды тарту бойынша ұлттық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар үшін рәсімдерге; б) жергілікті қоғамдық кеңестердің жұмыс істеуіне (А құрамдауышы) қатысты Нұсқаулық қағидаттарын дайындауды талқылау

Төртінші миссия – Имплементациялар бойынша іс-шаралар және мүдделі тараптармен кездесулер

2018 жылғы сәуір

Тәуекел менеджменті бойынша семинар (В құрамдауышы)
Тәуекелдерді басқару бойынша қорытынды құралдарды беру (В құрамдауышы)
• Министрліктерде және орталық мемлекеттік органдарда әлеуетті бағалау.
• Тәуекелдерді бағалау жөніндегі нұсқаулық.
• Салалық министрліктер мен орталық мемлекеттік органдарда тәуекелдерді басқару мен инфрақұрылымның ұсынылатын моделі.
• Орталық Үкімет пен салалық министрліктерде тәуекелдерді басқарудың тиісті мүмкіндіктері бойынша ұсынымдар.
• Стратегиялық жоспарларда тәуекелдерді басқару бөлімдерін әзірлеу және бағалау нобайлары мен әдіснамасы.
• 1 пилоттық жағдайда тәуекелдерді басқару.

Саясатты және әсер етуді
бағалау құралдарын талқылау
(С құрамдауышы)


Мемлекеттік органдардың саясатты және әсер етуді бағалау саласындағы әлеуетін талдау жобасы (С құрамдауышы)

Бесінші миссия – іске асыру жөніндегі іс-шаралар және мүдделі тараптармен кездесулер

2018 жылғы маусым

Нысаналы ұсынымдарды қоса алғанда, пилоттық өңірді ашық Үкімет бойынша бағалауды ұсыну
Мыналарды: а) азаматтарды тарту бойынша ұлттық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар үшін рәсімдерді; б) Жергілікті қоғамдық кеңестердің жұмыс істеуінің басшылық қағидаттарын қоса алғанда, ұлттық және жергілікті деңгейлерде Қазақстан үшін ашық Үкімет бойынша ұсынымдарды іске асыру жөніндегі нұсқаманы іске қосу (А құрамдауышы)

Мыналарды:
• Саясатқа және әсер етуге бағалау жүргізу тәртібінің, сондай-ақ мүмкіндіктердің моделі
• Мемлекеттік органдардың саясатты және әсер етуді бағалау саласындағы әлеуетін бағалау
• Саясатты және әсер етуді бағалау бағыттары
• Бағалау мен әсер ету әдістері мен құралдары ықпалының әдіснамалық базасын әзірлеу (С құрамдауышы)
• 1 пилоттық мемлекеттік органда саясатты және әсер етуді бағалау жөніндегі әдіснамалық нұсқаулықты енгізуді практикалық қолдау
D құрамдауышы үшін қайта қаралған құралдарды талқылау

Қазақстандағы коммерциялық және инвестициялық даулар бойынша ЭЫДҰ-ның бағалау нәтижелерін ұсыну (Е.ІІ. құрамдауышы)

Алтыншы миссия (не Қазақстанға, не ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттерге) ЭЫДҰ-ға мүше елдерде инклюзивті өсу үшін дауларды шешу тетіктері туралы халықаралық ақпарат алмасу (Е.ІІ. құрамдауышы)

2018 жылғы маусым

Миссияны аяқтау – миссияны іске қосу, тұжырымдар мен келесі қадамдарды жоғары деңгейде талқылау

2018 жылғы қараша

Аға лауазымды тұлғалармен және мүдделі тараптармен кездесулер
ЭЫДҰ іске асыру құралдарын іске қосу және түпкілікті есептер

      Күтілетін нәтижелер:

      Осы жоба ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру үшін нақты құралдар және әдіснамалар беру арқылы Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен қатар жоба озық әдістермен алмасуды қолдау арқылы негізгі мемлекеттік қызметшілер және басқа тиісті мүдделі тараптар арасында әлеуетті өсіруге қолдау көрсетеді. Өз кезегінде, бұл әлеует тиімді, ашық және есеп беретін мемлекетті құру және енгізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің практикасы мен тәсілдерін одан әрі енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.


  Қазақстан Республикасының Үкіметі
  мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын
  іске асыру туралы гранттық келісімге
  2-қосымша

      Болжамды бюджет, евромен

Санат

Жалпы құны, еврода

Персонал

257 613

Операциялық шығыстар (АТ, жұмыс орны)

27 519

Консультанттар

108 000

ЭЫДҰ миссиясының құны

48 200

ЭЫДҰ сарапшылары бойынша миссия шығыстары

96 000

Өзге де шығыстар (түпкілікті бағалауды басып шығару (кемінде 50 дана), жұмыс құжаттарын аудару, ауызша аударма және т.б.)

40 833

Өзге де операциялық шығыстар

18 445

Грантты жүргізгені үшін ЭЫДҰ-ның әкімшілік алымдары

33 390

ЖАЛПЫ ТІКЕЛЕЙ ШЫҒЫНДАР

630 000


      Ескертпе: жалпы бюджет шегінде қала отырып, бір бап бойынша қаржының артық шығыны басқа бап бойынша үнемделген қаржы көзінен өтелуі мүмкін.


      ЭЫДҰ-ның шолуын дайындаумен байланысты шығындар сметада есепке алынады. Бұл смета мыналарды:

      Қазақстанның ресми адамдарының ұйымдасуын, жұмысын және сапарларын қаржыландыру;

      миссияның жұмысы барысында мемлекет ішіндегі логистикалық және ұйымдастырушылық шығындарды (тұру, Қазақстанға(-нан) ұшу, Қазақстанның ішіндегі ішкі ұшулар және ЭЫДҰ тобының тамақтануынан басқа – осының бәрі сметаға кіреді);

      іске қосуға қатысатын ЭЫДҰ қызметкерлері миссиясының шығыстарын, ілеспе аударма бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстанда жобаны іске қосуға арналған кез келген іс-шараның құнын (қарағаннан кейінгі таныстыру немесе конференциялар);

      Қазақстан өкілдерінің ЭЫДҰ отырыстарына іссапарларын (егер Қазақстанмен басқаша уағдаластықтарға қол жеткізілмеген болса);

      түпкілікті құжаттарды (бағалаулар, нұсқамалар, әдіснамалар), егер қажет болса, қазақ немесе орыс тілдеріне аударуды қамтымайтынын айта кету керек.

      Жоба ағылшын тілінде жүргізіледі. Зерттеудің нәтижелерін қатысушы тараптар талқылайды. ЭЫДҰ өз зерттеуінің нәтижелерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бөліседі.


  Қазақстан Республикасының Үкіметі
  мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Функционалдық шолуды іске асыруды қолдау" жобасын
  іске асыру туралы гранттық келісімге
  3-қосымша



      ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ ҮЛГІЛІК ЕСЕП

  ЭЫДҰ
  Экономикалық ынтымақтастық
  және даму ұйымы

      Сіздің деректемелеріңіз: донор және сілтеме: ХХХ

      Біздің деректемелер: ХХХ

      Сала: XXX

      Сілтеме: шығыстар саласының сипаты

      Жарнаның сомасы: XXX евро


      КК/АА/ЖЖ бастап КК/АА/ЖЖ дейінгі кезең


      Шығындардың атауы                                      Сома, евромен

      Персонал                                                       XXX

      Операциялық шығыстар (АТ, жұмыс орны)                       ХХХ

      Консультанттар                                                  XXX

      ЭЫДҰ миссиясының құны ХХХ

      ЭЫДҰ сарапшылары

      бойынша миссияның шығыстары ХХХ

      Өзге де шығыстар (басу, аудару)                             XXX

      Өзге де операциялық шығыстар

      ЭЫДҰ, грантты жүргізу үшін алым                                   XXX

      Шығыстар бойынша жиыны                                     XXX

      ЭЫДҰ ЭЫДҰ-ның бухгалтерлік бөлімінің
      Директоры
Шығындар саласы
басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады