1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Қостанай облысының коммуналдық меншігіне сыйға тарту шарты бойынша осы қаулыға қосымшада көрсетілген стратегиялық объектілерді иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 606 қаулысына қосымша |
"Қостанай халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілетін объектілерінің тізбесі
Р/с № | Атауы | Салынған жылы (пайдалануға берілгені, шығарылғаны) | Өлшем бірлігі |
Ауданы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жасанды ұшу-қону жолағы | 1968 | ш.м. | 120 000 |
2 | 1 бұру-жылжу жолы | 1968 | ш.м. | 3 872 |
3 | 2 бұру-жылжу жолы | 1968 | ш.м. | 4 356 |
4 | 3 бұру-жылжу жолы | 1968 | ш.м. | 2 904 |
5 | 4 бұру-жылжу жолы | 1968 | ш.м. | 7 261 |
6 | 5 бұру-жылжу жолы (магистральдық бұру-жылжу жолы) | 1968 | ш.м. | 36 250 |
7 | Тұрақ орындары | 1968 | ш.м. | 59 400 |
8 | Авиатехникалық-пайдалану бөлімінің газ алаңы (бұдан әрі – АТЭБГА) | 1968 | ш.м. | 11 160 |
9 | Шығару бұру-жылжу жолы және АТЭБГА алаңы | 1968 | ш.м. | 5 000 |
10 | Ұшатын ұшақтардың тұрағы | 1968 | ш.м. | 17 028 |
11 | АН-24 (№ 2 перрон) ұшақтары үшін перрон (асфальтталған) | 2002 | ш.м. | 51 435 |
12 | Периметрлік қоршау | 2010 | м | 13 088 |
13 | ЖСЖ-1 және ЖСЖ-2 трансформаторлық қосалқы станциялары | 1973 | дана | 2 |
14 | Жарық-сигналдық жабдығы | 1973 |
дана | 232 |